Иран: Липар көлі (108)
Қаң 03, 2021 01:34 Asia/Almaty
Липар немесе Қызғылт көл Чабаһардан Гватарға барар жолдың 20 км жерінде Оман теңізінің жағасында орналасқан. Бұл табиғи көл суының түсі таңданыс тудырады. Су түсі минералды және органикалық өсімдік планктонының түсіне байланысты. Планктон түрлі өзендер арқылы осы шығанаққа ағып келеді.
Маусымдық дауылдар нәтижесінде пайда болатын теңіз ағымдары Оман теңізінің теңдессіз ерекшеліктерінің бірі саналады. Бұл ағымдар осы аймақта өсімдік планктонының көптеп жиналуына себеп болады. Сөйтіп, бұл көл қызғылт түске боялады.