Иранның танымал тұлғалары (190)
Бұл бағдарламада х.қ.ж.с.б. 3 ғасырда өмір сүрген сопы Хусейн бен Мансур Халладждың кейбір еңбектерімен таныстырамыз.
Х.қ.ж.с.б. 3 ғасырда өмір сүрген танымал мистик Хусейн бен Мансур Халладж өз өмірі, сөзі, тіпті өлімімен әлемде өшпес із қалдырды. Ғасырлар өтсе де, ирандық және батыс зерттеушілері ол туралы пікір айтып, зерттеу жұмыстарын жазып жатыр. Өз сөзімен жалпы мен жалқының жүрегін жалындатқан мистиктің Иран, Үндістан, Түркістан, Қытайда жақтастары көп болған.
Х.қ.ж.с.б. 3 ғасырда өмір сүрген сопы Хусейн бен Мансур Халладжды тану үшін шығыстанушылар мен басқа зерттеушілер жасаған талпыныстарға қарамастан, оның шынайы бейнесі көп қырдан әлі күнге дейін белгісіз қалып отыр. Халладждың шын аты – Хусейн. Әкесінің аты – Мансур. Көне мәтіндерде Халладждың туған күні жайлы дерек жоқ. Алайда француз шығыстанушысы Луи Массиньон сияқты кейбір зерттеушілер оның туған жылын х.қ.ж.с.д. 244 жыл, милади жыл санағы бойынша 858 жыл деп санайды. Кейбіреулер оның туған жылын х.қ.ж.с.д. 248 жыл, милади жыл санағы бойынша 862 жыл санаған. Халладж Фарс облысының Бейза ауданындағы Тур ауылында дүниеге келген. Бала кезінде жанұясымен бірге Турдан Ирактағы Васет қаласына қоныс аударған. Сондай-ақ, «мақта түтуші» деген мағына беретін "Халладж" сөзі бастапқыда оның лақап аты болған, бірақ біртіндеп оның шын атынан басым түскенін айттық. Халладж жастық шағында білім алу үшін сапарға аттанып, Сәһл бен Абдулла Тастари мен Амру бен Осман Маки сияқты ірі ұстаздар және танымал ирандық мистик Джунейд Наһавандиден білім алып, үлгілі шәкірт атанған. Халладж өмірінде үш рет қажылыққа барған. Қайда барса да, оның жанына жақтастары көп жиналған деседі. Халық Хусейн бен Мансур Халладжға құтқарушы ретінде қараған. Қалың жұрттың Халладжға ынта білдіруі Бағдад факиһтерін үрейлендіріп, қала билеушілерінің күдігін тудырды. Ақырында Бағдадтың сол кездегі билеушілері мен факиһтері Халладжды жалған айыптармен абақтыға қамады. 8 жылдық сот тергеуінен кейін оған өлім жазасы кесілді. Х.қ.ж.с.б. 309 жылдың зихадже айының 24 күні ол дарға асылды.
Халладждан бірнеше кітап қалған. Сот үдерісі болып жатқан кезде олардың кейбіреуінің аты аталған. Бірақ кейін оның кітаптарының таралуына тосқауыл қойылды. «Таджароб ул-амам» кітабында «Ол дарға асылғаннан кейін көшірмешілерге оның еңбектерін сатып алуға және сатуға тыйым салынды» деп жазылған.
«Әл-фехрест» (Тізім) атты құнды кітаптың авторы Ибн Надим Халладждың бірқатар еңбегінің атын атаған. «Әт-Тасин әл-азал уа әл-джоуһар ул-акбар уа әш-шаджаре ун-нурие», «Хамл ун-нур уал-хайат уал-аруах», «Әл-әдл уат-тоухид» атты кітаптар мен өлеңдер жинағы Ибн Надимнің Халладждың атымен тізімге тіркеген 49 кітаптың қатарына жатады.
