Қар 05, 2019 14:34 Asia/Almaty

Дамыған елдердегі әлеуметтік келеңсіздіктердің бірі – күйзеліс дерті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны "үнсіз эпидемия" деп атады. "Батыстың өмір салты" атты бағдарламамыздың бүгінгі бөлімін осы тақырыпқа арнаймыз.

Ислам революциясы жетекшісінің "Революцияның екінші қадамы" атты баяндамасы ИИР жүйесінің жаңа исламдық өркениет құруға бағытталған жол картасын сипаттап берді. Аятолла Хаменеи жаңа исламдық өркениет құру үшін адамның өмір салтына көңіл бөлу қажет деп санайды. Ол Батыс ойшылдары мен зерттеушілерінің сараптамаларына сүйеніп, Батыстағы әлеуметтік дағдарыстар туралы: "Бүгінде Батыс өркениеті ауытқуға душар болып, шынымен құлдырап барады",-деп ашық айтты. Сондықтан  "Революцияның екінші қадамы" атты баяндамада жастардан Батыс қоғамы мен оның әлеуметтік келеңсіздіктеріне қырағылық және сын көзбен қарап, осы қоғамның көлеңкелі тұстарын әлем халықтарына көрсетуге шақырды. Бұл қоғамдардағы әлеуметтік келеңсіздіктердің бірі – күйзеліс дерті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны "үнсіз эпидемия" деп атады.

 

Күйзеліс дерті – заманауи әлемдегі ең көп таралған психикалық аурулардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2017 жылы "Күйзеліс: кел, сөйлесейік!" атты ұранмен  бұл дертті Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнінің негізгі тақырыбы етіп алды. Осы ұйымның есептері бойынша, көбінеcе Батыс қоғамдарында тұратын әлемдегі 300 млн-нан астам адам күйзеліс дертіне шалдыққан. Олардың саны соңғы он жылда (2005-2015ж.ж.) 18 пайызға өскен. Осы ұйымның есептеулері бойынша, күйзеліс дертінің салдарларымен күресудің шығыны жылына 1 трлн долларды құрайды.

Алдағы бірнеше онжылдықта адамзат баласының ең үлкен түйткіліне айналатын осы психикалық ауытқушылықтың себебі әртүрлі елде әрқилы. Даму үстіндегі елдерде адамдар көбінесе соғыс, экономикалық қиындықтар, әлеуметтік теңсіздіктерге байланысты күйзеліске ұшырайды. Қоғамтанушылар мен психологтардың айтуынша, дамыған елдердегі өмір салты адамдардың күйзеліске ұшырауына себеп болып отыр.

Индустриалды өмірдің салдарлары, соның ішінде халқы көп шулы орталарда болу, ұдайы қобалжу, қоршаған ортаның ластығы және алкогольді үнемі ішу күйзеліс сияқты психикалық ауытқушылықтардың пайда болуына әсер ететін факторлардың қатарына жатады. Әлеуметтік қатынастардың азаюы – күйзеліс дертінің пайда болу себептерінің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2017 жылға арналған ұранына сәйкес осы дертке көбірек көңіл бөлінді.

 

Бүгінде Батыста оқшаулану және әлеуметтік қатынастардың азаюы адамдар арасында өмір салты ретінде қабылданып, белең алып келеді. Мысалы, көптеген жанұялар көпқабатты үйлерде бір-бірінің аты-жөнін білместен қатар өмір сүреді. Қоғамдық көліктерде қатынаған кезде адамдар жансыз роботтар сияқты отырады. Олардың айналасында ешкім жоқ секілді. Заманауи байланыс құралдары адамдардың дыбыстық және мәтіндік жолдаулар арқылы оңай байланыс орнатуына септігін тигізді, бірақ бұл байланыстарда сезім жоқ. Сезімдер тек бетпе-бет сөйлескенде ғана сезіледі. Мұндай құралдар адамдардың сезімдерін бір-біріне жеткізуде қауқарсыз. Көптеген адамдар күні бойы зауыттар, компаниялар, кеңселерде шаршататын бірсарынды істермен  айналысады. Үйлеріне барған кезде шаршағандықтан жанұя мүшелерімен эмоционалды қатынас орнатуға зауқы соқпайды.

"Күйзеліс емделеді" атты кітаптың авторы психолог Стефан Илдаридің пайымдауынша, Батыс қоғамындағы күннен күнге артып бара жатқан күйзеліс табиғи ауру емес, индустриалды өмір салтының салдары. Илдари оның себебін Батыста қалыптасқан өмір салтының адамдардың гендік немесе табиғи құрылымымен сәйкессіздігі санайды.

Оның айтуынша, күйзеліс – ұзақ қобалжудың салдары. Ми ұзақ мерзімді қобалжуға осылай жауап береді. Батыс әлеміндегі көптеген адамдардың қиындығы олардың қобалжу күйлерінің үздіксіздігінде. Бұл өте қауіпті жағдай. Ұдайы қобалжып өмір сүру – Батыстағы заманауи әлемде көптеген адамдардың басынан өтіп жатқан жағдай. Бұл ұйқысыздыққа, мидің зақымдануына, иммундық жүйенің бұзылуы мен қабынуға соқтыруы мүмкін...". Бұл психолог күйзеліс ауруын қобалжу немесе күйзеліске қарсы дәрі ішумен емес, батыстық өмір салтын өзгертумен емдеуге болады деп есептейді.

