Қаз 20, 2020 18:25 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 17

Әскери өнеркәсіп - жаһандық қарым-қатынастарға көптеген әсерін тигізетін ұлттық қуаттың белгісі.

 

Кез-келген елдің стратегиялық және маңызды салаларының бірі - әскери өнеркәсіп. Әскери өнеркәсіп - жаһандық қарым-қатынастарға көптеген әсерін тигізетін ұлттық қуаттың белгісі. Бұл салада дамыған елдер ең озық технологиялар мен бұл саладағы көрнекті мамандар мен жабдықтарға ие. Әскери өнеркәсіп басқа экономикалық салалардың дамуы мен сапасын арттыруға тиімді рөл атқарады. Экономистердің пікірінше, әскери шығындар инфрақұрылымның дамуы бұл елдің макроэкономикалық өсуіне әкелді.  Әскери салаға инвестиция салу мен оның дамуы ғарыш, теңіз, ақпараттық технологиялар және телекоммуникация сияқты басқа салаларда кеңейтуге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, саланың өндірісі мен экспортының қосылған құны жалпы ұлттық кірісті арттыра алады.

Иранның қорғаныс өнеркәсібі екінші Пехлеви дәуірінде және НАТО-ның әскери доктринасы аясында қалыптасты. Бұл саланың өнімдері сол кезде Иран Қарулы Күштері қажеттіліктерінің аз ғана бөлігін қамтамасыз етті және оның техникалық жетістіктері тек құрастыру желілері мен техникалық қызмет көрсету қуаттылығымен шектелді. Иран Ислам революциясына дейін аймақтағы ең ірі қару импорттаушылардың бірі болған. Елдің мұнай табысының үлкен бөлігі қару-жараққа жұмсалғанымен, сатып алынған қару-жарақ Иранның қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз етуге емес, американдықтардың Батыс Азия мен тіпті Африкадағы шекара маңындағы мүдделерін қорғауға қолданылды. Ислам революциясына дейінгі Иранның қаруларының көбі АҚШ пен Еуропадан импортталды. 1973-1977 жылдар аралығында шах АҚШ пен Ұлыбританияға ондаған миллиард долларлық қару-жараққа тапсырыс берді, тіпті Ислам революциясы жеңіске жетуден бір жыл бұрын (1977) Иранның қорғаныс өнеркәсібі ұйымы сионистік режиммен зымырандар шығару жөніндегі бірлескен жобаны бастады. Пехлеви үкіметі құлдыраған соң бұл жоба жабылды. Революцияға дейін Иранның қорғаныс өнеркәсібі 30-ға жуық қорғаныс қаруын шығарды, олардың көбін жеке өндірістерде шығарылды. Қарулы күштердегі 40 мың  шетелдік кеңесшілер зымырандары мен  әскери ұшақтарды сатып алумен айналысып, ирандық күштерінің араласуына жол бермеді. Ислам революциясының жеңісі және имам Хомейнидің арқасында Иран халқының  өзіне  сенімділік артуы Иранның қорғаныс өнеркәсібі үшін жаңа кезеңді ашты.

Иранның қорғаныс өнеркәсібіндегі өзгеріске  Саддам режимінің Иран халқына қарсы соғысы себеп болды. Революцияның алғашқы онжылдығында Еуропа мен АҚШ-қа деген әскери тәуелділік  жойылып, әскери кеңесшілер  кетіп, Ирактың БААС режимі әскерінің Иранға жан-жақты шабуыл жасауына қарамастан, Иранның қорғаныс өнеркәсібі бөлшектермен қамтамасыз етіп, елдің қорғаныс өнеркәсібінде бөлшек жасап шығару басталды. Иран халқының Ирактың БААС режиміне қарсы сегіз жылдық батыл қарсылығы кезінде Ирактағы режимі өз армиясын үш рет қалпына келтірді.  Иранның қорғаныс өнеркәсібі тарихында революцияның екінші онжылдығы  қару-жарақ пен құрал-жабдықтар шығаратын онжылдық деп саналуы керек. Батыс пен Шығыс блогы елдерінің кең әскери санкцияларына қарамастан, Иранның қорғаныс өнеркәсібі қасиетті қорғаныстың сегіз жылдық тәжірибесін пайдаланып, өзінің таңдаулы жастарының тәжірибесі мен адалдығына сүйеніп, дамып, әртүрлі жетістіктерге жетті.  Иранның қорғаныс өнеркәсібінің жетістіктерге жеткен   маңызды бағыттардың бірі - зымыран және зымырандық қуаттылықты арттыру болды. Бұл салада елдің қорғаныс өнеркәсібі салынған жүйелерді жаңарту және қашықтығы мен жылдамдықты арттыру, қаруды қолдану мен тасымалдауды жеңілдету арқылы Иранның тежегіш күшін айтарлықтай арттыра алды. Барлық қару-жарақтар, соның ішінде баллистикалық  құрлықтан-құрлыққа, құрлықтан-әуеге, құрлықтан-теңізге зымырандар ирандық қабілеттерге сүйеніп, жергілікті мамандармен жасалды. Иран зымырандық салада аймақ деңгейінде бірінші және әлем бойында бірнеше үздік елдердің қатарында орналасты. «Симурқ» және «Сафир» сияқты жерсеріктік зымырандарды жасаумен қатар, Иранның Қорғаныс министрлігінің «Кәусар» әскери ұшағын жобалау, әлем елдерінің әскери филиалдарын таң қалдырды. Әскери ұшақ жасап шығару үшін дамыған технологияларға ие болу керек. Ирандық мамандар бұл мәселені шеше алды. Жергілікті шабуылдаушы тікұшақтар жасау Иранның қорғаныс өнеркәсібінің тағы бір жетістігі болып табылады. Ұшқышсыз ұшақтар шығару саласында Иран осы кезде алыс қашықтыққа ұша алатын дрондар шыға алатын бірнеше дамыған елдер қатарына кіреді. Иранның «Фатех» сүңгуір қайығы Үнді мұхитының тереңдігінде территориялық және халықаралық суларды қорғау қызметін атқаруда. Иран - 125 км жылдамдығы бар және  зымырандарды тасымалдай алатын  жоғары жылдамдық кемелер жасау бойынша әлемдегі алғашқы бес елдің бірі. «Бавар 373» қорғаныс жүйесі Иранды оларды жасап шығаруға қажет заманауи  технологияға ие төрт елдің қатарына қосты.