Халладж жазып, Ибн Надим өзінің «Әл-Фехрест» кітабында атаған 49 еңбектен бізге тек 4 кітап пен 112 өлең және мистикалық тәжірибелер баяндалған 340-қа жуық әңгіме жетті. Өкінішке орай, Халладжды зынданға қамап, соттап, өлтіруге шешім қабылдаған кезде оның еңбектерін де жойып жіберген. Сол кездегі уәзір Хамед бен Аббас Халладж түрткі болған теологиялық, фикһтік және мистикалық мазхабтарды жою үшін оның шәкірттерін ғана қудалап қойған жоқ, Халладж кітаптарының қолжазба нұсқаларын да жойды. Оның еңбектерінің тек бірқатары ғана заманның тәлкегінен өтіп, ащы оқиғалардан аман қалып, Қасым Мирахуридің зерттеуі, түсіндіруі және тәржімалауымен «Халладж еңбектерінің жинағы» деген атпен басылып шықты.
Халладждан бізге жеткен ең маңызды еңбек – «Тавасин» кітабы. Француз шығыстанушысы Луи Массиньон осы еңбекті Стамбұл мен Лондонда сақталған екі қолжазба нұсқадан түзетіп, 1913 жылы Парижде «әт-Тавасин» деген атпен басып шығарды. Массиньонның айтуынша, Халладж зынданда жатқанда бұл кітап оның досы әрі шәкірті Ахмед бен Ата ул-Адамидің көмегімен сыртқа шығарылған. Қасым Мирахури «Тавасин» кітабының араб тіліндегі мәтінін Массиньон нұсқасынан, ал Сағди Занави зерттеген «Диван ул-Халладж уилие ахбаре уа Тавасине» атты кітапты парсы тіліне аударды.
«Тавасин» кітабы 10 тараудан тұрады. «Тавасин» – тас (тасин) сөзінің көпше түрі. Құрандағы «Нәмл» сүресінің басқа бір атауы сүренің «тас» сөзінен басталғанына байланысты «Тасин» деп қойылған. Тәпсіршілердің айтуынша, «Нәмл» сүресінің басындағы «тас» сөзі бәрін естуші мейірбан Құдайға серт беру болып табылады. Бұл кітапта Халладждың мистикалық тәжірибелері өте күрделі де құпия тілде баяндалған.
Халладждың тағы бір еңбегі – «Бустан ул-муарафе». Автор «Мағрифат бағы» кітабын таным мен оның ерекшеліктерін баяндауға арнаған.
Халладж еңбектері жиынтығының екінші бөлімі «Рауаят кітабы» деп аталады. Бұл бөлімде Халладж жүрегінен шыққан 27 рауаятты баяндаған. Автордың бұл рауаяттарды дәлелдеу үшін келтірген дереккөздері әдеттен тыс. Әдетте рауаяттың дерегін сахабалар, табеилер, табеилердің табеиін атап келтіреді. Хадисті пайғамбардан бастап бертінгі адамға жеткізіп отырған. Халладждың рауаяттары Құран аяттары мен құпияларынан бастап, метафора, аллегория мен мистикалық тәмсілдерге нұсқап отырған. Халладж хадистер пайғамбардың кеңесін емес, Құдайдың бұйрығын баяндайды деп санаған. Хадистің дұрыстығын ауыздан ауызға бір-біріне жеткізіп отырған, бірақ қазір қайтыс болған рауаятшылар тізбегінің куәлік етуімен анықталмайды. Халладждың пікірінше, хадистердің дұрыстық тізбегі жалпы жұрт тани алатын және қазір бар тіршілік иелері болып табылады. «Рауаят» кітабының мәтіні Рузбехан Бағалидің «Шатһиат» еңбегінен алынып редакцияланды.
Халладж еңбектері жиынтығының үшінші бөлімі Құран Кәрімді тәпсірлеуге арналған. Бұл тәпсірді Абу Абдуррахман Соллами Халладждың атынан өзінің «Хақаеқ ут-тафсир» кітабында келтірген. Луи Массиньон осы мәтінді бөліп алып, бірнеше қолжазба нұсқамен салыстырғаннан кейін 1922 жылы Париж қаласында басып шығарған. Халладж бұл тәпсірде әрбір сүреден бір немесе бірнеше аятты таңдап алып, түсіндірген.
«Халладж еңбектерінің жиынтығын» зерттеуші әрі аудармашы Қасым Мирахури кітаптың төртінші бөлімінде Халладждың мистикалық тәжірибелерінен 340 әңгіме келтірген. Оған сопының айтқан сөздері, уағыздары, өсиеттері мен мінәжаттары кірген. Бұлар әртүрлі тарихи және мистикалық мәтіндерден жинастырылып, тәржімаланған.
