Абай өлеңдері Шираз қаласында оқылды
Қыр 04, 2019 22:41 Asia/Almaty
Қазақстанда келесі жылы тойланатын қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай басталған ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы Иранның Шираз қаласында жалғасын тапты.
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан Иранға туристік сапармен келген зейнеттегі қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы Нұрмақова Майра Шираз қаласына сапары барысында парсы поэзиясының әйгілі шайырлары Хафиз бен Сағдидің кесенелерін зиярат етіп, қазақтың ұлы ақыны Абайдың "Сегіз аяқ" және "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңдерін жатқа оқып, эстафетаны жалғастырды.
Тегтер