 

Ғалымдардың зерттеулері бойынша, 8 сағаттан аз ұйықтау қобалжудың туындауына, ақырында күйзелістің пайда болуымен тікелей байланысты. АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметі бойынша, жылына кемінде 80 млн америкалық ұйқысыздық ауруына шалдығады. Бұл мәселе олардың көбінің, соның ішінде әйелдердің күйзеліске ұшырауына себеп болады. АҚШ-тың Иллинойс университетінде жүргізілген зерттеуге сәйкес, бұл ел халқының үштен бірі күйзеліске ұшырау қатерін айтарлықтай деңгейде арттыратын дәрілерді пайдаланады. Статистикалық мәліметтер, сондай-ақ, АҚШ халқының кемінде 25 пайызының күніне  күйзеліске ұшыратуы мүмкін дәрілердің 3 түрін пайдаланатынын көрсетеді.  

Дамыған елдердің арасында АҚШ пен Ұлыбритания қоғамдарында басқа елдердің халықтарынан көбірек күйзеліс ауруы байқалады. АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл елде жылына 56 млн адам қобалжу мен күйзеліске ұшырайды. "Жалғыздықты тоқтату"  сияқты кампаниялар өткізу немесе Ұлыбританияда Жалғыздар министрін тағайындау бұл елде осы қоғамдық қиындықпен күресуге бағытталған талпыныс болып табылады.

Ұлыбританиядағы жаңа зерттеулер көрсеткендей, бұл елдегі күйзеліс деңгейі жоғары. Елдегі 54 млн тұрғынның 20 млн адамы күйзеліске шалдыққан. "S-Stentive" мамандандырылған мағлұматтар сараптау компаниясының директоры Джуди Адрид ханым: "Бұл статистикалық мәліметтердің дұрыстығын растаймыз. Бұдан да көп болуы мүмкін, өйткені көптеген адамдар көмек алу үшін дәрігерлерге бармайды",-деді.

2016 жылы Ұлыбританияда күйзеліске қарсы 64 млн-нан аса нұсқа жазылған. Бұл статистика өткен 10 жылмен салыстырғанда 100 пайыздық өсуді көрсетеді. Статистикалық мәлімет бойынша, Ұлыбритания әлеуметтік және экономикалық мәселелер, соның ішінде жұмыстағы келеңсіздіктер мен балаларды жыныстық қорлауға байланысты Батыс әлеміндегі дамыған елдер арасында күйзеліске ұшыраған адамдар саны бойынша алдыңғы қатарда. Кембридж университетінің психология бөлімінің статистикалық мәліметі бойынша, Ұлыбританиядағы ересек адамдардың үштен екісі қобалжу мен күйзеліс сияқты адам рухы мен психикасына қатысты қиындықтарды бастан өткереді.

 

 

Осыдан жиырма жыл бұрын дәрігерлер күйзелісті ересек адамдардың ауруы санаған. Бірақ бүгінде Батыс елдеріндегі статистика балалар мен жеткіншектер арасында күйзелістің көбейгенін көрсетеді. Ұлыбританияның балаларды қолдау ұйымының хабарлауынша, 2015-2016 жылдары балалар мен жеткіншектер арасындағы қобалжуды емдеу үшін 12 мыңнан аса кеңес берілген. Бұл сан 2017-2018 жылдары шамамен 2 есе артып, 21 мыңнан аса кеңес берілген. Кеңестердің 88 пайызы қыз балаларды емдеуге арналған.

Статистикалық мәлімет бойынша, тіпті БҰҰ мен Даму және экономикалық ынтымақтастық ұйымының сауалнамаларында әрдайым әлемнің ең бақытты елдерінің бірі ретінде танылатын Солтүстік Еуропа елдері жастар мен әйелдер арасында күйзеліс пен жалғыздықтың арту үдерісіне ұшырап отыр. Жүргізілген зерттеулер бойынша, күйзеліс, қобалжу, өзін-өзі іштей жеу, күйзеліске қарсы дәрілерді қолдану еуропалық жастардың психикалық денсаулығында кең таралған қиындықтардың қатарына жатады.

Копенгагендегі "Бақыт" зерттеу институтының есебі бойынша, Солтүстік Еуропа елдері халқының 12 пайыздан астамы өз өмірлерінде бақыт сезінбейтіні былай тұрсын, азап шегіп жүрген көрінеді. Бұл сан 18-23 жастағы балалар арасында 13 пайыздан асқан. Дания мен Швеция елдерінде психикалық аурулардан ерлерге қарағанда әйелдер көбірек зардап шегеді. Норвегияда 5 жылдық бір кезеңде жастардың психикалық ауруларымен күрес үдерісі 40 пайызға артты. Тіпті 2018 жылы әлемдегі ең бақытты ел атанған Финляндияда да осындай дерт қатты байқалды. Бұл елде 15-24 жастағылар арасындағы өлімнің үштен бірі өз-өзіне қол жұмсаудан болады. Солтүстік Еуропа елдерінде жастардан басқа жасы 80-ге келген қарт адамдар да өмірде жалғыздық пен физикалық қиындықтарына байланысты ауыртпашылық сезінеді.  

 

Осы есепті жазушылардың бірі Майкл Биркджидің пайымдауынша, батыстық жастары арасында қобалжу мен жалғыздық деңгейі артып келеді. Тіпті өткен жылдармен салыстырғанда қатты артып кеткен. Осы мәселе жастардың психикалық ауруларға шалдығып, олардың өмірінде қиыншылықтардың туындауына себеп болып отыр. Жазушының айтуы бойынша, жалғыздық пен одан туындайтын психикалық аурулар еуропалық жастар арасында "эпидемиялық психикалық дертке" айналған.    

 

  

Тегтер