Халладжға телінетін 112 өлең аталмыш жинақтың бесінші бөлімінде топтастырылған. Мирахури бұл өлеңдер туралы: «Зерттеу барысында өлеңдердің екі тобын кездестірдім. Көптеген дереккөзде келтірілгендіктен бірсыпыра өлеңнің Халладжға тиесілілігі анық, ал басқа бірқатар өлең оған телінген»,-деген. Бұл жиынтықта әрбір өлеңнің дереккөзі анық жазылған. Кейбір дереккөздердегі айырмашылықтарды ескеріп, Мирахури өз зерттеуін үш еңбекке негіздеді: Массиньонның «Диван ул-Халладж» еңбегі, Мұстафа әш-Шибидің еңбегі және Сағди Занавидің зерттеуі. Халладждың өлеңдер жинағын оның шәкірттері құрастырған. Массиньон «Диван ул-Халладжды» құрастырып, алғаш рет 1931 жылы бір азиялық журналда шығарды. Оның екінші басылымы көптеген талқылаулар мен зерттеулерден кейін 1955 жылы жарық көрді.
Халладждың өлеңдері қарапайым да жатық. Көбі Құдайға жалбарыну және онымен сырласу қалыбында. Онда сопылық терминдер азырақ қолданылған. Бұған қарамастан, оның кейбір өлеңдерінде теологиялық, фикһтік және философиялық ұғымдар мен тіркестер бар. Бұл сол заманда кең таралған ағымдардан алынған.
Халладж еңбектері жиынтығының соңғы бөлімі оның сөздеріне арналған. Мирахури бұл бөлімде Халладждың проза мен поэзияда қолданған сөз тіркестері мен ұғымдарын жинастырып, түсініктеме берген.
Келесі бағдарламада осы тақырыпты одан ары жалғастырамыз.
Халладждан бізге жеткен ең маңызды еңбек – «Тавасин» кітабы. Француз шығыстанушысы Луи Массиньон осы еңбекті Стамбұл мен Лондонда сақталған екі қолжазба нұсқадан түзетіп, 1913 жылы Парижде «әт-Тавасин» деген атпен басып шығарды. Массиньонның айтуынша, Халладж зынданда жатқанда бұл кітап оның досы әрі шәкірті Ахмед бен Ата ул-Адамидің көмегімен сыртқа шығарылған. Қасым Мирахури «Тавасин» кітабының араб тіліндегі мәтінін Массиньон нұсқасынан, ал Сағди Занави зерттеген «Диван ул-Халладж уилие ахбаре уа Тавасине» атты кітапты парсы тіліне аударды.
«Тавасин» кітабы 10 тараудан тұрады. «Тавасин» – тас (тасин) сөзінің көпше түрі. Құрандағы «Нәмл» сүресінің басқа бір атауы сүренің «тас» сөзінен басталғанына байланысты «Тасин» деп қойылған. Тәпсіршілердің айтуынша, «Нәмл» сүресінің басындағы «тас» сөзі бәрін естуші мейірбан Құдайға серт беру болып табылады. Бұл кітапта Халладждың мистикалық тәжірибелері өте күрделі де құпия тілде баяндалған.
Халладждан бізге жеткен ең маңызды еңбек – «Тавасин» кітабы. Француз шығыстанушысы Луи Массиньон осы еңбекті Стамбұл мен Лондонда сақталған екі қолжазба нұсқадан түзетіп (редакциялап), 1913 жылы Парижде «әт-Тавасин» деген атпен басып шығарды. Массиньон айтуынша, Халладж зынданда жатқанда бұл кітап оның досы әрі шәкірті Ахмед бен Ата ул-Адамидің көмегімен сыртқа шығарылған. Қасым Мирахури «Тавасин» кітабының араб тіліндегі мәтінін Массиньон нұсқасынан, ал Сағди Занави зерттеген «Диван ул-Халладж уилие ахбаре уа Тавасине» атты кітапты парсы тіліне аударды.
