Қыр 24, 2019 22:16 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер 2

Бұл бағдарламада Құрандағы әйелдің жарқын бейнесін адамзат тарихындағы алғашқы әйел – Хауаның өмірі негізінде қарастырамыз.

Құран мен барлық илаһи діндер адамзаттың жер бетіндегі алғашқы құзырын ер мен әйел түрінде атайды. Яғни, жер бетіндегі адамзаттың тіршілігі Адам мен Хауа деген ер мен әйелден басталған. Бұл екі жаратылыс өмір бойы бірге болған. Осы бағдарламада Құрандағы әйелдің жарқын бейнесін адамзат тарихындағы алғашқы әйел Хауаның өмірі негізінде қарастырамыз.

Хауа – адамзаттың анасы әрі алғашқы әйел жаратылыс ретінде жоғары мәртебеге ие. Ол да өз заманының пайғамбары сияқты Алладан жолдау алған. Адамзат ұрпағы үшін ананың хақысына ие.  Сол себепті оны «Хауа», яғни «адамзаттың анасы» дейді. Құдай оны пәк жаратылыс, пәк әйел ретінде ерекше жаратты.

Хауаны шайтанның көрінетін мекені немесе Адамның алдануының факторы деп көрсететін кейбір Қасиетті кітаптардағы қолдан жасалған бұрмалаушылықтар мен ойдан шығарған оқиғаларға қайшы Құран оны жоғары дәреже мен деңгейге орналастырды. Құранның «Араф» сүресінің 189 аятында: «Ол сондай Алла, сендерді бір-ақ кісіден (Адамнан) жаратқан және оған тыныштығы үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан» дейді.

Құранның көзқарасы бойынша Хауа жоғары дәрежеге ие. Құдай оған арнап сөйлеген. Құранның ешқашан еш пайғамбарға жұбайымен бірге сөйлемегеніне, әрдайым пайғамбары мен оның қауымына ғана сөйлегеніне көңіл аудару керек.

Бәлкім, мұндай қатынастың сыры адамзат өмірінің жалғасуына себеп болатын жұптықпен байланысты болар.

Құдайдың Хауаға ерекше көңіл бөлгеніне назар аудару керек. Себебі Хауаны Адамның жаратылысын толықтыру мақсатында оның тыныштығы үшін жаратты. Құрандағы Адам мен Хауа хикаясы олардың адамдардың ата-анасы ретіндегі рөлі тұрғысынан өте қызық әрі маңызды.

Рақымды Құдай Адамды жаратқан кезде оған өз рухынан дем салып, илаһи барлық ғылымды үйретті. Барлық періштені оған сәжде жасауға бұйырды. Ібілістен басқаның бәрі мойынсұнды. Ібіліс өзін артық санағандықтан Алланың бұл бұйрығын қабылдамады.

Сол себепті Құдай Ібілісті жазалап, оны өзінің нығметінен мақұрым қалдырып, қуып жіберді.   

Адам мен Хауа жаратылған соң пейішке енген болатын. Құдай Адамға уәһи түсіріп: «Саған сыйлаған нығметті есіңде сақта. Себебі мен сені пәк болмыстан жаратып, өз ерік-жігеріммен сені басқалардан артық мақұлық етіп, өзі рухымнан дем салдым. Періштелерімді саған сәждеге жығылтып, өз ғылымымның нұрынан саған сәуле қостым. Уа, Адам! Ібілісті саған бола өзімнің рақымымнан мақұрым еттім. Менің бұйрығымнан жалтарған кезде оны лағынет еттім. Мәңгілік үй – жұмақ. Осы мәңгілік үйді сенің мекеніңе айналдырдым. «Күдіксіз сен жаннатта, аш-жалаңаш қалмайсың. (118) Сондай-ақ онда шөлдемейсің де күннің ыстығы өтпейді. (Таһа сүресі, 119 аят). Егер бұйрыққа бағынсаң, осы жұмақта мәңгілік қаласың. Бірақ егер маған бағынбасаң, сені бұл жерден шығарып, азаптаймын. Есіңде сақта! Мына Ібіліс – өзің мен жұбайыңның дұшпаны. Жұмақтан қуылмауың үшін оның азғыруынан сақ бол!»,-деді.

Бір Құдай Адам мен жұбайына өзінің нығметтерін толық қауіпсіздікте пайдалануға, қалаған жемістерін үзіп жеуге рұқсат берді. Тек барлық нығметтің арасынан бір ағаштың жемісін жемеуді сұрады. Құдай тыйым салынған ағашты нақты көрсетті.

Адам мен Хауаның ойында күдік пайда болмау үшін оларға әлгі ағашқа жақындамауды тағы ескертіп: «Және де: «Әй, Адам! Сен де жұбайың да жәннатта тұрыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік. («Бақара» сүресі, 35).

