Нұрлы жол. 874-бөлім. "Фуссиләт" сүресінің 1-7 аяттары
Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 874-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.
Өткен бағдарламада "Ғафир" сүресін аяқтадық. Бүгінгі бағдарламада "Фуссиләт" сүресін бастаймыз. Бұл сүре Меккеде түскен. Онда 54 аят бар. Басқа меккелік сүрелер сияқты бұл сүреде пайда болу, қайта тірілу және Алланың адам мен әлемге үстемдігінің белгілері туралы айтылған.
"Фуссиләт" сүресінің 1-4-аяттарына құлақ түріңіздер:
«بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـنِ الرَّحِیمِ»
«حم»، «تَنزِیلٌ مِّنَ الرَّحْمَـنِ الرَّحِیمِ»، «کِتَابٌ فُصِّلَتْ آیَاتُهُ قُرْآنًا عَرَبِیًّا لِّقَوْمٍ یَعْلَمُونَ»، «بَشِیرًا وَنَذِیرًا فَأَعْرَضَ أَکْثَرُهُمْ فَهُمْ لَا یَسْمَعُونَ»
Аяттардың аудармасы:
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Ха Мим. (1)
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла тарапынан түскен. (2)
Бұл Кітап, білген ел үшін аяттары ашық-ашық баян етілген арапша Құран. (3)
Қуандырушы, қорқытушы. Алайда олардың көбі жалтарады. Сондықтан олар құлақ салмайды. (4)
Осыған дейін айтып өткеніміздей, Құранның 29 сүресі курсивті әріптермен басталған. Бұл сүрелерде осы әріптерден кейін Құранның ұлылығы айтылған. "Фуссиләт" сүресі де сондай, екі әріп "һа" және "мим"-мен басталған. Содан кейін бұл ұлы кітаптың илаһи рақымнан бастау алғаны айтылған. Сондықтан оның аяттары – барлық адамдар үшін рақымшылықтың мәйегі. Әрине мүміндер рақымға бөленеді. Кәпірлер өздерін рақымнан мақрұм қалдырады.
Айта кету керек, Құран аяттары жазбаша түрде түсірілмеген, пайғамбар да оны жазып алмаған. Бірақ Алла елшісі өз жүрегіне уәһи етілген нәрселерді халыққа оқып берген. Осы тұрғыдан ол "Құран" деп аталған. Пайғамбардың бұйрығымен 4 серігі хазірет оқыған нәрселердің барлығын жазып алып отырған. Сондықтан Құранның басқа бір атауы – кітап.
Құран шешен әрі жетік араб тілінде түсірілген. Ақиқатты білгісі келген адамға оның аяттары анық та айқын. Әрине Құран хабардар етіп, танымды арттырумен қоса, сүйіншілеу мен ескерту арқылы халықты жақсы да лайықты істер атқаруға ынталандырып, жаман да лайықсыз істерден бас тартуға шақырады.
Пайғамбарлар мен илаһи кітаптардың шақыруынан адамдардың көбі теріс айналады. Өйткені олардың түйсік және нәпсі қалаулары шектеуге түсіп, қалаған нәрсесін айтуға немесе кез келген істі істеуге рұқсат бермейді.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Құран – хазірет Мұхаммедтің сөзі емес, Құдайдың сөзі. Бұл кітаптың мазмұны да Жаратушының шетсіз-шексіз рақымынан туындаған. Сондықтан Құранның сөздері мен мазмұны дана әрі мейірбан Алла тарапынан түсірілген. Осы тағылымдар негізінде әрекет ету адамзат қоғамының дамуы, гүлденуі мен жоғарылауына себеп болатыны анық.
- Құранда халықтың дамуы мен басқарылуына әсер етіп, рөл ойнатын кез келген нәрсе әрқилы қалыпта егжей-тегжейлі баяндалған. Мынадай қалыптар: бұрынғы қауымдардың тағдыры, ғибратты әңгімелер, мысалдар, илаһи нығметтерді еске салу, бұйрықтар мен тыйымдар, өркениеттердің құлдырау себептерін баяндау, адамзаттың болашағы, Қиямет күні болатын оқиғалар, ақлақтық кеңестер және т.б.
- Құран адамға ғылым, хабардарлық пен таным береді. Ақиқатты түсініп, дұрыс танымға қол жеткізгісі келетін кез келген адам Құран оқуы тиіс.
- Тәрбиенің дұрыс негіздеріне сәйкес үміт пен қорқыныш, сүйіншілеу мен ескерту бір-бірімен қатар жүруі тиіс. Біреуіне көңіл аударып, екіншісінен ғапыл қалу өте зиянды.
