Ақп 18, 2020 19:51 Asia/Almaty

Шағын бизнес жұмыспен қамту және өндірісті ұлғайту мен экспортқа қолайлы жағдай туғызуға маңызды рөл атқарады. Көптеген елдерде шағын және орта кәсіпорындар көптеген азаматтарды орналастыруға және мамандандырылған жұмыс күшін дайындауға маңызды үлес қосады.

Экономистер өнеркәсіпті экономиканы алға ілгерлететін мотор және елдің экономикалық дамуының негізгі факторы деп санайды. Өнеркәсіптің түрлілігі басқа экономикалық бөлімдермен салыстырғанда көбірек. Бұл сектор қосымша құнмен бірге тұрақты жұмыс орындар ашуға әкеледі. Сондай-ақ бұл сектордың өндіріс, тұтыну, инвестиция, жұмыспен қамту және экспортқа  айтарлықтай әсері оның ұлттық даму процесінде басты рөлін көрсетеді. Кеніштер, зауыттар, ғимараттар мен энергетика өнеркәсіптің негізгі салалары болып табылады.

Өнеркәсіп - экономиканың моторы

Өнеркәсіп үшін көптеген анықтамалар берілді. Кейбіреулер өнеркәсіпті шикізат, капитал, жұмыс күші, энергетика, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы адам мен адамзат қоғамы қажеттіліктерін қанағаттандыратын іс-шаралар жиынтығы ретінде қарастырады. Басқалар өнеркәсіпті азырақ ресустарды пайдаланып, тиімділік пен өнімділікті арттыруға бағытталған күш деп біледі.  Серпін мен инновация - бұл саланың ерекшеліктерінің бірі.

Иранда бүгінгі таңдағы өнеркәсіп түсінігінің алғашқы белгілері  әлемдегі машина жасау саласының кеңеюімен тұспа-тұс байқалды. Алғашқы зауыт, иіру фабрикасы хиджра күнтізбесінің 1275 жылы Теһран қаласына жақын жерде өз жұмысын бастады. Сол тарихи кезеңде өнеркәсіп жеке ішкі өнімнің аз ғана үлесіне ие болды. Уақыт өте келе, отандық өнеркәсіпті қолдау үшін көптеген заңдар қабылданды. Бірақ әртүрлі екі дүниежүзілік соғыс сынды халықаралық дағдарыстар кезінде өндіріс салалары тоқырауға тірелді. 1320  жылдардың екінші жартысында елдің даму жоспарларының басталуымен ел экономикасындағы өнеркәсіп пен кен үлесі өсті. 1950 жылы наурыз айында мұнай өнеркәсібінің ұлттандырылуымен елде индустриялық дамудың жаңа кезеңі басталды. Инфрақұрылымға, мұнай-химия, құрастыру және жеңіл өнеркәсіпке инвестиция салу басталып, он жылдан кейін  1960 жылдарда  өнеркәсіп экономикалық дамудың негізгі құралына айналды. Өкінішке орай, әртүрлі себептермен, әсіресе мұнайдан түсетін кірістін шамадан тыс артуына байланысты, елдің индустриалды даму бағдарламасының мақсаттары тұйыққа тірелді. Сондықтан базалық өндірістердің қалыптасуына қарамастан, Иранның Пехлеви режимінің соңына , яғни 1979 жылға дейін бұл ел индустриалды ел саналмады және тіпті индустрияландыру жолына да түспеді. Сол күнгі Иран экономикасының ең жақсы сипаттамасын Иран халқының жауларының қазіргі сөздерінен көруге болады. Иранның дұшпандары экономикалық санкциялар мен мейілінше қысым көрсету арқылы елді Ислам революциясына дейінгі  жағдайға қайтаруға талпынуда. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің «Hard Choices» деген естелік кітабында: «Біз Иранда билік басына мұнай сатып, тауарларын импорттайтын үкіметтің келуін қаладық»,- деп жазды. Ислам революциясының жеңісімен Иран өнеркәсібі тәуелсіз жолға түсті. Революцияға дейін Иранда өнеркәсіп шетелдік мамандармен салынып, пайдасын олар көрген. Революцияның жеңіске жетуінің басынан мұнай-химия, аэроғарыш, электрлік және электронды, телекоммуникация, қорытпа, білімге негізделген және жоғары технологиялық өндірістің барлық түрлері жергілікті маман күштерімен қалыптасты және осы кезге дейін өз жұмыстарының кеңеюімен алға ілгерлеп, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Сондай-ақ, ол елдің әртүрлі салаларындағы дарындылықты дамытуға жағдай жасалды. Осылайша, 2017 жылы өнеркәсіптің Иранның ЖІӨ-де үлесі 40% жетті.