Адам мен Хауа өте кең және әдемі баққа еніп, қалаған нәрселерін пайдаланып, бақтың ағаштарының арасында серуендеп, солардың көлеңкесінде демалыпты.

Бақтың жемістерінен ләззат алып, армандарына жетіпті. Жұмақтың дәмді суынан ішіпті. Бақыт бұлағы ағып жатқандықтан бір-бірінің қасында бақытты болыпты. Бірақ ант ішкен, жұмақтан қуылған шайтан оларды іздеп келіп, Адам мен Хауаны азғыруға көшіп, жолдан тайдырып, олардың әдемі бақтан қуылуына себеп болады.

«Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,- деп дабыстады. («Араф» сүресі, 22 аят).

Адам мен Хауа тез арада өздерінің қателіктерін түсініп, оны түзетпек болып: «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді. (23)

Бір-біріңе дұшпан болған бойда жаннаттан түгел түсіңдер. Егер екеуің тарапымнан бір туралық келіп, кім тура жолыма ілессе, сонда ол адаспайды да машақат тартпайды. (Таһа сүресі, 123 аят)

Адам мен Хауаның өміріндегі ойландырарлық нәрсе ол екеуінің қуаныштар мен қиындықтарда да әрдайым бір-бірінің қасынан табылғанында. Барлық оқиғалар екеуіне бірдей қатысты болған. Бұл - Құрандағы әйел мен ерге деген әділ әрі дұрыс көзқарастың дәлелі.  

Құран Кәрім көптеген аяттарында әйелдер мен ерлерді бірдей білім алып, кемелдік жаққа шақырады. Кейбір аяттарда: «Мұсылман әйелдер мен мұсылман ерлер, иманды әйелдер мен иманды ерлер, Құдайдың мойынсұнған ерлері мен Құдайдың мойынсұнған әйелдері» дейді.  

Құран Кәрімнің көзқарасы бойынша әйел мен ер ақыл мен түсінік-пайымға ие. Ғибадаттың арқасында илаһи кемелдікке жетеді. Әйелдің жаратылысын ердің жаратылысынан бөлек санайтын кейбір діндердің философиялық мектептеріне қарсы Құран әйел мен ердің болмысын бірдей жаратылыс санап, «Ниса» сүресінің алғашқы аятында: «Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла (Т.) сендерді бақылаушы» дейді.

Хазірет Хауа хазірет Адамның тыныштығының мәйегі болған. Кейбір рауаяттар бойынша Құдай Адамды жұмаққа орналастырғанда Адамның ол жерде серігі болмаған. Сол себепті қапалы болған. Сондықтан Құдай соның қасында тыныштыққа бөлену үшін жұбай жаратқан.   

Джвади Амоли «Әйел сұлулық пен ұлылық айнасында» кітабында: «Құдай Адамды жаратқан соң Хауаны жаратты. Адам оның жаратылысынан хабардар болған соң Пәруәрдігерден: «Мейірімі мен көзқарасы менің достығыма себеп болған бұл кім?» деп сұрағанда Құдай: «Бұл – Хауа. Сенің қасыңда болып, сенің досыңа айналып, сенімен сөйлесіп, саған бағынғаның қалайсың ба?" деп сұрайды. Адам: «Иә! Көзім тіріде саған алғыс айтып өтемін» дейді. Құдай оған: «Онымен үйленуге менен рұқсат сұра» дейді. Адам: «Мен онымен үйленуге рұқсат сұраймын. Сенің ризашылығың неде?» деп сұрайды. Құдай: «Менің ризашылығым – менің дінімнің тағылымдарын оған үйретуіңде» дейді.

Ер мен әйелдің бір біріне деген ықыласы мен екеуінің бір-бірінің қасында тыныштыққа бөленуі – Құдай олардың арасында қалыптастырған махаббат пен рақымда.

Шын мәнінде Адам мен Хауаны жарату хикаясындағы көңіл аударарлық жайт отбасын құруға деген ынтада. Адамның Хауаға жақындығы мен көзқарасы олардың бір-бірімен үйірлесуіне себеп болды. Құдай да осы негізді олардың арасында байланыс орнау үшін негіз етіп қалыптастырды. Бұл рухани жақындық жыныстық шәһуаттан бұрын пайда болды. Осы жерден бастап үйленіп, отбасы құру қасиетті саналып, махаббат пен мейірімнің ошағына айналды.

Өкінішке орай, Батыста әйелдің болмысы мен кісілігінен ұсынылатын қасиеттер оның тек сыртқы ерекшеліктері мен материалды сипаттарының қырларымен шектеледі. Ислам әйелді оның адами бүкіл болмыс-бітімімен ресми түрде танып, оны отбасының жылы, қуанышқа толы ортасында ердің қасына орналастырды.  Сол себепті ислам діні отбасын ер мен әйелдің тыныштығының негізіне айналдырған.

Құдай «Рұм» сүресінің 21 аятында:

«Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар» деді.

 

 

Тегтер