"Фуссиләт" сүресінің 5-аятына құлақ түріңіздер:
«وَقَالُوا قُلُوبُنَا فِی أَکِنَّةٍ مِّمَّا تَدْعُونَا إِلَیْهِ وَفِی آذَانِنَا وَقْرٌ وَمِن بَیْنِنَا وَبَیْنِکَ حِجَابٌ فَاعْمَلْ إِنَّنَا عَامِلُونَ»
Аяттың аудармасы:
(Мұхаммед Ғ.С.) олар: “Сен бізді шақырған нәрсеге жүрегімізде бір перде, құлақтарымызда бір кереңдік бар. Сондай-ақ біз бен сенің арамызда далда бар. Сондықтан сен өзіңше істе де, біз өзімізше істейік” деді. (5)
Бұл аятта Мекке мүшріктерінің Ислам пайғамбарының шақыруына реакциясы айтылып, былай делінген: "Пайғамбар оларға Құран оқыған кезде олар көңіл қойып тыңдаудың орнына пайғамбарды өкінту үшін "Ей, Мұхаммед! Босқа әуре болма. Біздің құлақтарымыз керең, сенің сөзіңді естімейміз. Құлақпен естігеніміз жүрегімізге әсер етпейді. Біз бен сенің араңда бір кедергі бардай. Ол бізге сенің шақыруыңды қабылдауға мұрсат бермейді. Сондықтан бізді жайымызға қалдыр. Өз қалағанымызды істейік. Біз де сені жайыңа қалдырамыз. Сен де қалағаныңдай әрекет ет" деген".
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Құран аяттары қопсытылған дайын жерге жауып, оны абадтандыратын жаңбырдай. Бірақ қатты тасқа жауса, сіңбек түгілі, керісінше сыртқа шашылады. Қырсық адамдардың жүректері де илаһи аяттардың түскеніне қарсы осылай әрекет етеді.
- Егер оқырмандар ақиқатты қабылдағысы келмесе, басқа кісілер тұрмақ пайғамбардың аузымен айтылған Алла сөзі де әсер етпейді.
- Жөнсіз еліктеу мен соқыр сезім адамдардың жүрегін пердемен жауып, оларды ақиқатты түсініп, қабылдаудан мақрұм қалдырады.
"Фуссиләт" сүресінің 6-7-аяттарына құлақ түріңіздер:
«قُلْ إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ مِّثْلُکُمْ یُوحَى إِلَیَّ أَنَّمَا إِلَـهُکُمْ إِلَـهٌ وَاحِدٌ فَاسْتَقِیمُوا إِلَیْهِ وَاسْتَغْفِرُوهُ وَوَیْلٌ لِّلْمُشْرِکِینَ»، «الَّذِینَ لَا یُؤْتُونَ الزَّکَاةَ وَهُم بِالْآخِرَةِ هُمْ کَافِرُونَ»
Аяттардың аудармасы:
(Мұхаммед Ғ.С.): “Мен де сендер сияқты ғана адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондықтан сол бағытқа жөнеліңдер әрі Одан жарылқау тілеңдер. Аллаға серік қосқандарға нендей өкініш” де. (6)
Сондай зекеттерін өтемегендер солар; өздері ақыретке де қарсы. (7)
Қырсықтық пен фанатизмге беріліп сөйлеген мүшріктердің уәждеріне қарсы Алла елшісі оларға: "Мен де сендер сияқты адаммын. Құдаймын демеймін, сендерден артықпын демеймін. Мен сендердің нәсілдерің, қауымдарың мен тайпаларыңнан шықтым. Менің сендерден жалғыз айырмашылығым мынада: менің жүрегіме ширк пен пұтқа табынудан бас тартыңдар деп уәһи түсіп, сіздерді бір Құдайға шақыруым керегі айтылды. Менімен осылай сөйлесіп тұрған сендер біліңдер: Мен сендерді Құдай сөзін қабылдауға мәжбүрлегім келмейді. Керісінше мен сендерге ақиқат жолын таныстырамын. Құдай жолына түсіп, өткен істеріңнен бас тартуды сұраймын. Сонда Құдай сендерді кешіреді",-деген.
Аяттың соңында мүшріктерге "Көпқұдайшылықта қалудың соңы өте нашар" деп ескерту жасалды. Содан соң мүшріктерді сипаттауда олардың екі ерекшелігі аталып көрсетілген: біреуі Қияметке сенбей, оны теріске шығарады, басқасы мұқтаж жандарға көңіл аудармай, мүлде қайырымдылық жасамайды. Бұл да Қияметті теріске шығарудың бір белгісі. Өйткені Құдайға сенбейтін адам бәрін өзі үшін қалайды, басқаларға қайырымдылық жасағысы келмейді.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Пайғамбарлар халықты өзіне емес, Құдайға шақырады. Олардың мақсаты – адамдарды сыртқы перғауындар мен ішкі нәпсінің құрсауынан босату.
- Құдайдың бір екеніне сену адам өмірінің барлық салаларында көрініс табуы керек. Таухид тек бір сенім емес, адамның өмірдегі іс-қимылдарының жолнұсқаушысы.
- Мүмін адам таухид жолында берік әрі тұрақты. Ол әрдайым өткен қателіктерін өтеуді ойлайды. Сөйтіп Құдай жолында қалып, ақиқат жолынан ауытқымауды көздейді.
- Иман адамның айтқанымен бола қалмайды. Сондықтан зекет төлемейтін мүміннің бойында ширк пен күпірліктің тамыры бар.
Бүгінгі бағдарлама өз мәресіне жетті. Сіздерді бір Аллаға тапсырамыз.