Maм 30, 2022 19:27 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер (14)

Хазіреті Мұсаның (ғ.с.) өміріндегі тағы бір ықпалды әйел Сафура – ​​оның әйелі, Шуайб пайғамбардың қызы.

Хазірет Мұса (ғ.с.) дене бітімі өсіп, есейгеннен кейін күшті адам болды. Бір күні ол кенет біреудің көмекке шақырған дауысын естіді. Ол дауысқа бұрылып, перғауын үкіметінің бір уәкілінің дәрменсіз адамға зорлық-зомбылық көрсетіп жатқанын көрді. Хазірет Мұса жәбірленушіні қолдап, залыммен бетпе-бет келіп, оны жұдырықпен ұрады. Соққыдан ер адам қаза тапты. Бұл оқиғадан кейін  ең алыс шетінен бір адам асығыс келіп: «Перғауындықтар  басшылары сені өлтіру үшін сізге қарсы қастандық жасап жатыр. Сондықтан тез арада бұл жерден кет»,- деді. Кез келген сәтте апатты күтіп тұрған Мұса Мысыр жерінен алаңдап,  жолға шықты.

Хазірет Мұса қаланың қараңғылығын және айналадағы пейзаждарды көргенде, мұны жақсы белгі ретінде қабылдады және Алланың рақымымен өзін қауіпсіз өмірмен қамтамасыз ете аламын деп үміттенеді. Құранда: «Ол, Мәдян жаққа жөнелген сәтте: “Раббымның, маған тура жол көрсетуін үміт етемін” деді»,- деп айтылды. («Қасас» сүресі, 22-ші аят).

Қалаға жақын жерде ол қойшылар қойларын суарып жатқан құдыққа немесе бұлаққа келді. Арғы жақта суаратын жердің босауын күтіп отырған екі шопан қызды көрді. Хазірет Мұса екеуінің қасына барып, қысқа әңгіме барысында олардың Шуайб деген қарияның қызы екенін білді. Олар басқа шопандардың немқұрайлылығы немесе ұялшақтықтан соңғы шопанның жұмысының аяқталуын күтуге мәжбүр. Екі қыздың жағдайын естіген хазірет Мұса олардың отарын суға айдады және оларға ер адамдардан қорықпай, қойларын суаруға көмектесті. Отарды суарып, қыздар үйлеріне қуана оралды, ал Мұса (ғ.с.) ағаштың көлеңкесінде демалды. Құран Кәрім «Қасас» сүресінің 23-24-ші аяттарында: «Мәдян суына барған кезде, ол жерде мал суарған бір топ адам көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып тұрған екі әйел керді де: “Екеуіңнің бұйымтайларың не?”,-деді. Екеуі: “Малшылар малдарын алып кеткенге дейін суара алмаймыз. Әкеміз кәрі шал” деді. Мұса (ғ.с.) олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: “Раббым! Сен маған қайырдан не жіберсең мұқтажбын” деді».

Әкесі қыздарды көргенде таңданып: «Қалай бүгін ерте қайттың?»- деп сұрады.  Олар: «Құдық басында бір әділ адам бар еді, ол бізге көмектесіп, қойларымызды суарды»,- деп жауап берді. Хазірет Шуайб (ғ.с.) қыздарының бірі Сафураға Мұсаны үйге шақыруға өтінді. Алла Тағала «Қасас» сүресінің 25-ші аятында былай деп айтылды: «Сонда екі әйелдің бірі, ұялған түрде келіп: “Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады” деді. Хазірет Мұса (ғ.с.) Шуайыбқа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Хазірет Шуайб: “Қорықпа! Залым елден құтылдың” деді».  Сол кезде қыздарының бірі (Сафура): «Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалдаған адамдардың қайырлысы да, күшті, сенімдісі” деді.  Қыздардың әкесі хазірет Мұсаға: “Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табарсың” деді». Хазірет Мұса да қабылдап, қарапайым және рухани ортада Шуайбтың күйеу баласы болды және тек адал әйелі болған жоқ. Мұса да қабыл алып, қарапайым әрі рухани ортада Шуайбтың күйеу баласы болды және Алланың пайғамбарының қасында қалып, Шуайб пен оның мектебінен көп нәрсені үйренген адал адам болды.  Сафура Мұса Мысырға қайтып оралғанда және оның миссиясы кезінде қасында болды және ол ең қиын сәттерде жұбайына көмектесіп,  өз рөлін үлгілі және әсер ететін әйел ретінде бекітті.

