Maм 02, 2016 16:17 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 4

Париждегі лаңкестік әрекеттен кейін Франция төтенше жағдайға қатысты жаңа заң бекітті. Адам құқығы инспекторларының 2016-шы жылдың 3-ші ақпан күнгі мәліметі бойынша бұл заң мұсылмандарға қарсы шабуылдар мен кемсітушіліктерге және оларды үйлерінде тұтқындауларына себеп болды.

 

2016-шы жылдың қаңтар айының жетісі күні   сағат 11:30-да  арнайы күштер мен жергілікті полицияның шамамен 40 күші Мариям Наардың үйіне шабуыл жасады. Мариям Наар – тегі алжирлық 25 жастағы франциялық әйел. Ол Лангедок аймағындағы Милао қаласында өмір сүреді. Ол: «Мені сол күні үйде қысқа жеңді көйлекпен  хиджабсыз жүрген едім. Бір кезде полиция үйімізге шабуыл жасады. Екі балам беттерін жапқан полицияны көріп, қорқып айқайлады. Полиция күштері балаларымның көзінше мені жерге құлатып, тұтқындады. Мен бірнеше рет басыма орамал тағуға рұқсат сұрадым, бірақ олар рұқсат етпеді»,- деп мәлімдеді. Полиция қару немесе басқа да күдікті заттарды іздегенімен,  бірақ еш нәрсе таппады. Қаңтардың он екісі күні франциялық басшылар Наардың 5 жасар қызы мен 8 жастағы ұлын үйлерінде жағдай жоқ деп сылтауратып, балаларға қарайтын орталыққа жібереді. Наар жұбайынан бөлінген соң, Мароккоға оралуды көздегенін, сол себепті пәтерінің бос екендігі туралы айтады. Қаңтардың 26 күні басшылар балаларды басқа орталыққа ауыстырады. Бұл балалардың мектептерін ауыстыруларына себеп болады. Наар істі қайта қарастыратын сотта да балаларын өзіне қайтара алмай, тек аптасына бір рет қана оларды көруге рұқсат алады. Ол: «Балаларымыз біздің бөлінгенімізден қатты зардап шекті, тіпті оларға психикалық және физикалық тұрғыдан да зиян тиді. Мен бұған дейін нәсілшілдікті кездестірмеген едім. Бірақ қазір үкіметтен де тыныштық көрмейміз. Ең жаманы, бізге үкіметтен басқа жеке адамдар да зардап келтіреді»,-деді.                                                                                                                                                                                       2015-ші жылдың қараша айының 19 күні таңғы уақытта полиция Ниццада 6 жасар қыз баланы ұйықтап жатқан жерінде жаралады. Бұл оқиға полиция есікті үзбей ұрып, үйдің есігін ашпақ болған жағдайда орын алды. Ағаштың бір бөлігі сынып, төсегінде ұйқтап жатқан алты жастағы қыздың мойны мен құлағына тиеді. Үйді қараған кезде полиция еш нәрсе таппады, өйткені үйдің адресі бойынша қателескен болатын. Бес перзенті, соның ішінде алты жасар қызы бар Омар: «Біз есікті қатты ұрып жатқан дауыстан ояндық. Полиция кірместен бұрын балалардың бөлмесіне кіріп, төсегінде отырған кішкентай қызымның мойнынан қан ағып жатқанын көрдім. Мұны көргенде жүрегіме пышақ қадалғандай болды. Басында қызым өлді-ау деп ойладым. Бірақ оның жататын жері мен кіреберістің ортасына тұрған шифоньер ағаштың оның басына тікелей тиюіне кедергі болды. Қызымның жарақаты терең болмағанымен оған қатты  психикалық зардап келтірді. Ол қатты қорқып, түнде сәт сайын үйімізге шабуыл жасалады деп ойлайды. Түн сайын қорқынышты түс көріп, қорқып, оянатын болды. Бұл біздің жанұямыз үшін ауыр задап болды. Жанұямыздың барлық мүшесі психологтардың бақылауында. Менің өзім де алаңдап,  ұйықтай алмай, дәрігерімнің ұсынысы бойынша біраз уақыт демалуым керек»,- деді.

 Адам құқығының инспекторлары Франция полициясының  төтенше жағдай заңының бұрыс пайдалануы туралы істердің тек екі түрін зерттеді. Париждегі лаңкестік әрекеттен кейін Франция төтенше жағдайға қатысты жаңа заң бекітті. Адам құқығы инспекторларының  2016-шы жылдың 3-ші ақпан күніг мәліметі бойынша бұл заң мұсылмандарға қарсы шабуылдар мен кемсітушіліктерге және оларды үйлерінде тұтқындауларына себеп болды. Франция полициясының тұтқиылдан жасайтын шабуылдары мен үйлердегі бейбіт адамдарды тұтқындауы бұл шабуылдардың құрбандарын  көптеген қиындықтармен, соның ішінде экономикалық мәселелерден бастап, балалардың зардап шегуіне дейін  душар етті. 2016-шы жылдың қаңтарында Адам құқығы инпекторлары заңсыз тергеулерге түскен немесе үйлерінде қамалған 18 адаммен бірге осы салада еңбек етіп жүрген  белсенділер және қорғаушылармен сұхбаттасты. Бұл адамдар Франция полициясының үйлер, ресторандар  немесе мешіттерге шабуыл жасағандары туралы хабарлады. Олардың құралдары сынып, балалардың үрейлерінің ұшуына  себеп болды. Адам құқығы инспекторларындағы еуропалық зерттеуші Изза Легтас: «Франция үкіметі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, лаңкестік шабуылдардың алдын алуға міндетті. Бірақ Франция полициясы төтенше жағдайдағы өз билігін бұрыс пайдаланып, кемсітушілік тәсілдерге жүгінеді. Мұндай қатынас жанұя мен қоғам негіздеріне нұқсан келтіреді. Олармен екінші дәрежедегі азаматтар түрінде қатынас орнатылады»,- деді. Франция полициясының үйлердің біріне жасалған шабуылы кезінде полиция күштері мүгедек адамның төрт тісін сындырды. Кейін оның күдікті адам емес екенін түсінді. Интервью алғандардың көбі осы кезде полициядан қорқып, көршілерінің олардан бойларын аулақ салғандары туралы айтты.  Францияның Ішкі істер министрі Бернард Газанею: «Төтенше жағдайда полицияның күш-қуатының артуы оған соттың растауынсыз үйлер мен ішіндегі адамдарды тексеруге рұқсат берді. Бұл заңның биілігінің жойылуы емес» деді. 2015-ші жылдың қараша айының 25 күні ол жергілікті басшыларға өз мүмкіндіктерін өз мүдделері үшін теріс пайдалануға қатысты ескерту жасады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          &nb

Тегтер