Қаң 10, 2021 16:22 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 22

Иран экономикасының үлкен артықшылықтарының бірі - 15 көршісі мен 600 миллион халқы бар үлкен аймақтық нарық. Иранның мұнайдан басқа экспортын дамытудың маңызды стратегияларының бірі - осы елдермен сауда аналымын кеңейту.

 

Соңғы жылдары халықаралық аренада ерекше орынға ие болған саясаттың бірі әртүрлі экономикалық келісімдер жасау және көрші елдермен еркін сауданы құру болды. Экономикасы дамыған және жаңадан дамып келе жатқан елдер, жаһандық экономикалық процестермен өзара әрекеттесуден басқа, көршілес елдермен  сауданы жеңілдетуге негізделген экономикалық келісімдерге қол жеткізуге және әлемдік саудадағы өз үлесін ұлғайтуға талпынады. Иран экономикасының үлкен артықшылықтарының бірі - 15 көршісі мен 600 миллион халқы бар үлкен аймақтық нарық. Иранның мұнайдан басқа экспортын дамытудың маңызды стратегияларының бірі осы елдермен сауда аналымын кеңейту болып табылады.  

Ауғанстан - Иранмен 850 км астам шекарасы бар Иранның көршілерінің бірі. Ауғанстан – Азияның ортасында орналасқан маңызды мемлекет. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, елдегі тұтыну тауарларының 96 пайызы импортталады, ал елдің экспорты жылына 4 пайызға ғана жетеді. Ауғанстандағы дүкендер мен супермаркеттердің көбінде ирандық, түрік, қытай және пәкістандық тауарларды көруге болады. Көршілес немесе Ауғанстаннан алысырақ жердегі  елдердің кез-келгені осы күндері 30 миллиондық  нарыққа ие болу үшін осы елде мықты орналасуға талпынуда. Алайда Ауғанстанның экономиксты Саид Масуд Иран туралы: «Ауғандықтардың көптеген проблемалардан құтылу және ашық суларға қол жеткізу және террористік бағыттағы топтардың ықпалын азайту үшін Иранмен байланысты кеңейтуден басқа амалы жоқ. Ауғанстан - ирандық кәсіпкерлер үшін үлкен және дамып келе жатқан нарық, екі жақтың да оларды тығыз экономикалық және сауда қатынастарына мәжбүр ететін басым мүдделері бар. Мен Иран мен Ауғанстан қатынастарының болашағына оптимизммен қараймын»,- деді.

Ауғанстанның жалпы импортының 36% -дан астамы Иран тауарларына тиесілі. Екі елдің экономикалық субъектілері    жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары, фармацевтика өнеркәсібі, қолданбалы және жұмыспен қамту салалары, ирандық технологиялық артықшылықтары бар салалар, техникалық және инжинирингтік қызметтердің экспорты, ауылшаруашылық конверсиялық өнеркәсіптер, мал шаруашылығы, кілем, пластмасса, шыны, цемент шикізатымен қамтамасыз ету, медициналық және діни туризм салаларында ынтымақтастық етеді. Осы уақытқа дейін Иран Ауғанстанда бірнеше арнайы экономикалық көрмелер өткізді. Оңтүстік Хорасан провинциясы сыртқы сауда департаментінің ресми өкілі Саид Бехештидің айтуынша, олардың мақсаты экспорттау ғана емес, сонымен қатар компанияларды Ауғанстандағы сауда серіктестерімен таныстыру болды. Ауған кәсіпкерлері мен экономикалық белсенділері Иранды көршілес және тілдес ел деп санап,  басқа елдермен салыстырғанда Иранмен сауда жасауды жөн көреді. Өйткені кейбір ауғандықтардың пікірінше, Батыс үкіметтерінің таңған экономикалық саясаты Ауғанстанды өнім шығаратын және ішкі экономикаға сүйенетін елге айналдыра алмады деп санайды. Сондықтан олар Иран ұстанған жолмен жүруі керек. Кабулда Иранның жеке көрмесіне отбасымен аралаған Ауғанстан азаматының бірі Юсеф Саид: «Біз ирандықтардың өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізгеніне қуаныштымыз. Себебі олар бізге тәжірибесін көрсетіп, егер біз біріксек, ешқандай алпауыт күштің дамуымызды тоқтата алмайтындынын дәлелдеді. Ауғанстан халқы Иран тауарларына өте қызығушылық танытады, бірақ Иран тауарларын Ауғанстанда насихаттау өте аз және бұл жерде Иранның  сапалы тауарлары туралы білетіндер аз»,- деді.

Тамақ өнеркәсібі компаниясының бас директоры, Иранның Ауғанстандағы көрмелерінің бірінің қатысушысы Маджид Резаи: «Ауғанстанда әлемдегі барлық басқа нарықтар сияқты мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер бар. Бұл елдің басқа елдерден айырмашылығы адамдардың ирандық тауарларды сатып алуға деген ұмтылысын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес және көптеген адамдар ирандық тауарлардағы парсы мәтінін оңай оқи алады»,- деді. Ауғанстан халқы мен кәсіпкерлерін осы елде өткізілген Иран жәрмеңкелерді жылы қарсы алуы   ирандық өндірушілер мен инвесторларды бұл елге көбірек қатысуға  ынталандыруда. Бұл көрмелерде Ауғанстан халқының Иран тауарларына деген қызығушылығы анық байқалуда.

