Қыр 07, 2020 16:16 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 15

Тұрмыстық техника индустриясы - елдегі ең маңызды отандық өнеркәсіп салаларының бірі. Тұрмыстық техника өнімі әртүрлі кәсіптерді байланыстырады.

Теһран қор биржасында капитал нарығында өз акцияларын ұсыну үшін қажетті жағдайға иелене алған компаниялар мен өндірістік орталықтарды көруге болады. Бұл компаниялар қатарына әлеуеті,  осы саланың ерекшелігі  және импорттан тәуелсіздігі арқасында Иранның капиталды нарығында жақсы қолдауға ие болған азық-түлік және сусындар өндірісі енді. Азық-түлік өнеркәсібінің қор нарығына болуы компанияларды белгіленген стандарттарды сақтауға, өнімнің сапасын жақсартуға және өндірілетін өнімнің сапасын сақтауға міндеттеді. Капитал нарығы, экономикалық қызметтің айқындылығын және компаниялардың ақпаратына қол жетімділігін арттыруымен  бір жағынан   тұтынушылар туралы  ақпаратты, басқа жағынан  осы салаға инвестиция салуға деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Иранның азық-түлік өнеркәсібіне қатысты: «Елде азық-түлік өнеркәсібі сияқты ешқандай индустрия кең таралмаған»,- деп айтуға болады. Иранда тамақтанатын орыны жоқ жер табылмас. Өткен 20 жылда азық-түлік өнеркәсібіне  өте кп инвестиция салынды. Қант, ұн, нан, сүт, тәттілер, шоколад өндірісі сынды кейбір салаларға салынған инвестициялар ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуімен бірге экспорттау мүмкіндікке де ие болды. Адами капиталға тұрғысынан Иранның азық-түлік өнеркәсібі басқа салаларға қарағанда тиімді және көрнекті менеджерлер мен мамандарды дайындаумен айналысады. Соңғы жиырма жылда Иранда азық-түлік өндірісі мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындары саны артты. Бұл өндірістің  оған салынған инвестициялардың төмен деңгейімен салыстырғанда, жұмыспен қамтылу  деңгейі жоғары, сондықтан бұл өндірістің инвестиция салу үшін жақсы әлеуеті бар.

Иранның азық-түлік және сусындар өндірісінде сүт өнімдері, ет өнімдері, ұн, нан, тәттілер мен шоколад, су, сусындар  сияқты 40-тан астам түрлі  азық бар. Қазіргі кезде Иранның азық-түлік өнеркәсібі - ел экономикасындағы ең тиімді салалардың бірі. Танымал ирандық компаниялар түрлі азық-түлік саласында танымал брендтерімен өз өнімдерін басқа елдер нарығына таратуды мақсат етті.  Мәселен, «Пак», «Михан», «Калех», «Рамак», «Хараз», «Чупан» және «Пакбан» маркаларын әртүрлі сүт өнімдері мен сусындардан көруге болады.  Бұл өнімдер Ирак, Кувейт, Бахрейн, Оман, БАӘ, Катар, Пәкістан және Ресейге экспортталады.

Иранның азық-түлік өнеркәсібінің тағы бір саласы -   халықаралық стандарттарға сай ет өнімдері.  Ирандық ет өнімдерінде, мысалы, қосуға рұқсат етілетін  нитрат сынды химиялық заттардың мөлшері өте төмен. Көптеген елдерде тауықтың бауыры, тері және асқазаны қолданылса,    Иранда оларды пайдалануға тыйым салынды. «Гуштиран», «Робат», «Солико» (Калех) холдингтік компаниясы, «Шам Шам», «Микайлиан» және Андре шұжықтар, хот догтар, гамбургерлер, салями, парма және ветчина сияқты ирандық ет өнімдерін өндіруде жетекші брендтердің қатарына кіреді.

Иранның азық-түлік және сусындар өндірісінің басқа өнімдеріне кондитерлік және шоколад өнімдері жатады. «Ширин Асал», «Аната», «Шониз», «Барака», «Фарманд» және «Шокообранд» кәмпиттер мен шоколад саласындағы Иран беделді әрі танымал брендтері болып табылады. Кондитерлік өнімдер мен шоколад индустриясы Иранның азық-түлік өнеркәсібі экспортының жартысын құрайды. Иранда тұтынылатын какаоның көбі Кот-д'Ивуардан әкелінеді. Жиырма жылға жуық уақыттан бері елдегі кондитерлік өнімдер мен шоколад саласына инвестициялар жасалды. Осы кезең ішінде Иранның кондитерлік және шоколад шығаратын зауыттардың саны үш еседен астамға артты және елдегі кондитер өнімдер мен шоколад өндірушілер қауымдастығының мүшелері саны 300-ге жуық белсенді компанияларға жетті. Осы салада белсенді жұмыс істейтін облыстар арасында Шығыс Әзірбайжан және оның орталығы Табриз 600 түрлі кондитерлік өнім мен шоколадтар шығаратын ерекше орынға ие. Иранның шоколадтары мен кондитер 60 пайызы осы облыстан    экспортталады. Иранның кондитер тағамдары мен кәмпиттері Армения, Сирия, Өзбекстан, Қазақстан, Ирак және Ауғанстанға экспортталады.  

