Иранның жетістіктері (37)
20 жасқа дейінгілер арасындағы әлемдік шахмат чемпионаты. Иран тарихында қол жеткізілген жетістіктер көп. Олардың барлығы Ислам революциясынан кейінгі 40 жылда орын алды.
20 жасқа дейінгілер арасындағы шахмат чемпионаты – ерекше бір жарыс. Оны Junior немесе балалар мен жасөспірімдер чемпионаты деп атайды. Бұл чемпионаттың алғашқы кезеңі х.ш.ж.с.б. 1330 жылы Ұлыбританияда өтті. Әлемдік деңгейде қыздар және ұлдар арасында 67 жыл бойы өткізіліп келе жатқан бұл чемпионатта тәртіп бойынша орыстар, қытайлар, үнділер ең көп медаль алды. Иранның бұл чемпионатта ешқандай үлесі болмады. Ел ішінде дарынды шахматшылардың болғанына қарамастан, Иран тек х.ш.ж.с.б. 1397 жылы (2018 жылы) 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлемдік шахмат чемпионатында алғаш рет жеңімпаз атанды. Иранның 18 жастағы шахматшысы Пархам Мақсудлу бір жеңіліс, бір тең және тоғыз жеңіспен ақырында Иран тарихында алғаш рет х.ш.ж.с.б. 1397 жылы 20 жасқа дейінгілер арасында жеңімпаз атанды. Әлемдік рейтинг тұрғысынан да Мақсудлу 2690 ұпай жинап, Иран тарихында алғаш рет бір ирандықтың атын әлемдегі 100 үздік шахматшының тізіміне тіркеді.