Құранда аталған әйелдер (18)
Оның өмірі қысқа әрі шектеулі, бірақ оның өмір тарихы сонша, ол туралы ойлаған сайын жаңа нәрселерді үйретеді. Бұл хазірет Фатима (ғ.с.) – Алла елшісінің (с.ғ.с.) пәк әрі сүйікті қызы.
Оның ұлылығы – барлық адами қасиеттерге ие болуында. Басқаша айтқанда, оның болмысы өмірдің барлық саласында асқақ, мақтауға тұрарлық. Бұл асыл ханымның есімі Құранда әшкере аталмаған. Бірақ көптеген тәпсіршілер мен мұсылман ғалымдарының пікірі бойынша Құранның бірнеше аяты оның атынан түскен. Оның өмірі қысқа әрі шектеулі, бірақ оның өмір тарихы сонша, ол туралы ойлаған сайын жаңа нәрселерді үйретеді. Бұл хазірет Фатима (ғ.с.) – Алла елшісінің (с.ғ.с.) пәк әрі сүйікті қызы.
Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазірет Хадиджа екі үлгілі тұлға. Хазірет Хадиджа тақуалықты насихаттап, Исламның азаттық жырын тарату үшін ешбір құрбандықтан тайынбаған әйел. Ол ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.) қасиетті мақсатын жүзеге асыру үшін байлықтан, туған-туыстардан, достардан бас тартып, Мұхаммадқа (с.ғ.с.) жанқиярлықпен көмектесті. Бұл екі тұлғаның отбасында Абдулла мен Қасым есімді екі ұл және Зейнеп, Умм Күлсүм, Руқаие және Фатима есімді төрт қыз дүниеге келді. Бірақ көп ұзамай Алла елшісінің ұлдары бірінен соң бірі дүниеден озды. Олардың өлімі Пайғамбар мен Хадидшаны мұңайтқандай, дұшпандарын қуантты. Олар пайғамбардың ұрпағы жойылды деп ойлады.
Беғстаттан кейін Алла елшісі қырық күн намаз оқып болған соң Хадиджаға келіп: «Жәбірейіл маған бір қызды сүйіншіледі. Одан берекелі, пәк ұрпақ шығады. Одан Алланың имамдары мен халифалары болатын перзенттер дүниеге келеді»,- деді. Хазірет Хадиджа Фатимаға (ғ.с.) жүкті болған кезде, оған әуел бастан ғашық болды. Бір күні Алла Елшісі бөлмеге кіріп, Хадиджаның біреумен сөйлесіп отырғанын естіді. Хазірет: «Уа, Хадиджа! кіммен сөйлесіп отырсың?»- деп сұрады. Хадиджа: «Ішімдегі бала менімен сөйлесіп, мені тыныштандырады»,- деп жауап берді. Күндер бірінен соң бірі өтіп, осы берекелі бала дүниеге келетін уақыт жақындады. Бұл қиын кезеңде сәбидің дүниеге келуіне Мекке әйелдерінің ешқайсысы көмекке келмеді. Хадиджа қатты күйзеліп, мұңайып қалды. Кенет ішке Хашимит әйелдеріне ұқсайтын ұзын бойлы төрт әйел кіріп келді. Хадиджа оларды көргенде қорқып кетті. Әйелдердің бірі: «Уа, Хадиджа! Мұнайма. Біз Раббыңның саған жіберген елшілеріміз. Біз сенің әпкелеріңміз, мен Сарамын. Мынау әйел жәннатта саған серік болатын Әсия бент Мозаһем, келесі - Имранның қызы Мәриям және Мұса бин Имранның әпкесі Күлсум. Алла Тағала бізді саған осы жағдайда көмектесу үшін жіберді»,- деді.
Хазірет Фатима дүниеге келгенде аспанда періштелер бұрын көрмеген нұр пайда болды және әйелдер: «Хадиджа, балаңды ал, ол пәк әрі берекелі. Алла оған және оның ұрпағына батасы мен береке берді»,- деді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызының дүниеге келгені туралы хабар барлық жерге тарады. Өзінің надандығына қарай қыз баланы масқара, қорлық деп санаған Пайғамбардың дұшпаны Ас бин Уаил хазіретті «Абтар» деп атады. «Абтар» ұрпағы біткен дегенді білдіреді. Осы кезде «Кәусәр» сүресі түсіп, Алла Тағала бұл сүйінші хабарды өз пайғамбары Мұхаммадқа (с.ғ.с.) жеткізді. «Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһның атымен бастаймын. (Мұхаммад с.ғ.с.) Шын мәнінде саған Кәусәрді бердік. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады».
Расында, Алла Тағала бұл сүрені пайғамбардың жүрегін жұбатып, асылдар мен мұсылмандар үшін ақиқатты түсіндіру үшін түсірген. Сондықтан «Біз сізге көп жақсылық бердік. Бұл ұлы, мол және өсіп келе жатқан шындық»,- деді.
Ислам келгенге дейін тарих ерлерге арналған және ер адам әйелдің өмірін өз көлеңкесінің астына қойып, оған өзін интеллектуалды түрде көрсете алатын мүмкіндік бермеген. Отбасында ұлдар мен ерлердің болуы сол отбасының құндылығы мен ұлылығы саналған. Ер адам әйелге өзінің болмысында жинақталған және жасырылған энергияны пайдалануға мүмкіндік бермеді. Осы кезеңде әйелдердің рөлі шетте қалып, ерлердің істерінің бір бөлігі болып саналды және әйелдер мәселелердің әсерінен өздерін тәуелсіз адам ретінде санамады.
Исламның келуімен және хазірет Фатиманың (ғ.с.) өмірімен, оның отбасы мен қоғамдағы рөлімен бұл теңдеу бұзылды. Фатима (ғ.с.) балалық шағынан бастап-ақ жахилилік ойларды жойып, пайғамбарлық міндетті орындаудың қиын салаларында әрдайым Алла елшісінің (с.ғ.с.) жанында және оның қолдаушысы болды. Хазірет Фатима (ғ.с.) әрбір еркек пен әйелдің өз міндеттері болатынын және олардың әрқайсысының ішкі болмысына және өсіп-өркендеуіне қарай олардың рөлі әртүрлі екенін көрсетті. Өйткені адамның қасиеті жынысында емес, ақыл-ой, рухани, қимыл-қозғалыс мағыналарында. Фатиманың (с.ғ.с.) ғұмыры аз болса да, бұл ақиқатты жақсы көрсетті.
Хазірет Фатима (ғ.с.) құрметіне «Кәусар» сүресінің түсуімен Құран Кәрім әлемге жақсы үлгіні көрсетті. Таусылмас сый ретінде Фатима (ғ.с.) пайғамбардың ізгі және адамгершілік қасиеттерінің мұрагері болды. Бұл сүреде Пайғамбарға осы мәңгілік Кәусары үшін Аллаға шүкір ету бұйырылған. Басқа жағынан, Алла Тағала осы хабар арқылы әйелді барлық қорлықтан, ырымшылдық пен адасудан азат етіп, оған кісілік пен абырой берді. Фатиманың (ғ.с.) ұлық хабарының көлеңкесінде Алла елшісінің Әһле Бәйті халық арасында асыл гауһар іспеттес құрметке ие болып, олардың жолы бақытқа жол көрсетуші болып табылады.