Жел 13, 2021 21:17 Asia/Almaty
  •  Құранда аталған әйелдер (9)

Хазірет Нұх пайғамбардың заманында жер бетінде жемқорлық жайлап, адамдар таухид пен әділет дінінен бас тартып, пұтқа табынуға бет бұрды.

Хазірет Нұх пайғамбардың заманында жер бетінде жемқорлық жайлап, адамдар таухид пен әділет дінінен бас тартып, пұтқа табынуға бет бұрды. Таптар арасындағы алшақтық күннен күнге кеңейе түсті. Күштілері әлсіздердің құқығын бұзды және жәбірлеушілер қол астындағыларды қыспаққа алды. Осындай жағдайда Алла Тағала Нұх пайғамбарды кітап және заңымен бірге жіберіп, оны адамдарды таухид дініне және жалған тәңірлерді тәрк ету дініне шақырып, олардың арасында теңдік орнату үшін жіберді. Хазірет Нұқх өз халқының алдында: «Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар». «Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді».(«Нұх» сүресі, 3-4 аяттары)

 

Хазірет Нұх - пұтқа табынушылыққа қарсы шыққан алғашқы таухид пайғамбары. Нұх қалалық отбасынан шыққан Вағеле есімді әйелге үйленді. Бұл әйел пәк болғанымен, оның жаман әдеті болған, сондықтан Құран оған сөгіс берген. Хазірет Нұхтың әйелі үйдің сырын шығарып, күйеуінің үстінен шағымданған. Ол кәпір болып,  Аллаға иман келтірмей, қоғамдағы адамдардың ауытқыған ойларының әсеріне түсіп, ғалам мәңгі Алламен жаратылды деп санаудан бас тартты. Хазірет Нұхтың әйелінің оқиғасы діни білім алу үшін жеке адамдардың әлеуметтік ортасы ешқашан абсолютті және 100 пайыз әсер етпейтінін көрсетеді. Адам өз таңдауы мен еркі бойынша анықтаушы фактор ретінде қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайларға қарсы қозғала алады. Басқаша айтқанда, кез келген адам баласының саналы түрде және өз еркімен таңдаған  жолы оны бақыт немесе қасірет әкеледі. Нұхтың әйелі дұрыс жолға жетелейтін  ортада болғанымен, өзінің қате таңдауымен жойылу жолын таңдады.

Хазірет Нұх (ғ.с.) заманындағы адамдар өздерінің жаратылыс философиясы туралы ойланбады және өздерінің ырымшыл сенімдерінен, жаман істерінен, жағымсыз қылықтарынан ұялмады. Олар надандық пен хабарсыздықта өмір сүрді. Осы жылдар ішінде Нұхқа иман келтіріп, оның шақыруына мойынсұнғандардың саны жүзге жетпеді! Нұхтың әйелі қауымға сәйкес күпірлік пен мойынсұнбаушылықта берік болды. Ол жұбайын сыйламады, тіпті адамдарға келіп, хазірет Нұхтың шақыруын қабылдамауды  шақырып: «Нұх қартайған және ақыл-ой күшін жоғалтқан»,- деді. Нәтижесінде Нұх өз қауымының адасуынан зардап шегуімен бірге, әйелінің сөзі де ол үшін  азап болды. Әйелі хазірет Нұх пайғамбардың нұрына басқалардан гөрі көбірек бөленіп, оның дана уағыздары мен сөздерін естігенімен, өкінішке орай, жұбайының пайғамбарлық міндеті оған әсерін тигізбеді. Егер Вағеле өзінің таза адамдық болмысын сақтаса және  кемелдікке жеткісі келгенде,   шындық пен бақыт жолында түсіп, жұбайына ең жақсы тірек бола алар еді. Бірақ ол әрқашан Алланың таңдаулы қызметшісін әлсіретіп, өзін тура жолдан аулақ ұстады.

