Қаз 29, 2022 22:38 Asia/Almaty

Исфахан – тарихи және көне қала және Иранның негізгі туризм бесігінің бірі. Бұл қала Исфахан облысының орталығында орналасқан.

Бұл қала ерекше әдемі ислам сәулетімен, жабылған көпірлерімен, сарайларымен, мешіттерімен және мұнараларымен танымал.  Иран мәдениетінде бұл сәулет Исфаханды «әлемнің жартысы» деп атауға себеп болды.

Исфахан Сефевидтер дәуірінде Иранның астанасы болған. Осы себепті Исфаханда осы дәуірден көптеген бірегей ғимараттар қалды. Қаланың ерекше сәулеті, оның тарихи көпірлері, мешіттері мен мұнаралары, ең бастысы, Нақш Жаһан алаңы Исфаханды әйгілі етті.

Исфаханның туристік көрікті жерлерінің арасында  Чехел Сутун сарайы, Нақш Жаһан алаңы (Имам алаңы), Қейсарие базары, Али Капу сарайы, Имам мешіті, Шейх Лотфолла мешіті, Орталық мешіті, Хаджо көпірі, Си у се (Отыз үш) көпірі, Исфахан Ванк шіркеуі мен мұражайы, Аташгах және Манарджанбанды атап өтуге болады.

 

Тегтер