Ирандағы тағы бір тұтынушылығы жоғары   сала - автомобиль өнеркәсібі. Кейбіреулердің пікірінше, автомобиль өнеркәсібі елдердің даму деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің бірі. Автокөлік өнеркәсібі жұмыс орындарын құруға және экономиканы дамыту саласында үлкен мүмкіндіктерге ие.   Көлік жасап шығаруға түрлі технологиялар, металл, пластмасса, химия, ағаш, мата,   шыны, электроника, металлургия, дизайн және басқа салалар  қатысады. Иранның автомобиль өнеркәсібі өз жұмысын әскери және азаматтық көліктер сияқты бірнеше автомобиль модельдерін жинау арқылы бастады.  Бастапқыда бұл саланың елдегі тәсілі шетелдік компаниялардың лицензиясы бойынша автомобильдер шығаруға негізделді.  Бірақ уақыт өте келе,  өзгерістер енгізіліп, Иранда автомобиль бөлшектері өндірісі қалыптасты.  Қазіргі кезде Иранның автомобиль өнеркәсібіне 30-дан астам шағын және ірі кәсіпорын кіреді: «Иран Ходро», «Сайпа», «Парс Ходро», «Бахман тобы», «Замяд», «Иран Ходро Дизель», «Сайпа Дизель», «Сайпа Азин», «Иран трактор».

Ирандағы  тұтыну көрсеткіші жоғары салалардың бірі тұрмыстық техника өндірісі саналады. Статистикаға сәйкес, тұрмыстық техника саласы елдегі өндірістердің ішінде үшінші орында. Тұрмыстық техника индустриясы - елдегі ең маңызды отандық өнеркәсіп салаларының бірі. Тұрмыстық техника өнімі әртүрлі кәсіптерді  байланыстырады.

Тұрмыстық техника шығаратын компаниялар қазіргі өзгеріп жатқан жағдайлар және күннен-күнге   ықпал етуші факторларға байланысты қатаң бәсекелестік кезеңінде жұмыс жасауда. Жаһандану және халықаралық нарықтарға қатысу тұрмыстық техниканы   сапалы және бәсекеге қабілетті бағамен шығаруды талап етеді.                                                                                              

«Парс Хазар», «SNOWA», «Пакшома», «Эмерсон», «Гималай», «Ахаван», «Бимакс», «Бутан» және «Alborz Steel» - Иранның тұрмыстық техникасы саласындағы танымал брендтері болып табылады.    

Тұрмыстық техника мен ас үйі жиһазы туралы айтатын болсақ, ең маңызды мәселе – қолдану үшін ең жақсы брендті таңдау.

Иранның тұрмыстық техника  саласындағы танымал компаниялардың бірі Pars Khazar  жарты ғасырға жуық уақыт бойы жұмыс жасап келеді.  Компания өз өнімдерін «Saya» және «Pars Khazar»  маркаларымен сатады. Pars Khazar бренді Ирандағы ең үлкен және сапалы тұрмыстық техниканың өндірушісі болып табылады. Pars Khazar бренді тұтынушылардың көңілінен шығатын ең үлкен және жоғары сапалы тұрмыстық техниканы шығарады.

SNOWA - өз қызметін 2005 жылы бастаған тұрмыстық техниканы шығаратын ирандық компаниялардың бірі. Компания  2005 және 2006 жылдары стартап жұмыс істей бастады. Бұл топ тұрмыстық техника, мұнай-газ және мұнай-химия, металлургия өнеркәсібі, құрылыс, туризм және сауда сияқты түрлі салаларда холдинг ретінде жұмыс істейді. SNOWA компаниясы   тұрмыстық техника саласында   жылыту және салқындату құралдары, телевизор, тоңазытқыштар, кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналар, кондиционерлер, шаңсорғыштар шығарады.   

 

 

 

 

Тегтер