Ерлі-зайыптылардың татулығы мен тыныштығы некенің маңызды мақсаттарының бірі болып саналады. Отбасындағы тазалық, бірлік пен жақындықтың болуы некенің басты мақсатқа жетудегі белгісі және ердің мен әйелдің жарының алдындағы парызын өтеуінің белгісі. Сонымен қатар, әйелдердің  мейірімділігінің күштілігіне байланысты олардың отбасының психикалық денсаулығын қамтамасыз етудегі рөлі маңыздырақ. Әйел күйеуінің қиыншылықтар алдында шаршаған, үмітсіз көңіл-күйін өзгерте алады. Күпірлік қараңғылығы адам болмысына үстемдік етіп, оның туа біткен адамгершілігі мен Аллаға ұмтылған пенделігін бұрмалағанда, ең күшті сыртқы фактор да адам жанынан қыңырлықтың қарасын кетіре алмайды деген қауіп бар. Нұх пайғамбардың әйелінің оқиғасы осы ащы шындықты түсіндіреді. «Тахрим» сүресінде Лут әйелі туралы айтылғандай Нұх әйелі туралы да баяндалды. Сүреінің 10-шы аятында: «Алла Тағала кәпірлерге Нұхтың (ғ.с.) әйелі мен Лұттың (ғ.с.) әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Алладан еш қорғай алмады. “Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер” делінді»,- деп айтылды.  

 

Бұл аят кәпірлердің қатыгездік пен қирату сипаттарын ашып: «Егер Нұх немесе Луттың әйелдері осылай болса, бұл олардың Аллаға және Оның Елшісіне жасаған опасыздықтары»,- деді. Кімде-кім мұндай сатқындық жасаса, пайғамбарларға байланысты болса да, соңы сәтсіз аяқталады.   Құран Кәрімде жаман әйелдерге қатысты айтылған ең үлкен ерекшелік – қиянат. Нұхтың әйелі – уахидің ортасында және сабырлы пайғамбардың қасында болған әйел. Бірақ ол илаһи ілімдерге соншалық жат және алыс болғандықтан, оны сатқын деп сипаттады. Ол жұбайын балағаттап, өзгелердің көзінше ақылсыз деп айыптады. Құран Кәрімде бұл әйелдің илаһи пайғамбарлардың әйелі болғаны, бірақ оның пайғамбарлық жолын бөгеп, ақиқат нұрын сөндіруге ұмтылған сатқын екені айтылды. Ол қыңырлықтың туын көтерді, сондықтан тозаққа түсетін болды. Иманымен, өзінің адал істерімен Алланың пайғамбарына ең жақсы қолдау көрсете алатын әйел надандығы және ырымшылдығымен   Нұх пайғамбардың дұшпанына айналып, мәңгілік азапқа ұшырады. Егер адам Алланың адал құлының әйелі болса да, өзіне немқұрайлылық танытып, күнделікті өмірі мен материалдық күш-жігерін мақсат етсе, рухани өлшем ұмытылады, Алламен қарым-қатынасы толығымен үзіледі немесе рухсыз және мазмұнсыз   түрде қалады.  Болмысындағы кәпірлік пен көпқұдайшылық  дәлелденген Нұхтың әйелі кәпір ретінде илаһи азапқа лайық болды. Хазірет Нұх ұзақ жылдардан кейін өз қауымына тура жол көрсетуден  көңілі қалғанда, алдымен өз қауымын лағынет етті. Содан кейін Алла оған кеме жасауды бұйырды.

Нұхтың әйелі пайғамбарлардың илаһи орталығында олармен бірге физикалық болу, бірақ иман келтірмеу илаһи азаптан құтылуға себеп емес екенін көрсететін мысал ретінде келтірілген. Сондықтан әрбір адам өз сенімі мен ой-пікірінде өте сақ болып, қабылдаған нәрсені терең және хикметпен ойластыруы керек.

 

Тегтер