Иран: Әдемі көрініс (6)
Батыс Әзірбайжанның жасыл табиғаты мен тарихи ескерткіштері бұл облысты туристерді қызықтыратын көрікті жерлердің біріне айналдырды.
Батыс Әзірбайжан облысының орталығы Урумие қаласы болып табылады. Мұнда мұражайлар, бұлақтар, дәстүрлі базарлар және тарихи ескерткіштер сияқты көптеген көрікті жерлер бар.
Урмиеден басқа бұл облыстын Махабад, Хой, Такаб, Чалдоран, Сардашт және Маку сияқты басқа қалаларында да әдемі, көне және табиғи ескерткіштерді тамашалауға болады. Бұл облыстын туристік көрікті жерлерінің ішінде Такаб қаласындағы Тахт-е Сүлейманды атауға болады. Тахт-е Сүлейман – тарихи-діни кешен, мұнда көл, от ғибадатханасы, Анахита храмы, Сүлейман түрмесі, т.б. бар.
Қара шіркеуі де әлемдегі ең көне армян шіркеулерінің бірі болып табылады. Бұл ғимарат Батыс Әзірбайжанның облыстындағы Сиях Чешме (Қара бұлақ) батысы мен солтүстік-шығысында орналасқан. Урумие көлі, Сехолан үңгірі, Урумие Үлкен мешіті және Хасанлу төбесі осы облыстын басқа туристік жерлері болып табылады.