Маусым 11, 2020 21:36 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 12

Иран 33 триллион текше метрден астам табиғи газ және 155 миллиард баррель шикі мұнай қорымен мұнай-химия өндірісін дамыту әлеуетіне ие.

Елдің мұнай-химиялық өнеркәсібін дамыту түрлі тұрғыдан маңызды. Біріншіден, бұл өнеркәсіптің өнімдері Иран экономикасының әртүрлі салаларын шикізатпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Иранның мұнай кірісін азайтқан Батыс үкіметтерінің бұл елге қарсы экономикалық санкциялары кезінде мұнай-химия өнімдері экономиканың зардап шегуінің алдын ала алады. Мұнай-химия өнеркәсібінің шикізаты  – газ бен мұнай. Иран олардың бай қорына ие.  Сондықтан мұнай-химия өнеркәсібі елдің өндірісін дамытуда маңызды рөл атқарады.

 

Мұнай-химия өнеркәсібі мұнай-газ саласындағы өнеркәсіптердің бірі. Иранда бұл өнеркәсіптің саясатын белгілеу Иран Мұнай министрлігінің қарамағындағы  Ұлттық Иран мұнай-химия компаниясының (NIPC) міндетіне кіреді. Аталмыш компания өз жұмысын шамси күнтізбесі бойынша 1343 жылы  Шираз химиялық тыңайтқыштар өндірісін іске қосумен бастап, қазіргі уақытта аймақтағы екінші мұнай-химиялық өнімдердің өндірушісі саналады. Сарапшылардың пікірінше,  мұнай мен газдың үлкен қорына ие болуы, сондай-ақ, геосаяси жағдайына байланысты  Иран жарқын келешекке ие болады. Мұнай-химия өнеркәсібі шикі мұнай мен табиғи газды  электр тоғы, көлік шығару, медицина, тұрмыстық техника, тоқыма және фармацевтика сияқты көптеген салалармен байланыстырушы буын болып табылады. Бүгінгі таңда мұнай-химия өнеркәсібіне қатысы жоқ өнеркәсіп жоқтың қасы.

Иранның мұнай-химия өнеркәсібі  шамамен 55 миллион тонна өнім өндіріп, оның бір бөлігін ішкі тұтынумен қатар, елдің индустриясының басқа салаларында, соның ішінде резеңке және пластмасса, құрылыс, автомобиль жасау, дәрі-дәрмек өндірісі, жуғыш заттар, бояулар мен ауылшаруашылығында пайдаланады. Мұнай-химия өнімінің 31 тоннасының 30 пайызы Еуропа мен Азияға экспортталады.

 

Ассалуйедегі Загрос мұнай-химия өндірісі кешені

 

Иранда 55-тен астам мұнай-химия өндіріс кешені бар. Олардың көпшілігі Махшаһр мен Ассалуйедегі екі өндірістік орталықта шоғырланған.   Махшаһрде  20 кешен, Ассалуиеде 16 мұнай-химия өндірісі бар. Мұнай-химия өнеркәсібінде жалпы 350 өнім  шығарылады.   Елдің мұнай-химия өнеркәсібінде 67 мың адами күш тікелей, 41 мың адам жобаларда жұмыс істейді. Сондай-ақ, 850 мың адам мұнай өндейтін зауыттарда еңбек етеді.   

Зерттеулердің нәтижесі бойынша, Иранның мұнай-химия өнеркәсібі Иран экономикасының алтыншы орнында орналасқан. Бұл өнеркәсіп экономиканың басқа салаларына қажет өнімдерді шығарып, елдің даму бағдарламаларын, соның ішінде мұнайдан тыс экспортты арттыруға әсерін тигізе алады.   Мұнай-химия өнеркәсібі шикі мұнай мен газдың сатылуының алдын алуымен бірге шикізатты қосылған құны жоғары дайын өнімге айналдыру, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, экономикалық даму және валюталық кірісті арттыруға жағдай тудыра алады.  Осыған орай ел басшылары әрқашан осы салаға инвестиция салумен күш салды.

