Шіл 09, 2020 20:36 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 14

Кен өндіру өнеркәсібі - Иранның маңызды өнеркәсіптерінің бірі. Иранның жалпы экономикалық өнімінің 1/3 астамы тау-кен саласына байланысты.

 

Қоғамдардың экономикасында әртүрлі экономикалық салалар бір-біріне байланысты. Олардың әр біреуінің өнімі басқа салаларда қолданылады.  Кен-тау ресурстар, пайдалы қазбалар, металлдар және металл емес  ресурстар ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Кен өндіру өнеркәсібі - Иранның маңызды өнеркәсіптерінің бірі. Иранның жалпы экономикалық өнімінің 1/3 астамы  тау-кен саласына байланысты. Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеимен «Өндіріс серпілісі» деп атанған жылы бұл салаға бөлінген инвестициялар елдің өндірісін жылдамдата алады. Қазіргі кезге дейін Иранда 9000 жуық кен ашылып, олардың 5500-ден астамы жұмыс жасайды және бірқатары қайта іске қосылуға дайындалуда. Иранның кен өндірісінің 74 пайызы құрылыс материалдары мен сәндік тастар саласында жұмыс жасайды. Қалған 26 пайыздың 20 пайызы металл емес және 6 пайызы металл ресурстарына байланысты.

Иранның оңтүстік-шығысында, Керман облысындағы  Сарчешме мыс кеніші бұл елдің ең ірі кендердің бірі  саналады. Мыс, көмір, темір, хромит және титан қорларына ие Керман облысы Иранның кен жұмағы ретінде танымал. Сарчешме мыс кеніші Иранды әлемдегі ең ерекше кенішке ие ел ретінде тіркеуге себеп болды. Сарчешме мыс кен орны  әлем бойындағы ең ірі ашық кеніштердің бірі және Батыс Азиядағы ең ірі ашық кеніш саналады. 1972 жылдың 3 шілдесінде Керманның Сарчешме кен өндіру кәсіпорны құрылып, 1976 жылы Иранның Мыс өнеркәсібінің ұлттық компаниясы деп атанды. Сарчешме мысының алғашқы балқуы 1982 жылы 23 маусымда жасалды. Қазіргі уақытта Сарчешме мысында жылына 800 000 тонна катодты мыс өндіріледі. Ұлттық мыс компаниясында шамамен 20 мың адам жұмыс жасайды.

Иранның Сарчешме мыс кеніші

Сарчешме мыс кенішінен солтүстік-батысқа қарай 132 км жерде Иранның тағы бір маңызды мыс кеніші, атап айтқанда Керман Мидок мыс кеніші орналасқан. Иран әлемдегі мыс өндіретін белдеуде орналасқан, сондықтан елдің көптеген облысында мыс кеніштері бар. Мыс белдеу Болгариядан басталып, Түркиядан кейін Иранға еніп, Пәкістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияға жалғасады. Елдегі мыс қорларының көп бөлігі порфирден тұрады.

Мидок мыс кеніші

Порфир қорларының ашылуы әлемдегі мыс индустриясының «тау-кен өнеркәсібіндегі революция» деп санауға болады. Әлем бойында порфир қорлары санаулы. Порфир қорларында мыспен бірге молибден, күміс, алтын, қорғасын, платина, палладий, вольфрам сынды бағалы металдар кездеседі. Сарчешме мен Мидок кешендері әлемнің порфир мыс қорлары саналады. Экономикалық тұрғыдан кен орындарынын жанама өнімдерінен шығатын кіріс мыс өндірісінің шығындарын азайтады. Сондықтан барлау компаниялары әрқашан  порфир қорларын іздейді.

Керман облысындағы Гол Гаһар темір руднигі   Таяу Шығыстағы ең танымал темір кені саалады. Бұл рудниктен өтіп, Язд облысына жол алсақ, Иранның екінші минералды жүрегіне жетеміз. Бұл облыстың ең маңызды  қорлары темір рудасы, қорғасын және мырыш болып табылады. Чадормело кеніші, Бафқ темір кені, газ ұңғымасы және Меһдиабад қорғасын мен мырыш, елдегі ірі шахталардың бірі болып табылады. Осыған орай ұлттық дейгейде бұл кен орындары өте маңзды болып табылады.