Бұл оқиға әйелдердің үйден тыс жерде және пәктік пен хиджаб контекстінде пайдалы болуын көрсетеді. Ғалымдар мен психологтардың  пікірінше, тарих бойы - әйелдер табиғатына сәйкес   және өз беделін сақтап қалу үшін - өздерін ерлердің қолы жетпейтін жерде ұстауға талпынды. Әйелге тән табиғи қасиеттердің бірі саналатын ұят - әйелдің ішкі болмысын қорғап, еркек алдындағы мәртебесі мен орнын сақтап қалуға бағытталған  ерекшелік болды. Әйел  пәк, ізетті болса, денесін өзгенің көзіне көрсетпесе - құрметі арта түседі. Негізінде пәктік - әйелдің ер адам алдындағы ұстанымы мен құндылығын сақтау үшін әрқашан қолданатын құралы. Қоғамдағы ерлер мен әйелдердің әрекеті мен қатынасы өте маңызды. Алла Тағала Пайғамбардың әйелдеріне: «Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлде кім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер»,- деді. Аят тікелей Пайғамбардың әйелдері туралы болғанымен, бірақ үкім оларға ғана тән деп есептелмейді, барлық мұсылман әйелдеріне қатысты. Ұялшақтық сөз сапасының намахрамды түрткілемейтіндей болуын талап етеді. Сондықтан фиқһ ғалымдары мен діни ғұламалар әйелдің намахраммен сөйлесуіне немесе арандатушылықпен дауысын намахрамға жеткізуіне рұқсат бермейді.

Басқа жағынан, Шуайб қыздарының мінез-құлқы қыз бен жігіттің қоғамдық қарым-қатынасында олардың мінез-құлқы, сөйлеуі ұятқа     негізделу керектігін көрсетеді. Алла Шуайбтың қызының жүрісін ізетті және қарапайым сипаттады. Өйткені олардың қозғалу тәсілі, сөйлеу тәсілі және олардың әрқайсысының хабары ерекше. Осы оқиғаны мысалға ала отырып, жас қыздар басқа адамға қызығушылық танытса, қандай да бір әрекет жасамас бұрын, шешім қабылдамастан бұрын олардың ғылыми және практикалық тәжірибесін пайдалану үшін ата-анасымен немесе білімді кеңесшісімен қарама-қарсы жынысты талқылауы керек.  Егер қыз бен жігіт бұл мәселелерді тәжірибелі адамдармен, отбасымен немесе кеңесшілермен көтерсе, көптеген жасырын және сау емес қарым-қатынастардан аулақ болады деп үміттенуге болады. Бұл қиссада Құран қыз бен жігітті қадалып қараудан, нәпсіқұмарлықтан, қадағаланбайтын көзқарастан аулақ болуға шақырады.  Мұса пайғамбар (ғ.с.) Шуайбтың үйіне бара жатқанда оның қызына: «Мен алға, ал сен менің артымнан жүр»,- деді. Хазірет Шуайбтың қызы және хазірет Мұсаның (ғ.с.) жұбайы Сафура қарапайымдылық пен жақсы жар үлгісі болды. Құран Кәрімде оның қарапайымдылығы қуатталды. Негізінде, әсіресе әйелдер үшін   ұят және пәктік иман мен кемелдіктің белгісі және тақуалық рухының қажеттілігі.  

  

 

 

Тегтер