Иранның мұнай-химия саласына жалпы шолу жасасақ, бұл саладағы алғашқы серпіліс хижри-шамси күнтізбесінің 1376 жылы (1997 ж.) басталып,  он жыл ішінде   тиісті әлеует қалыптастырды деп айтуға болады. Екінші серпіліс кезеңі 1392 жылы (2013 ж.) мұнай-химия өнімдерін өндіру деңгейін 100 миллион тоннаға жеткізу мақсатында басталды. Бұл кезеңде жоспарланған бағдарламалар бойынша 1400 жылға (2021 ж.) дейін елдің мұнай-химия өнеркәсібіне 20 жобаның қосылуы көзделді. Аталмыш жобалардың кейбіреуі Иранның мұнай-химия өнеркәсібіндегі үшінші серпіліске жол ашатын жобаларды шикізатпен қамтамасыз етеді. Үшінші серпіліс кезеңінің мақсаты 130 миллион тоннадан астам мұнай-химия өнімін шығару болып табылады. Бұл мөлшер қазіргі күнмен салыстырғанда екі есе артық болып, елдегі мұнай-химия өнеркәсібінің маңыздылығын көрсетеді.

 

Ассалуйедегі Мобин мұнай-химия компаниясы

 

Мұнай-химия кешенінің объектілері аймақта құрылуы үшін су ресурстарына қолжетімділіктің оңайлығы, мұнай-химия қызметін шикізатпен қамтамасыз ету және өнімді   нарықтарға өткізудің экономикалық тиімділігі сияқты факторлар қамтамасыз етілуі керек. Елдің екі мұнай-химиялық кешені – Маһшаһр мен Ассалуйенің мұнай және газ ресурстарының құндылығын арттыруы    Иранның үшінші мұнай-химиялық кешені үшін орын белгілеу мақсатындағы   зерттеулердің басталуына себеп болды. Чабахардағы 1200 гектардан астам жердегі Макран мұнай-химия қалашығы Иранның мұнай химиясының үшінші кешені үшін қажет қуаттылыққа ие аймақ.   Макран - Оман теңізі мен Үнді мұхиты бойындағы 1500 шақырымдық жағалаудағы аймақ.

Қазіргі кезде аймақтағы мұнай химиясының негізгі нарықтары Қытай мен Үндістан болып табылады. Чабахардағы Макран мұнай-химия қалашығының Ассалуйе мен Маһшаһрдан бір артықшылығы – аталмыш елдерге 1000 км жақын болуы. Қытай мен Үндістан нарықтарына жақын болу Макранға инвестиция салуды арттырады. Чабахар бұл аймақтағы Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстан елдері үшін азат суларға жететін ең жақын, ең оңай және ең қауіпсіз жол болып табылады. БҰҰ сауалнамасының нәтижесі бойынша, Чабахар – әлемнің Шығыс-Батыс дәлізінің ең маңызды жолдарының бірі.

 

 

Макран мұнай-химия қаласындағы инвестициялық ұпайларына GTPP кешендеріндегі шикізат  бағасының 20-30 пайыздық жеңілдіктері және 20 жылдық салықтан босату кіреді. Газды Ираншаһрдан Чабаһарға тасымалдау, айлақ салу және кемелердің жүк өткізу қабілеттілігін арттыру, өнімді мақсатты нарыққа жеткізу үшін Орталық Азияға елдің ұлттық теміржолын қосу, сондай-ақ, халықаралық әуежай құрылысы бұл аймақтың инвестиция салынатын инфрақұрылымдарына жатады. Бұл қалашықта шамамен 17000 адам жұмыс істейді. Чабаһардағы Макран мұнай-химия қалашығында метанол, аммиак, этилен, хош иістендіргіштер мен олефин сияқты өнімдер щығарылады.  Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы  жұмыстардан басқа,  өнімдердің сапасын арттыру ғылыми-зерттеу орталықтары да жұмыс істейді. Мұнай-химия өнеркәсібінде өнімді өндіру және жоғары тұтынылатын катализаторларды өндіретін техникалық білімге қол жеткізу осы бағытта жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Каталитикалық процестер – мұнай, газ, мұнай-химия және химия өнеркәсібіндегі ең маңызды және негізгі операциялардың бірі. Катализаторлар жанармай мен қоғамға қажет басқа өнімдерді өндіруде  маңызды рөл атқарады және олардың маңызы артып келеді. Батыс елдері енгізген санкциялар елдің мұнай өңдеу және мұнай-химия кешендеріне қажет катализаторлар үшін қиындық туғызғандықтан, өткен жылдары Иранның кейбір отандық компаниялары катализаторлар шығара бастады. Қазіргі кезде бұл өнеркәсіптегі 40 түрлі катализатордың 16 түрі елде шығарылады. 

 

 

Тегтер