Язд облысы - елдегі ең ірі темір өндірушісі. Жыл сайын бұл облыстың кен-тау орындарында шамамен 20 миллион тонна темір шығарылып, елдің облыстары мен әртүрлі мемлекеттерге экспортталады. Бұл облыста Иранның алғашқы темір кеніші Чоғарат Бафг темір кені ашылып, пайдаланылды. Бұл облыста қазіргі уақытта елдегі темір кені концентратының ең ірі өндірушісі болып табылатын Чадормело темір кені орналасты.

Язд: Чадорлмело кеніші

Язд қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 115 км жерде әлемдегі екінші ірі қорғасын және мырыш қоймасы саналатын  Мәһдиабад қорғасын-мырыш кешені орналасқан. Бұл жерде 200 миллион тонна минералды қор бар, оның 70 пайызы мырыш және 30 пайызы қорғасын. Яздтағы Мәһдиабад қорғасын-мырыш кеніші барит өндірудің ең жоғары деңгейіне ие.

Иранның солтүстік-батысындағы Занжан облысындағы  Ангоран қорғасын және мырыш кеніші Иранның маңызды минералды қорларының бірі болып табылады. Ангоран Батыс Азиядағы ең үлкен қорғасын және мырыш кеніші. Ол өзінің 9 миллион тонна қорымен алдағы 12 жылда зауыдтарды шикізатпен қамтамасыз етеді. Бірақ бұл кеніштің қоры азайған кезде, оның орнына Мәһдиабад қолданыс табады.

Ирандағы тағы бір ірі шахта - Батыс Әзірбайжан провинциясындағы Заршуран алтын кеніші.  Заршуран алтын кеніші, Иранның ең ірі алтын кеніші, Тахт-е-Солейман мәдени мұра және туризм кешенінен 15 км қашықтықта орналасқан. Бұл жерде 150 тонна таза алтын қоры бар. Бірақ Иран алтын өндіретін елдер қатарына кірмейді. Алайда Иранның алтын кеніштеріне салынатын инвестиция соңғы бірнеше жылда әлемдік бағаның өсуіне байланысты артты. Ирандағы алтын өнеркәсібтің бірнеше мың жылдық тарихы бар. Өнеркәсіп, кен және сауда министрлігінің мәліметінше, Иранда шамамен 15 алтын кеніш бар. Иран өнеркәсібінің бұл секторындағы белсенділер Заршуран алтын өңдеу зауытын инвестициялау және салу арқылы осы аймақта әлемдегі алғашқы ірі зауыт құрумен айналысуда.

Заршуран алтын кеніші

Иранның шығысында орналасқан Хорасан Разави облысындағы  Нишабур көгілдір ақық кені бұл елдің үлкен кендерінің бірі. Бұл тек Иран ғана емес, әлем деңгейіндегі ірі өндіріс. Бүкіл елдер көгілдір ақықын Нишабур ақықмен салыстырады, өйткені ол ең құнды саналады. Бұл жерде 9 мың тонна көгілдір ақық қоры бар және жыл сайын 19 тонна өндірумүмкіндікке ие. Әр бір тонна шикізат тасынан 8-10 килограмм көгілдір ақық өндіріледі.

Ирандағы басқа пайдалы қазбалар ретінде тас карьерлері жатады. Иран кен қоры бойынша әлемде төртінші орында. Құрылыс тас кендері елдегі анықталған кендердің 1/4 бөлігін құрайды. Тастардың түрі мен түсінің алуан түрлілігіне байланысты Иран құрылыс тас жұмағы ретінде танымал. Иран тастары  түрлілігі мен сапасы тұрғысынан әлемде бірінші орынға ие. Мәрмәр, гранит, фарфор, травертин Ирандағы құрылыс тастардың ең маңызды түрлері деп айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

Тегтер