Жел 16, 2020 20:40 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 21

Уылдырық - әлемдегі ең жігерлі, дәмді және қымбат тағамдардың бірі. Иранның солтүстігіндегі Каспий теңізі бекіре тұқымдас балықтардың тіршілік ету ортасы болып табылады.

 

Уылдырық - әлемдегі ең жігерлі, дәмді және қымбат тағамдардың бірі. Иранның солтүстігіндегі Каспий теңізі бекіре тұқымдас балықтардың тіршілік ету ортасы болып табылады. Әлемдік нарықтағы уылдырықтың шамамен 90 пайызы Каспий теңізінен алынады. Иран уылдырығы - әлемдегі ең жақсы уылдырық.

Иранның ең жақсы экспорттық өнімдері туралы айтатын болсақ, басқаларға қарағанда бірнеше тауар ерекше көзге түседі. Бұл өнімдерге май, кілем, пісте, шафран, уылдырық кіреді. Бекіре - бұл юра кезеңінен басталатын су жануарлары тобы. Осы себепті оларды тірі қалдықтар деп те атайды. Олардың 90 пайыздан астамы әлемдегі ең үлкен көл Каспий теңізінде өмір сүреді. Уылдырық шашқан кезде олар теңіздің оңтүстік бөлігі, Иранның жағалауына келеді. Балықтардың Каспий теңізінің оңтүстігіне қоныс аударуының басты себебі - теңіз бөлігінің олардың қоныс аударуы мен уылдырық шашуға қолайлы жағдайы. Каспий теңізінің солтүстік аймақтары қатты қысқы суыққа, бұл жерлердің таяз тереңдігіне, ағындарға үлкен бөгеттер салуға және зауыттар мен кемелерден туындаған ластануға байланысты бекіре тұқымдас балықтардың өмір сүруіне қолайлы жер емес. Каспий теңізінің шығыс жағалауы, әсіресе Түрікмен портының Хасанколи шығанағынан Мианкалеге дейінгі жағалауы Иранның бекіре балығын аулайтын маңызды жерлері болып табылады. Иран уылдырығының жартысы осы жерлерде алынады.

Уылдырық - бекіре деп аталатын балықтың жұмыртқасы. Бұл балықтар негізінен ауыр және салмағы 100 келіден асады. Бекіре, қызыл балық  бекіретәрізділерге  жататын ірі балық. Қортпа, қазбалық, сүйрік, шип және шоқыр Қаспиі теңізінің сапалы балықтарынан. Бекіре тұқымдас балықтардың құндылығы етінің қолданылуына байланысты емес, олардың уылдырық немесе қара меруерт деп аталатын жұмыртқаларына байланысты. Уылдырық алтын, қызыл және қараға бөлінеді, барлығының тағамдық құндылығы азды-көпті бірдей болғанымен, олардың ішінде қара уылдырық қымбатырақ. Қортпа балығы - уылдырық сапасы жағынан бірінші орында тұрған Иранның ішкі суларындағы ең үлкен балық. Салмағы шамамен 1400 кг және 100 жылдан асқан қортпаның үлгілер ауланды. Бұл балық әр 2-3 жыл сайын уылдырық шашады. Қортпа әлемдегі ең қымбат және ең жақсы уылдырығы бар балық. Қазбалық немесе Иран бекіресі  -  қазіргі уақытта дербес түрі болып саналатын бекіренің тағы бір түрі. Оның уылдырығы - екінші орында. Сүйрік – бекіре балықтарының үшінші түрі. Бұл балық каспий теңізінің барлық аймақтарында кездеседі. Оның уылдырығы алтын деп аталады және үшінші орында. Шип бекіре балықтардың келесі түрі. Шип - қоныс аударатын балық, ол көбінесе уылдырығын Иранның жағалауында шашады. Шоқыр Қаспий теңізінің ең кішкентай бекіре балығы және сапасы тұрғысынан соңғы орында орналасты. Оның уылдырығы ұсақтау және арзандау.

