Сәу 11, 2020 15:20 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 11

Дамушы елдердің маңызды қажеттіліктерінің бірі – жан-жақты өндірістерді дамыту.

 

Кешенді салалар – бұл технологиялардың кең спектрімен айналысатын, көлемі мен құрамдас бөліктері үлкен және бір елдің басқа салаларына қатысты локомотив рөлін атқаратын, өндірістің алға ілгерілеуін қамтамасыз ететін салалар. Болат, алюминий, мыс, цемент, металл емес пайдалы қазбалар, ал мұнайға бай елдерде мұнай-химия салалары басты салалардың қатарына жатады.

 

Энергетика, әсіресе мұнай мен газ қазіргі әлемдегі байлық пен қуат өндірісіне ықпал ететін факторлар. Энергетика – әлемдік экономикалық дамудың қозғаушы құралы және тірегі. Өнеркәсіптік мемлекеттер мен ірі экономикалық державалар, сондай-ақ жаңа экономикалық державалар әлемдегі энергияның едәуір бөлігін пайдаланады. Халықаралық энергетика агенттінің (IEA) жүргізген зерттеулері жаһандық экономикалық жағдайларды ескере отырып, индустриалды тұрғыдан жаңадан дамыған Азия елдерінің басқа әлемдік державалармен қатаң бәсекелестігі, олардың 2050 жылға қарай энергияға деген қажеттілігі, мұнай мен газды энергия өндірудің маңызды көзі ретіндегі рөлін арттырды.   

Мұнай мен газды пайдалану туралы ғылым – мұнай төгінділері мен бұлақтардан битум жинаумен ғылымға енген ескі және қолданбалы білім мен шеберлік. Адамзат мұнай және газбен бұрыннан таныс болып, оның жер бетіндегі ағынды суларын пайдаланған.   Францияда алғашқы мұнай барлау ұңғымасы 1745 жылы, АҚШ-тың бірінші барлау ұңғымасы 1859 жылы Пенсильвания штатында қазылды. Иран мен Батыс Азиядағы мұнай өнеркәсібі жұмысы 1908 жылы Масджед Солейман қаласы маңында мұнайдың табылуымен басталды. Иранның мұнай өнеркәсібінің басталуынан бері бір ғасыр өтті. Бұл қалың қара сұйықтық Иран халқы үшін көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік өзгерістер әкелді. Осы күнге дейін Иран экономикасының өркендеуі мен дамуында шешуші рөл атқарады.

Халықаралық статистикаға сәйкес, 2018 жылы Иран 155 миллиард текше метрден астам мұнай қоры мен 30 триллион текше метрден астам газ қорына ие әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Осыдан біраз уақыт бұрын Хузистан облысында тағы бір мұнай кешенінің табылғаны жөнінде ақпарат тарады. 50 млрд. баррель шикі мұнайы бар кешеннің табылуымен Иранда тіркелген мұнай қоры 30 пайызға артты. Хузистан облысындағы Бостан мен Умидие қалаларының арасында орналасқан жаңа мұнай кешені Ахваз мұнай кенінен кейінгі Иранның келесі ірі кені саналады.

 

Иранның Хузистан облысында жаңа мұнай қоры табылды

Иран – мұнай қоры тұрғысынан әлемнің төртінші елі.  Иранда 140-тан астам көмірсутек кен орны ашылды. Оның ішінде 102 мұнай және 43 газ кен орны бар. Осы 80 көмірсутек кен орындарының 62 құрлықта, 16 теңізде орналасқан. Иранның келесі кен орындарына Гачсаран мен Марван мұнай кен орны, Азадеган ортақ мұнай кен орны мен Агаджари мұнай кен орны жатады. Энергетика экономикасы саласының сарапшылары Иран ұзақ жылдар бойы өз әлеуетін пайдалану үшін мұқият жоспарлау, барлау және инвестициялық жұмыстарды жалғастыра отырып, экспорттай алатын мұнай өндіре алады және елдің дамуы үшін өзінің газ ресурстарын кем дегенде 170 жыл бойы пайдалана алады деп санайды.

