Иранның жетістіктері (39)
Алғашқы ирандық локомотив. Иран тарихында жетістіктер көп. Олардың барлығы Ислам революциясынан кейінгі 40 жылда жасалды.
Иранда алғашқы темір жол Насыреддин шахтың кезінде салынды. 1882 жылы Теһран мен Шах Абдулазим кесенесі арасында 8700 метрлік трамвай желісі тартылды. Бірақ темір жол мен онда қолданылған пойыз технологиясы француздар мен белгиялықтардың қолында болды. Кейін Ирандағы темір жол саласына орыстар қатысты. Реза шахтың кезінде немістер мен британдықтар Иранды пойызбен қамтамасыз етіп отырды. Пехлеви әулетінің билігі кезінде Иран ешқашан пойыздың моторы мен локомотив жасауға талпынбады. Сол себепті тіпті революциядан кейін, яғни Иран-Ирак соғысы кезін мен одан кейінгі жылдары да Иран локомотивтерді импорттауды жалғастырды. 2008 жылдың қазан айында Алборз облысындағы 16 га ауданда бір зауыт ашылып, бастапқы зерттеулер жүргізілгеннен кейін 2011 жылдың мамыр айында алғашқы локомотив сынақтан сәтті өтті. 2013 жылдың қаңтар айында, Иранға пойыз әкелінгеннен 130 жыл өткеннен кейін елде жергілікті локомотив жасау желісі іске қосылды. Бұл желі жылына 600 локомотив жасай алады. Бұдан бұрын әлемдегі 195 елдің тек 39 ғана локомотив жасау технологиясына ие болды. Әрине басты басымдық АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Польша, Италия, Канада мен Испанияда болды. Бірақ енді Иран да өз тарихында алғаш рет пойыз моторы мен локомотив жасайтын елдің біріне айналды.