Өндіріс серпілісі – дамудың негізі 2
Мемлекеттер даму үшін «дамудың жергілікті үлгісі» деп аталатын өзінің арнайы экономикалық ерекшеліктеріне ие орынды үлгіні қажет етеді.
Осы кезге дейін "Неліктен әлемнің кейбір елдері өндірістік экономиканы монополияға алып, әлемдік экономиканы шектеулі елдер басқарады?" деген тақырып туралы ойладыңыздар ма? Бүгінде әлемнің көптеген елдері тек тұтынушылар. Сондықтан бұл елдердің азаматтары елдерінің атауын әлемнің экономикалық алпауыттары тізімінде көру туралы армандайтын болар. Экономикалық мәселелердің кейбір эксперттері әлем елдері көбінің дамымау себебін өздерінің географиялық шекараларының ішіндегі өндіріс мүмкіндіктеріне немқұрайдылық танытуы санайды. Әр мемлекет дамуы үшін өзінің белгілі бір әлеуетіне ие. Мемлекеттер даму үшін дамудың жергілікті үлгісі деп аталатын арнайы экономикалық ерекшеліктеріне ие орынды үлгіні қажет етеді.
Экономикалық дамудың жергілікті үлгісі – әрбір қоғамның мәдениеті, құндылығы, саясаты мен экономикасының ерекшеліктеріне сай даму жолын реттеуі. Аятолла Хаменеидің айтуы бойынша, "Кейде белсенділер мен ойшылдар болмай, адам ел мәселелерін қолда бар күшімен бағдарлама жоспарлайды; басқа кезде адам жоғары мақсаттары мен жігері бар мыңдаған жастарға назар аударып, ел үшін бағдарлама жобалайды". Мемлекеттердің экономикалық әлеуеттері әртүрлі болғандықтан олардың экономикалық даму үлгісі бірдей бола алмайды.
Шамамен 10 жыл бұрын қарсыласу экономикасы ислам ресолюциясы жетекшісінің тарапынан Иранның экономикалық даму үлгісі ретінде баяндалды. Бұл саясат Батыстың Ислам революциясына қарсы экономикалық қысымдарына байланысты ұсынылды. Аятола Хаменеи қарсыласу экономикасы туралы: "Қарсыласу экономикасы – халыққа қысымдарға қарамастан дамып, алға ілгерілеуге мүмкіндік тудыратын экономика",- деді.
Ислам революциясының жеңісінен кейінгі қырық жыл бойы санкциялар Батыстың Ислам революциясына қарсы қолданылған саяси құралдардың бірі болды. Бұл құрал Иран халқына қарсы ғана қолданылмағанымен, Иран осы кезде санкциялардың ең үлкен нысанасы болып отыр. Бірінші Дүниежүзілік соғыс аяқталған соң үкіметтер экономикалық санкцияларды әлемдегі саяси мақсаттарына жету үшін пайдаланатын болды. Әлемдік экономикалық форум ұйымының мәліметі бойынша, АҚШ дүниежүзінің әртүрлі елдеріне қарсы шамамен 8000 санкция салып отыр. Иран – олардың ең үлкен нысанасы.
ИИР АҚШ-тың кең ауқымды санкцияларымен қарсыласу үшін "қарсыласу экономикасы" деп аталған жергілікті даму үлгісін жобалады. Қарсыласу экономикасы – негізінде АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранның даму және халықаралық экономикалық алпауыттардың біріне айналу механизмі. Бұл механизмге тіпті Батыс пен АҚШ-тың институттары да көңіл бөліп отыр. Америкалық "Монитор" институты қарсыласу экономикасы жөнінде: "Ирандағы қарсыласу экономикасы саясатының негізі – жергілікті әлеуетке сүйену. Иранның экономикасы дамыған экономикаға айналу әлеуетіне ие. Иран халықаралық деңгейде ең маңызды рөл атқаратын экономикаға қажет табиғи, адами және геополитикалық барлық мүмкіндікке ие",- деп мәлімдемді.
«Қарсыласу» деген сөздің көбінде даму жолындағы кедергілерді жою және даму жолындағы талпынысқа қолданылатынына назар аударып, "қарсыласу экономикасын» сәтсіздікке ұшырамайтын, белсенді әрі серпінді экономика" деп айтуға болады. Қарсыласу экономикасы жергілікті мүмкіндіктерге сүйеніп, қоқан-лоққы мен санкциялармен қарсыласып, дамуға жеткізеді. Бұл экономика көптеген ерекшеліктерге ие. Оның бірі халықтық болуында.