Иранның тағы бір көршілес ел - Ирак. 2018 жылы АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының жаңа кезеңі басталғаннан бері   Иран рекорд жасап, Иракқа 9 миллиард долларға тауар экспорттай алды және бұл елдің нарығында бірінші орынға иеленді. Иран мен Ирак арасындағы сауда қатынастарының көлемі жылына шамамен 13 миллиард долларды құрайды, алдағы екі жылда  бұл көлемді 20 миллиард долларға жеткізу жоспарланып отыр. Соңғы жылдары Ирак аймақтағы Иранның маңызды сауда серіктестерінің бірі болды. Соңғы бірнеше жылдағы Иранның Иракқа экспорты айтарлықтай өскеніне қарамастан, көптеген сарапшылар екі ел арасындағы сауда көлемі Иран мен Ирак арасындағы әлеуеттен гөрі аз деп санайды. Екі ел арасындағы шекара, саяси, діни және тарихи ортақтықтар қазіргі сауда көлемінен арттыруға мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта Иран Ирак нарығында көптеген мүмкіндіктер мен әлеуеттерге ие. Құрылыс өнімдері, тамақ өнімдері, жуғыш заттар, санитарлық тазалыққа қажет заттар, киім, автомобильдер, тұрмыстық техника, техникалық және инженерлік қызметтер Иракқа экспортталатын   негізгі тауарлар болып табылады. Екі ел  туризм саласына да назар аударуға болады. Ираннан Иракқа жыл сайын зиярат ету үшін үш миллион адам аттанады. Бұл Ирактың туризм индустриясын нығайтты, сонымен қатар Иракқа валюта әкелетін жолдардың бірі. Иранның қолөнершілері мен инвесторларының көмегімен Иракта болат және түрлі құрылыс материалдары сынды  өнімдерді шығаратын өндірістік қуатты арттыру арқылы бірлескен өнеркәсіптік қалашықтар құру аймақтағы елдердің қажеттіліктерін қанағаттандырып, Ирак үшін ішкі өндіріс пен экспортты арттыра алады. Иран мен Ирак арасындағы экономикалық алмасу саласында екі елдің жылжымайтын мүлік секторына салған инвестициялары туралы айтуға болады. Ирактықтар Иранның жылжымайтын мүлік секторына қомақты қаржы құйды. Ирандықтар сонымен бірге Ирактың жылжымайтын мүлік секторына кіруде және Ирактың кейбір қалалары, стадиондары мен коммерциялық орталықтарының құрылысына белсенді түрде инвестиция салуда. Иранның экономикалық белсенділері елдер арасында экономикалық және сауда тұрақтылығы болу үшін екіжақты қарым-қатынас орнату керек екенін жақсы біледі. Ирак жағдайында шешімдердің бірі - тауарлардың транзиті.

Иран-Ирак бірлескен сауда палатасының басшысы Яхья аль-Исхақтың айтуынша,   «Ирак бізге қажетті тауарларды өз күшімен жеткізе алмаса да, транзит арқылы 6 миллиард долларлық тауар жеткізе алады. Біз сондай-ақ бұл транзиттің Ирак арқылы өткенін қалаймыз. Бұл сондай-ақ Ирак арқылы өтетін 6 миллиард долларлық тауарлардың транзиті біздің Иракпен сауда қатынастарымызды тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындығына байланысты. Бірақ басты проблема - Ирак заңдары және Ирактағы осы көлемдегі тауарлардың көлік жүйесі.

Қазіргі уақытта Сирия мен Иорданияға жететін 17 км Шаламчех-Басра теміржол магистралі аяқталған жоқ. Қанша күш жұмсалғанына қарамастан, дұшпандар осы теміржолды аяқтап, қосудан қорқады. Бақытымызға орай, соңғы келіссөздер жүргізіліп және жоба жетекшісі ретінде Аз қамтылғандар қоры таңдалса, біз осы теміржолдың құрылысы мен пайдаланылуын тезірек көреміз деп үміттенеміз. «Иракта транзиттік заң қабылданып, екі елдің теміржолдары қосылған кезде Иракпен сауданы тағы 6 миллиард долларға дейін кеңейтуге болады».

Экономикалық белсенділердің пікірінше, Ислам революциясының дұшпандары Иран мен Ирак арасындағы экономикалық қатынастарды бұзу үшін келіспеушіліктер тудыру жаңа мәселе емес. Бұл ирандық кәсіпкерлер мен инвесторлардың барлық көршілес елдермен экономикалық байланыс орнатуы керек проблема деп айту дұрысырақ.  Ислам республикасының дұшпандары Иранның 15 көрші елдермен 250 миллиард доллардан астам сауда-саттық қабілеті бар екенін біледі. Демек, ол бұл қарым-қатынасты болдырмауға талпынуда. Иракқа қатысты әртүрлі нәрселерді айтуға болады. Мәселен, өткен маусымда Кербала қаласындағы «Калех» сүт зауыты өртке оранды. Компания Иракта тәулігіне 500 тоннаға жуық өнім оның ішінде йогурт, айран және ет өндіреді. Сондай-ақ, қастықтарға қарамастан, ирандық мамандар бұл елде төрт электр станциясын салып, жұмыс істей алды.

 

 

Тегтер