Бекіре балықтардың түрлері

Уылдырық - бұл өте жағымды дәмі мен иісі бар энергетикалық тағам. Алайда оның дәмі мен иісі кейбіреулерге жақпауы мүмкін. Уылдырық жасартатын эликсир ретінде белгілі. Себебі әрбір ас қасық ағзаға қажетті 40 ккал энергияны, 4 грамм ақуызды, 3 грамм майды, 11 пайыз темір мен магнийді және 15 пайыз селенді қамтамасыз етеді. Уылдырықтың қоректілігі соншалық, тіпті балық етінен де артық. Иран уылдырығы А, D және Е дәрумендеріне және йод пен фосфор сияқты минералдарға бай, бұл ауыр операциядан немесе жұқпалы аурулардан кейін қалпына келтіру кезеңін қысқарта алады. Омега-3 май қышқылдарының арқасында бұл таңғажайып тағам депрессия мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Уылдырық ревматоидты артриттің (буын аурулары), асқазан-ішек жолдарының аурулары мен қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің алдын алуда өте тиімді. Уылдырық темірге де бай, сондықтан оны темір тапшылығы анемиясы бар адамдарға қолдануға кеңес береді. Бекірелер жабайы табиғатта кеш піседі. Әдетте балықтан уылдырық алу шамамен жиырма жылдай уақытты алады. Бұрын балықшылар бекіренің құйрық соққыларынан аман қалу үшін оны резеңке балғамен жансыздандырған. Содан кейін уылдырығын босатп, етін сататын. Бірақ қазіргі кезде бұл балықтардың азаюына байланысты кесар тілігі әдісін қолданып, балықтың ішінен жұмыртқаларының бір бөлігін алынып, басқаларын балықтың қарнында уылдырық шашуға және көбеюге қалдырылады. Содан кейін балықты үш айға арнайы бассейндерде карантинге алынады, содан кейін олар таңбаланып, теңізге оралады. Бұл істі әр балық үшін алты ретке дейін жасауға болады.

Иран уылдырығы туралы ол шар тәрізді және олардың түсі балықтың түріне байланысты алтыннан, қоңырдан, сұрдан қараға дейін өзгереді деп айтуға болады. Бұрын Каспий теңізінің балықтарынан жыл сайын 300 тонна уылдырық алынатын. Бірақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Каспий маңы елдерінің балықтың артығымен аулауының салдарынан, өкінішке орай, балық түрлері жойылып кетті. Сондықтан Каспий жағалауы елдерінің келісімімен   2011 жылы Каспий теңізінен кәсіптік уылдырық аулауға тыйым салынды. Содан бері  ресурстар жөніндегі арнайы комиссия жыл сайын бұл туралы шешім қабылдады. Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтарды сақтау, өсімін молайту және шығару Иранның міндетінде. Осы сирек кездесетін түрді сақтау және күту үшін Иранның балық шаруашылығы департаменті жыл сайын теңізге қазбалық түрінің 20-22 миллионға жуық бекіресін жібереді.

Уылдырықтың құндылығын ескере отырып, көптеген елдер бекіре тұқымдас балық өсіруге қаржы салуды көздейді. Осы кезде салынған  нвестициялардың арқасында әлемде жыл сайын 300 тонна өсірілетін уылдырық өндіріледі. Иранда Мазандаран, Гилан, Голестан, Хормозган, Фарс, Кум және Хузестан сияқты елдің әртүрлі облыстарында шашырап жатқан 100-ге жуық бекіре өсіретін шаруашылықтар бар. Иранның балық шаруашылығы статистикасы бойынша ирандықтардың өсірілетін уылдырығы 5 тоннаны құрайды. Бірақ оның әлемдік нарықтардағы бағасы бәсекелестердің бағасынан шамамен 3 есе жоғары. Бұл Иранның осы өнімнің сапасы тұрғысынан жетекші рөл атқаратындығын көрсетеді. Осы себепті әлемдік нарықта өсірілетін уылдырық өндіретін көптеген елдер өз өнімдерін Иранның атынан шығарады.

Иран өнімдерінің басқа елдермен сапасының айырмашылығы сондай болып, Иран уылдырығының бүкіл әлемде өз тұтынушылары бар. Соңғы жылдары Батыстың Иранға қарсы санкцияларының максималды қысымына қарамастан, ирандық уылдырық санкцияларға әсер етпеген өнімдердің бірі болып табылады. Әлемдегі ең ірі уылдырық және бекіре өндірушісі - Qarabrun компаниясының өндірістік менеджері Мәһди Ислами: «Иранның бұл өніміне сұраныс көп,  тұтынушылар ирандық уылдырықты іздейді және олар өздері мәміле қаржысын кез-келген жолмен төлеу үшін бүкіл күшін салады»,- деді.

Уылдырықтың сапасын білу үшін балық түрлерінен басқа, оның жасының да уылдырық сапасына әсер ететін білу қажет. Жасы көп балықтардың уылдырығы жақсы, мөлшері үлкен және біркелкі болады. Егер жұмыртқа жетілу сатысына жетпеген болса, ол кішірек, ал егер уақыт өтіп кетсе, ол сыртқы түрін жоғалтады және ұсақталып, жұмсақ болады. Жылтыр және мөлдір уылдырық -  оның денсаулығының белгісі. Уылдырықтың дәмі ащы, өте тұзды және қышқыл болмауы керек. Иісі жағынан оның жағымсыз иісі болмауы  және уылдырық дәндері өлшемі бойынша біркелкі болуы керек.

Тегтер