Британиялық зерттеуші Даниэл Берглин: «ХХІ ғасырдың  болашағына көз салсақ, әр текше метр газ компьютерлік  ғылымның дамуы мөлшерінде алға ілгерілеуге себеп болады,  ал газ энергиясы мұнайға балама ретінде жеке адамдар, компаниялар мен экономистерге көп байлық әкеледі»,- деді. Газ энергиясы соңғы онжылдықта басқа энергия тасымалдаушылар арасында ең жоғары өсу қарқынына ие болды. Табиғи газдың қолдауға ие болуы оның ішкі сипаттамаларына, атап айтқанда оның қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты. Осы кезде табиғи газ әлем энергиясының 25 пайызын қамтамасыз етеді.  Басқа сенімді энергия табылғанша газ әлем энергиясының келешегіне қатты әсер етеді. Иран газ қоры тұрғысынан әлемде екінші орында. Шамамен 300 триллион текше метр, яғни әлемдегі газ қорының 17 пайыздан астамы Иранда орналасқан. Алайда Иран топырағының 60 пайызында   барлау жұмыстары немесе операциялар әлі жүргізілген жоқ. Осы уақытқа дейін Иранда 40-тан астам газ кен орны мен 90 табиғи газ резервуары ашылды. Әлемдегі ең үлкен газ кен орны – Оңтүстік Парс газ кен орны. Бұл Иранның ортақ көмірсутек кен орындарының бірі. Мәліметтер бойынша, Иран мен көршілес елдердің бірлескен 28 мұнай-газ кен орны тіркелді. Иранның барлық мұнай және газ кен орындары елдің ұлттық мұнай компаниясына тиесілі. Оңтүстік мұнай аймақтары компаниясы,   теңіз мұнай компаниясы, орталық аймақтар мұнай компаниясы және Арвандан мұнай-газ компаниясы сынды төрт компания өндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

 

Әлемдік экономиканың мұнай және газ ресурстарына деген артып келе жатқан қажеттілігі, екінші жағынан Иранның әлемдегі ең ірі мұнай және газ қорларына қолжетімділігі бұл ел экономикасының әлеуетін ішкі және шетелдік инвестициялар үшін өте пайдалы аймақ етті. Әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда Иранда мұнай мен газ өндірісінң төмен құны үлкен артықшылық саналады. Бұл германиялық Siemens мұнай-газ жобаларын дамыту компаниясының басшысы Питер Адам сияқты адамдардың назарынан тыс қалмаған мәселе. Ол бірнеше жыл бұрын халықаралық конференцияда Иранмұнай келісімшарттарының жаңа моделін көрсетіп, Иранның  мол мұнай мен газ қорына ие болуы мен іс жүзінде игерілмеген кен орындары және өндіріс шығындарының әлемнің басқа елдеріне қарағанда салыстырмалы түрде төмен болуына тоқталып: «Өткен айларда Теһранмен келіссөздер жүргіздік. Бәрімізді жақындастырған мәселелердің бірі Иранның тартымды мұнай және газ кен орындары болып табылады»,- деді. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, санкциялар салғаннан кейін   Батыс инвесторлары бұл мұрсаттан айырылып,  Азия  инвесторларына Иранның  мұнай-газ саласына қатысуына мүмкіндік берді. Осыдан біраз уақыт бұрын Қытай Иранның мұнай-газ саласына 280 миллиард доллар инвестиция салды. Иранның инфрақұрылымы мен тұрмысының үлкен бөлімі   мұнайға тәуелді болғанымен, ел басшылары  экономиканың шамадан тыс мұнайға тәуелділігі тақырыбын  ескерусіз қалдырған жоқ. Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдары Иранның мұнай-газ саласы революцияның жаулары мен Батыс үкіметтері қатаң санкциялар салынған бағыттардың бірі болды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи мұнай кірістеріне тәуелді болуды елдің зардап шегуіне себеп болады деп, басшылардан бұл тәуелділікті азайтуды талап етті. Иранның энергетикалық биржасының құрылуы шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорты монополиясын тоқтатқан шешім болып, ұсақ қаржы операциялары мұнай өнімдеріне салынған санкцияларды тиімсіз етті. Энергетикалық қор биржасы Иранның төртінші инвестициялық нарығы ретінде 2012 жылы мұнай мен газды тасымалдау саласында құрылды. Иранның энергетикалық биржасы бұл саладағы мәмілелерді жеңілдетіп, құнды қағаздарды қабылдау мен бақылау үшін құрылды. Энергетикалық биржада шикі мұнай мен мұнай өнімдерін ұсынудың артықшылықтарының бірі шетелдік мұнай өңдеу зауыттары мен оларды сатып алушылардың қатысуына жағдай жасау болып табылады. Бұл мәселе қатысушылар санының көбеюі мен елге мұнай мен мұнай өнімдерін сату жағдайлары мен тұрақтылығының жақсаруына әкеледі. Мысал ретінде энергетикалық нарықтағы бензинді ұсынуды атады. Gulf Stream үш фазалы мұнай фазасының іске қосылуымен және  күніне 40 миллион литрден астам бензин өндірумен Иран ішкі тұтынуды бақылау арқылы өз газын экспорттай алады. Иранда өндірілетін бензиннің сапасын ескере отырып,  энергетика саласының мамандары бензинмен қамтамасыз етудің өсімі туралы айтуда.  Түркия, Ирак, Ауғанстан және Армения сияқты елдер Иран бензинін сатып алғысы келетін мемлекеттер.

 

 

 

 

Тегтер