Ақп 18, 2020 22:39 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (33)

Астма ауруын емдеу. Иран тарихында қол жеткізілген жетістіктер көп. Олардың барлығы Ислам революциясынан кейінгі 40 жылда орын алды.

Әлем тұрғындарының 4 пайыздан астамы астма ауруына шалдыққан. Х.ш.ж.с.б. 1389 жылы АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы астманы емдеудің жаңа тәсілін бекітті. Оны бронхиалды термопластика деп атайды.  Бұл тәсілде дәрі қолданылмайды. Жылу арқылы науқас адамның тыныс жолдары ашылып, өзгертіліп, кеңінен ауа жұтуға мүмкіндік беріледі. Алайда емдеудің бұл түріне арнайы мамандық керек болғандықтан, әлемнің кез-келген жерінде қолдану мүмкін емес. Бронхиалды термопластика – астманы түбегейлі жеңудің басты жолы. х.ш.ж.с.б. 1396 жылдың 18 хордадында Иранның "Масих Данешвари" ауруханасында елдің тыныс жолдары мамандандарының қатысуымен алғаш рет бронхиалды термопластикамен емдеу сәтті жүзеге асырылды. Бұл жетістік елдің түкпір-түкпірінде  астманы түбегейлі емдеудің алғашқы қадамы болды.

 

Тегтер