Қыр 11, 2022 15:58 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (46)

Имам Хомейни өзінің барлық таныстары мен көршілерінің арасында тәртіпті және барлық жұмысты уақытылы орындауға ыңғайлы адам ретінде танымал болды.

 

 

Имам Хомейнидің тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі білім мен тәлім берудегі мүмкіндіктерді пайдалану болды. Имам үйрену және адамдарды үйрету мен жол көрсету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланды. Тіпті семинариялардағы әдеттегі дәстүрге қарамастан,   шет тілдерін үйренуге өте қызығушылық танытты. Бұл кісі шет тілдердің  көмегімен  көбірек білім алып, басқаларды үйрету және бағыттау үшін көбірек күшке ие болады деп санады. Сейед Хамид Рухани өз естелігінде имам Хомейнидің халықпен араласып, оларға ықпал ету үшін шет тілін үйренуі туралы: «Имам Түркияға келген алғашқы сағаттардан түрік тілін үйренуге кірісті. Ол түрік тілін үйрену арқылы түрік тілінде сөйлейтіндер арасында өз миссиясын жүзеге асырғысы келді. Имамның түрік тілін үйренуге деген ықыласы Түркияда бұл кісіге бақылау жасап жүрген САВАК шенеуніктерінің бірі полковник Афзалиді «имам түрік тілін үйрену арқылы түрік халқымен тіл табысып, қуғында  күресін жалғастырады» деп алаңдатты.  Сондықтан ол Теһранға жіберген баяндамасында өзін жалғыз қалдырмау керектігін жазды.

Имам Хомейни уақытты босқа өткізуге өте сезімтал болды және дұрыс жоспарланбағандықтан уақытын босқа өткізгендерге наразылық білдірді. Бұл туралы кеңсесі мүшелерінің бірі Имами Джамарани: «Қоғамдық жиналыстарда кейде ол дайын болғаннан кейін келушілер саны кворумға жетпегендіктен, бірнеше минут күтуге тура келеді, кейде бұл күту уақыты он минутқа дейін артады. Осындай жағдайда имам кездесу кестесінің ретсіздігіне наразылық білдіріп: «Кездесуді ұйымдастырмас бұрын неге мені кездесуге шақырдыңдар?»- дейтін.  

Міндеттер мен мұстахабаттарды орындауға қатаң мән берген имам Хомейни уақытты жоспарлаумен пайдаланды, кейде бір уақытта бірнеше нәрсені жасады.  Имамның серіктерінің бірі Марзие Хадидчи: «Имамдар  мұстахаб амалдарды орындау үшін өз уақыттарын пайдаланады. Бұл қадаммен ол адамдар мәселесін шешуге бөлген уақытта бірдеңе алуға және дайындауға құқығыңыз жоқ, ал өз уақытыңызда қалағаныңызды жасаңыз деп көрсетпек. Біз Парижде имамның  сағаттың төрттен бірін жаяу журуге пайдаланғанын көрдік.  Мұхаррам айының алғашқы он бір күнінде ол бұл уақытты «Зиярат Ашура» дұғасын оқу үшін осы уақытты пайдаланды. Сөйтіп халыққа, қоғамға арналған басқа уақыттарға зиян тигізбеді»,- деп жазды. Расули Махалати де бұл мәселені растап: «Имам уақытының ең азын оқу мен жазуға немесе басқа да ғибадаттарға жұмсайтын. Олар тіпті таңғы және кешкі  жарты сағат серуенің пайдаланды»,- деді.

Имам Хомейнидің өмірде мұқият жоспарлауы және уақытты барынша пайдалануы барлық жұмыстарына қол жеткізуіне себеп болды. Ислам республикасының басшылығында да, патшалық режимге қарсы саяси күресте де барлық діни, әлеуметтік, оқу және саяси істеріне қол жеткізді. Өйткені  уақыты мен мүмкіндіктерін босқа жібермей, оңтайлы пайдаланды. Сондықтан   айналасындағылар имамды ешқашан бос жүргенін көрмеген.  Рахимиан бұл туралы: «Қартайған жасына қарамастан имамның еңбекқорлығы соншалық, оның ешбір жақыны оның бос жүргенін немесе уақытын босқа өткізгенін көрген емес»,- деді.  Ол Ислам Республикасын құру мүмкіндігін халыққа қызмет етудің жақсы мүмкіндігі деп санап,  кейде жұмыстан, белсенділіктен шаршаған кейбір шенеуніктерге бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануды бұйырды. Сейед Мұхаммад Джавад Мехри: «Ислам республикасының қызметшілерінің бірі имамның қасына барып, жұмыстан шаршағанын және егер мүмкін болса  орнына басқа адамды тағайындауды сұраған. Имам «кімде-кім жұмысын қойып, міндетінен жалтарса, мен араларыңда біріншімін, өйткені осы қартайған және шаршаған кезде маған көбірек жайлылық қажет» деп жауап берді. Сол кезде ол «мен ұялып ештеңе айтпадым» деді»,- деп есіне алатын.

Имам Хомейнидің уақытты пайдаланудағы тағы бір маңызды ерекшелігі оны білім алуға пайдалануы болды. Имам білім алу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланды және қасындағылардың айтуынша, ол сол кездегі ең маңызды кітаптардың және әйгілі хикаялар мен романдардың көпін оқыған. Бұл тұрғыда аятолла Садеқ Халхали: «Имам көп оқыды. Касравидің  барлық кітаптарын оқыды деп айта аламын. Ол барлық мистикалық кітаптарды оқыған, ол кезде журналдар мен газет мақалаларын оқу жиі кездеспейтіндіктен, мұндай материалдарды оқуға құмар болатын»,- деді. Халхали мырзаның бұл пікірін имамның ұлы қажы Ахмед аға да растады: «Жазғы демалыста қалалардың біріне немесе Теһранға келгенімізде  неше түрлі кітаптар оқитыны есімде. Кітап дайындағандар таңғалатын. Имам дүниежүзіндегі ұлы жазушылардың қоғамдық және саяси саладағы еңбектерінің көбін оқыған. Ол Иран тарихын талай рет зерттеген және конституциялық тарихты жақсы біледі». Уақытты және мүмкіндіктерді пайдалану имам Хомейнидің  болмысында қалыптасқан. Тіпті ауру күндері де  уақытты босқа өткізуге жол бермеді.   Расули Махалти бұл салада: «Операция алдындағы түнде де, аурухана төсегінде де әлсіздікке қарамастан, имам Құран оқу мен   түнгі намаздарды назардан тыс қалдырған емес»,- деді.