Қаң 14, 2022 21:03 Asia/Almaty
  •  Құранда аталған әйелдер (11)

Хазірет Мәриямның перзенті хазірет Иса - Алланың ұлық пайғамбарларының бірі. Ол басқа илаһи пайғамбарлар сияқты адамзатты құтқару және бақыт әкелу үшін жіберілді. Құран Кәрім хазірет Исаны (ғ.с.) киелі және ұлы деп атап, оның сүйікті анасы Мәриямды мадақтап, оның таңғажайып өмірін әдемі қисса түрінде баяндайды.

 

Хазірет Мәриям өмірдің барлық көріністерінен алыстап, тек Аллаға бет бұрып, хазірет Иса (ғ.с.) сияқты илаһи мейірімнің белгісінің келуіне жағдай тудырды. Құран Кәрімнің «Мәриям» сүресінің 16-21-ші аяттарында былай деп айтылды: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Құрандағы Мәриямды айтып бер. Сол уақытта ол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды.  Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рухымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді. (Мәриям): “Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын” деді. (Рух): “Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін” деді. Мәриям: “Маған бір адам жұғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам” деді. (Жебірейіл ғ.с.): “Ол, солайша” деді. Өйткені, Раббың: “Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді” деді».  

 

Хазірет  Мәриям Алланың әмірін орындау үшін бірнеше ауыр әрі негізсіз айыптарды көтеруге дайындалу керектігін білді. Осы себепті ол жалашылар мен өтірікшілердің қысымына төзу үшін табандылық пен сабыр сақтады. 

Мәриям жүктілігінің соңғы айында, дертті сезген кезде ол аптап күннен құрғақ пальма ағашының астында паналады және өз алдына: «Уа, Алла, маған рақым ет. Менің отбасым таза, тақуа болды. Маған тағылған айыпқа шыдамдылық танытуға көмектес»,- деді. «Мәриям» сүресінің 22-26-шы аяттарында былай деп айтылды: «Ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті. Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: “Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді” деді. (Періште) оның астыңғы жағынан: “Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты” деп дабыстады. Мәриям әлі есін жимаған жағдайда: «Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі» (деген үн келді). Ал енді же де, іш. Көз айым бол! Егер адамдардан біреу көрсең: “Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін” де». Мәриям алғашында таң қалды, бірақ оның жүктілігінің де табиғи емес екенін,  Алланың қалауымен болғанын есіне түсіріп, тынышталды. Бірнеше  құрманы жеп, су ішіп, біраз демалды. Содан соң сүйікті сәбиін құшақтап, елге қарай жүрді.

Хазірет Мәриям сахнаға қайсарлықпен, жүрек тыныштығымен шығып, халқымен бетпе-бет келді. «Мәриям» сүресінің 28-34-ші аяттарында бұл туралы былай деп айтылды: «Әй һарұнның қарындасы! Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді. Мәриям баланы көрсетті. Олар: «Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?»,- деді. (Бала): «Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды»,- деді.  «Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды». «(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады». «Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады». Міне осы: Олар шүбәланған Мәриям ұлы Иса (ғ.с.) жайындағы Алланың хақ сөзі».  

 

Хазірет Мәриям Алла Тағаланың қалауын, сондай-ақ өзінің пәктігін қоғамға жеткізгеннен кейін, уағыз-насихат уақытына дейін перзентін  өсіру үшін онымен бірге алыс елге хижрат етті. «Мүминун» сүресінің 50-ші аятында: «Мәриям ұлы (Иса) мен анасын бір ғибрат қылдық. Екеуін қауіпсіз, бұлағы сарқыраған бір жәйлі жерге орналастырдық»,- деп айтылды.

Хазірет Мәриям пәк, тақуа әйел ретінде хазірет Исаның (ғ.с.) тәрбиесінде маңызды рөл атқарған. Алланың ұлық пайғамбары Иса (ғ.с.) өмірін Бейт әл-Мұқадаста ғибадатпен өткізген пәк әйелден туылды. Хазірет Мәриям тақуа әрі төзімді әйел болған. Ол әйел үшін құнды нәрсе – жауапкершілік пен тиімді әрі сындарлы міндетін атқару екенін көрсетті. Әйелдер еркін және қоғамда белсенді болуы керек деген ұран олардың мәселелерін шешпейді және олардың тұлғасына сенімділік пен қауіпсіздік бермейді. Қазіргі кезде өзінің нағыз адамди болмысы мен адамгершілік жолынан адасып кеткен әйелдерді көп көріп жүрміз. Құранның негіздерінше әрбір адам, мейлі еркек болсын, мейлі әйел болсын, өсіп-өркендеп, серпінді болуы керек. Иман, пәктік және адамгершілік бұл жолдың жақсы негізі болып табылады.

Мәриям қоғамды зұлымдық пен адасудан құтқару үшін жауапкершілік пен табандылықпен өте маңызды діни міндетті орындады. Сондықтан да Құран аяттарында оның болмысы   пәктік, сабырлық пен илаһи әмірге мойынсұнушылық жұпар иіске толы кеңістікте суреттелген болар. Әйелдер осы ізгі қасиеттерді өз бойына жаратса, адамзат әлеміне ұлы да қабілетті перзенттерді ұсынады. Сондықтан әйелдер руханият пен мейірімді Жаратушымен қарым-қатынас жасау арқылы илаһи сипаттарға ие болуға тырысуы керек. Әйелдер   пайғамбарлар адам баласын тәрбиелегендей, сол ұлы тұлғалардың соңынан еріп, тақуа әрі тарихи адамдарды тәрбиелеуге талпынуы керек.

 

  

 

 

Тегтер