Өнеркәсіптің өсуі саласында жасалынған істердің бірі шағын және орта өндірістерді қолдау болды. Шағын өндірістердің сипаттамасы олардың икемді және өндірістік ортадағы өзгерістерге бейімделуі, қысқа мерзімде дұрыс қосылған құнды құруы және экономикалық өсу қарқынын арттыруы болып табылады. Қызметкерлер саны, капитал мөлшері, активтердің жалпы көлемі, өткізу көлемі және өндіріс қуаттылығы - шағын және орта өнеркәсіпке әртүрлі анықтама берілуіне себеп болатын факторлар. Экономикалық және саяси жоспарлаушылардың шағын кәсіпкерлікті қолдау және ынталандыру мақсаты  кедейлікті төмендету, халықтың тұрмысын жақсарту, әлеуметтік әділеттілік пен аймақтық тепе-теңдік орнату, сондай-ақ экономикалық тәуелсіздікке ие болу болды. Бұл сектор елдерге кәсіпкерлік, инновация, өндіріс пен жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Иранда, көптеген елдердегідей, шағын және орта бизнесті құру және қолдау елдің экономикалық даму бағдарламасының басты бағыттарының бірі болып табылады. Елдің өндірістік бөлімшелерінің 2 пайыздан астамы - шағын өнеркәсіптер. Статистикаға сәйкес елдегі 40 мыңнан астам өндірістік бірлестіктерде миллионнан астам адам жұмыс істейді.

Шағын және орта өнеркәсіптің Иран экономикасындағы маңызы 1960 жылдары Шағын өнеркәсіп ұйымының құрылуынан басталды. Иранның Шағын өнеркәсіп және өнеркәсіптік ұйымы аймақтық және жаһандық өзгерістер аясында пайда болған мүмкіндіктерді пайдалануға талпынуда. Осыған байланысты, ұйым өнеркәсіптік елді мекендер кешеніне отандық және шетелдік инвесторлардың инвестиция салуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, ел экономикасында анағұрлым маңызды болуға тырысады. Шағын бизнес ұйымының басқа қызметі - бизнес кластерлерді құру. Кластерлер - бұл «географиялық фокус», «салалық бағыт», «серіктестік» және «қиындықтар мен мүмкіндіктер» сипаттамаларына ие бизнес-құрылымдар жиынтығы. Бизнес кластерлері - шағын және орта өндірістерді ұйымдастырудың сәтті үлгілерінің бірі, олар осы салалардың кемшіліктерін шешіп, икемділік пен әртүрлілік сияқты әртүрлі артықшылықтарын күшейтеді. Иранда 400-ден астам өнеркәсіптік кластерлер жұмыс істейді. Ирандағы сәтті өнеркәсіптік кластерлердің ішінде Хамадан облысындағы Лалджин керамикалық кластерін атап өтуге болады. Хамеданның Лалджин керамикалық кластері - Иранның қыш астанасы орталығында орналасқан ұлттық кластерді дамыту жобаларының бірі. Лалджин қышының 700 жылдық тарихқа ие, сондықтан бұл қала Иранның қыш ыдыстарының астанасына айналады. Бұл қалада  керамика шығаратын 700 үлкен және кіші шеберхана орналасқан.

Хамеданның Лалджин керамикалық кластерінің құрамына сәндік, ас үй және сантехникалық керамика бұйымдарының ірі өндірушілері, гүл мен түрлі түсті бояу, сондай-ақ  қажет құралдар мен жабдықтар шығаратын бірліктер    жергілікті дүкендер, экспорттаушылар, қыш пен керамика оқу орталығы кіреді. Лалджинде қолданылатын ыдыстар, сәндік және көркемөнер бұйымдар, мүсіндер, жылтыратылған, боялған және боялмаған керамика, былғары, мата, гүл жасалып, халыққа ұсынылады.  Лалджин қыштары 2008 жылы экспортталатын болды.    

 

Тегтер