 "Бавар-373"

Елдің әскери қолбасшыларының мәліметінше, түрлі санкцияларға қарамастан Иранның қорғаныс өнеркәсібінің дамуы  2300 пайызға өсті, бұл революцияға дейінгі кезеңмен салыстыруға келмейді. Иран қазіргі уақытта әлемдегі ең дамыған әскери-қорғаныс өндірістерінің біріне ие және Global Firepower-тің 2019 жылғы соңғы рейтингісіне сәйкес Иран әскери қуаты бойынша 137 елдің арасында 14-ші орында тұр. Иранның әскери шығындары аймақтық стандарттармен салыстырғанда өте төмен. Иранның жалпы қорғаныс бюджеті 6 миллиард доллардан аспайды, бұл аймақтағы кейбір елдердің 70 миллиард  және алпауыт елдердің жүздеген миллиард долларлық әскери бюджетімен салыстырғанда ешнәрсе емес.  Әр елдің қорғаныс өнеркәсібі қорғаныс инфрақұрылымдары саласында ғана емес, саяси, тұрмыс және экономикалық салаларда да қолданыла алады. Бүгінгі таңда АҚШ-тың Mackenzie, CNPC және Норинко Қытайдың Norinco, Оңтүстік Кореяның Daelim және Hyundai және Италияның Eni сияқты танымал компаниялары әскери базаға сүйене отырып, әлемнің басқа елдерінде де экономикалық миссияларды орындайды. Шын мәнінде, әлемдегі кейбір елдер өздерінің әскери компанияларының басқа елдердің даму жобаларына қатысуын қауіпсіздік мәселесі ретінде қадағалайды. АҚШ армиясының инженерлік тобы өзінің қызметін 1775 жылы бастап, қазіргі кезде дүниежүзінің әртүрлі мемлекеттерінде 600-ден астам бөгеттер мен электр станциялар құрылысымен айналысып, кейін оларды өз мүлкіне айналдырды.

Иранның қорғаныс өнеркәсібі өзінің көптеген мүмкіндіктері, тәжірибесі, білімі және тіпті екі мақсатты инновацияларымен   басқа экономикалық салалардың ілгерілеу мүмкіндігін қамтамасыз ете алды. Хатам әл-Анбия құрылыс лагері - Ирак-Иран соғысынан кейін құрылған Иранның  Сақшылар корпусының бөлімшесі. Бұл бөлімше   құрылыс жұмыстарына қатысып,   жеке сектормен қатар үкіметке де өзінің даму бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға көмектесті.  Оңтүстік Парс газ өндеу зауытының 15, 16, 22, 23 және 24 фазаларын жобалау, салу және пайдалануға беру, әлемдегі ең ірі газ конденсатты зауыт ретінде Парсы шығанағы зауытының құрылысы, әртүрлі теңіз мұнай-газ платформаларын орнатуды Хатам әл-Анбия құрылыс лагерінің  жұмыстарының бір бөлігі ретінде атап кетуге болады. Иранның көптеген облыстарында су өткізетін тоннельдердің механикаландырылған және механикаландырылмаған түрлерін жобалау және бұрғылау, 60-тан астам бөгеттер салу және елдің 50 пайызға жуық су қорын сақтау және жер үсті суларын бақылау, су электр станцияларын  және автомобиль жолдарын салу,   мұхитпен жүзетін төрт кеме, кемелердің барлық түрлерін салу және жөндеу, қаланың ішінде сыртында теміржол көлігі инфрақұрылымын құру және т.б. – Хатам әл-Анбияның келесі жұмыстарынан. АҚШ пен оның одақтастары 2007 жылдан бастап бұл топқа және оның барлық компанияларына, мекемелеріне, директорлар кеңесінің мүшелеріне және директорларына   санкция салып келеді. Қазіргі кезде Иранның қорғаныс өнеркәсібінің жетістіктері елдің жаулары мен Ислам революциясының күшейіп келе жатқан қатерлеріне тосқауыл құра отырып, өздеріне деген сенімділіктің, ұлттық сенімділіктің және ішкі қуатқа сүйенудің символы ретінде ұсынылды және ИИР-на үстемдік ету жүйесінің қысымшылық санкцияларына қарсы тұру үшін басқа отандық өндірістерді алға ілгерлетудің үлгісі бола алды.

 

Тегтер