«Тавасин» кітабы 10 тараудан тұрады. «Тавасин» – тас (тасин) сөзінің көпше түрі. Құрандағы «Нәмл» сүресінің басқа бір атауы сүренің «тас» сөзінен басталғанына байланысты «Тасин» деп қойылған. Тәпсіршілердің айтуынша, «Нәмл» сүресінің басындағы «тас» сөзі бәрін естуші мейірбан Құдайға серт беру болып табылады. Бұл кітапта Халладждың мистикалық тәжірибелері өте күрделі де құпия тілде баяндалған.
Халладждың тағы бір еңбегі – «Бустан ул-муарафе». Автор «Мағрифат бағы» кітабын таным мен оның ерекшеліктерін баяндауға арнаған.
Халладж еңбектері жиынтығының екінші бөлімі «Рауаят кітабы» деп аталады. Бұл бөлімде Халладж жүрегінен шыққан 27 рауаятты баяндаған. Автордың бұл рауаяттарды дәлелдеу үшін келтірген дереккөздері әдеттен тыс. Әдетте рауаяттың дерегін сахабалар, табеилер (жалғастырушылар), табеилердің табеиін атап келтіреді. Ал хадисті пайғамбардан бастап бертінгі адамға жеткізіп отырған. Халладждың рауаяттары Құранның аяттары мен құпияларынан бастап, метафора, аллегория мен мистикалық тәмсілдерге нұсқап отырған. Халладждың сенімінше, хадистер пайғамдардың кеңесін емес, Құдайдың бұйрығын баяндайды. Хадистің дұрыстығы ауыздан ауызға бір-біріне жеткізіп отырған, бірақ қазір қайтыс болған рауаятшылар тізбегінің куәлік етуімен анықталмайды. Халладждың пікірінше, хадистердің дұрыстық тізбегі жалпы жұрт тани алатын және қазір бар тіршілік иелері болып табылады. «Рауаят» кітабының мәтіні Рузбехан Бағалидің «Шатһиат» еңбегінен алынып редакцияланды.
Халладж еңбектері жиынтығының үшінші бөлімі Құран Кәрімді тәпсірлеуге арналған. Бұл тәпсірді Абу Абдуррахман Соллами Халладждың атынан өзінің «Хақаеқ ут-тафсир» кітабында келтірген. Луи Массиньон осы мәтінді бөліп алып, бірнеше қолжазба нұсқамен салыстырғаннан кейін 1922 жылы Париж қаласында басып шығарған. Халладж бұл тәпсірде әрбір сүреден бір немесе бірнеше аятты таңдап алып, түсіндірген.
«Халладж еңбектерінің жиынтығын» зерттеуші әрі аудармашы Қасым Мирахури кітаптың төртінші бөлімінде Халладждың мистикалық тәжірибелерінен 340 әңгіме келтірген. Оған сопының айтқан сөздері, уағыздары, өсиеттері мен мінәжаттары кірген. Бұлар әртүрлі тарихи және мистикалық мәтіндерден жинастырылып, тәржімаланған.
Халладжға телінетін 112 өлең аталмыш жинақтың бесінші бөлімінде топтастырылған. Мирахури бұл өлеңдер туралы: «Зерттеу барысында өлеңдердің екі тобын кездестірдім. Көптеген дереккөзде келтірілгендіктен бірсыпыра өлеңнің Халладжға тиесілілігі анық, ал басқа бірқатар өлең оған телінген»,-деген. Бұл жиынтықта әрбір өлеңнің дереккөзі анық жазылған. Кейбір дереккөздерде бар айырмашылықтарды ескеріп, Мирахури өз зерттеуін үш еңбекке негіздеді: Массиньонның «Диван ул-Халладж» еңбегі, Мұстафа әш-Шибидің еңбегі және Сағди Занавидің зерттеуі. Халладждың өлеңдер жинағын оның шәкірттері құрастырған. Массиньон «Диван ул-Халладжды» құрастырып, алғаш рет 1931 жылы бір азиялық журналда басып шығарды. Оның екінші басылымы көптеген талқылаулар мен зерттеулерден кейін 1955 жылы жарық көрді.
Халладждың өлеңдері қарапайым да жатық. Көбі Құдайға жалбарыну және Онымен сырласу қалыбында. Онда сопылық терминдер азырақ қолданылған. Бұған қарамастан, оның кейбір өлеңдерінде теологиялық, фикһтік және философиялық ұғымдар мен тіркестер бар. Бұл сол заманда кең таралған ағымдардан алынған.