Қарсыласу экономикасы – халықтық экономика. Халықтық болуы Иранның экономикалық дамуының жергілікті үлгісінің маңызды әрі әсерлі факторы. Қарсыласу экономикасында шешім қабылдау мен экономикалық бағдарламаларды іске асыру үшін халықтық ұйымдардан пайдаланады. Ислам революциясы жеңісінен кейінгі сәтті тәжірибелердің бірі ауылдар мен мақұрым аймақтарды көркейту мен дамыту саласында құрылған халық ұйымдарының белсенділігі болды. Бұл революцияшыл орган исламдық басқаруымен революцияның жеңісінен кейінгі 10 жылдың ішінде елдің мақұрым аймақтарының экономикалық мәселелерінің қомақты бөлімін шеше алды. Келесі сәтті үлгі Иранның өндіріс пен технология салаларындағы қажеттіліктерінің маңызды бөлімін қамтамасыз еткен университеттік жиһад болды. Бұл сәтті тәжірибелерді барлық экономикалық салаларға тарату және экономикалық шешімдер қабылдау саласындағы халықтың рөлін арттыру Иранның экономикалық дамуының жергілікті үлгісі үшін қажет.
Қарсыласу экономикасының басқа елдердің даму үлгілерімен салыстырғандағы келесі бір ерекшелігі экономикалық белсенділіктің мотивациясында. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда экономикалық белсенділіктің ортақ мотиві – адамның жеке мүддесі. Бірақ қарсыласу экономикасында басқа да себептер, мысалы рухани және діни себептер адамдарды экономикалық қызметке итермелейді. Ғасырлар бойы Иран халқы діни негіздер мен наным-сенімдерге сүйеніп, тәрбиеленіп, өмір сүріп келеді. Исламдық мәдениетте еңбек пен талпыныс Алланың жолындағы жиһад сынды маңызды әрі қасиетті саналады. Көптеген аяттар мен исламдық рауаяттар бұл істің маңыздылығына тоқталып, оны ең жақсы ғибадат және адамның ғиззаты, иманы, ақылы мен кемелдігіне және нәтижесінде мұсылмандардың ақыретте бақытты болуына себеп болады деп көрсетті.
Қарсыласу экономикасы қоғамның экономикасын әділет пен рухниятқа және қоғамның материалдық дамуына қарай жігерлендіреді. Қарсыласу экономикасы саясаты өндіріс үшін жергілікті мүмкіндіктерді пайдалануға негізделді. Қарсыласу экономика басқаларға тәуелді болуды азайтып, жергілікті өндіріске сүйенуге жігерлендіреді. Иран дамуының жергілікті үлгісі Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, жергілікті әлеуетке сүйенген және экспортты арттыратын экономика болып табылады. Кәсіпкерлер мен өндірушілер қоғамға қажет тауарлар мен қызметтерді жеткізу үшін ішкі күш пен капиталға сүйенеді, ал шығарылатын өнімдердің саны мен сапасын жақсарту үшін экспорттық нарықтарды қарастырады. Айта кететін жайт, экономиканың ішкі даму себептерінің бірі елдің экспорты саналады. Экспорт көлемінің жоғары болуы мен импорттың қажет көлемде болуы бір экономикалық алапуыт елдің сауда айналымының сәтті факторы. Сондықтан қарсыласу экономикасында өндірісті арттырып, дамыту, стратегиялық тәуелділікті азайту, басқа елдермен арадағы сауда айналымын арттыру қарастырылады. Егер халықаралық саяси экономика тарихы мен әдебиетінен «ішкі өндіріс күші» деген түсінікті іздейтін болсақ, ішкі өндірістің халықаралық ойыншыларды әлемдік экономикалық құдыреттерге айналдырған барлық ұстанымдардың орталығы екенін түсінеміз. Кембридж университетінің профессоры және даму саясатының маманы Ха Джун Чангтың айтуынша, отандық өндірісті қолдау Ұлыбритания және АҚШ сияқты елдердің экономикасының өсуіне ықпал етеді. сонымен бірге халықаралық бәсекелестердің өндіріс құдыретін әлсірету халықаралық экономикалық даулардың басты мәселесі. Ол 2002 жылы жарық көрген кітабында: «Өндірісі дамыған бүкіл елдер даму үшін жергілікті өндірісті қолдап, басқаларды бұл саясаттан алыстатуға талпынды»,- деп жазды. Өндіріс серпілісі Иранның экономикалық дамуының жергілікті үлгісі мен қарсыласу экономикасында маңызды рөл атқарады. Аятолла Хаменеидің өндірістің маңыздылығы және оның елдің экономикалық дамуындағы рөліне назар аударуы әртүрлі баяндамалары мен әр жылды атауынан анық байқалады. Өндірісті арттыру тақырыбына байланысты ауылшаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдері, инженерлік қызметтер, фармацевтика және медициналық техника, білім мен ақпарат өндірісі, бағдарламалық өнімдер және басқалар жетістіктерге тоқталуға болады. Бұл өнімдер ұлттық байлық пен ұлттық өндірістің мүддесіне болады. Сондай-ақ, инновация мен өнертабыстың арқасында өндіріске серпіліс беруге болады. Қарсыласу экономикасында іргелі ғылымға негізделген компанияларға назар аудару, бұл компанияларға инвестиция салу және өнертапқыштар мен жаңашылдарға материалдық және рухани қолдау көрсету жұмыстың басты бағыттарының бірі. Дамыған елдер нарықта қалуын күн сайын, тіпті сағат сайын жаңа тауарлармен қамтамасыз етумен байланыстырып отырған әлемде іргелі ғылымға негізделген компаниялар Иран экономикасын алға жылжытуда маңызды рөл атқара алады.