Қаң 14, 2023 19:39 Asia/Almaty
  • Иран-Ирак соғысы: сегізжылдық қасиетті қорғаныс (8)

Саддам режимінің ИИР-на қарсы сегізжылдық соғысын түсінудің маңызды көрсеткіштерінің бірі Ислам революциясының ұлы жетекшісі имам Хомейнидің (р.а.) бас қолбасшы ретіндегі орны мен рөлі болып табылады.

Иран сарбаздарының бас қолбасшы ретінде имам Хомейнимен қарым-қатынасы әлемнің барлық армияларындағындай иерархияға, яғни төменгі таптың жоғары тапқа бағынуына негізделмеген. Бұл қарым-қатынас  хазірет таза Исламнан және Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның пәк әулетінің (ғ.с.) ілімінен алынған терең рухани, діни және эмоционалды қарым-қатынасқа негізделген. Имам Хомейни (р.а.) қазіргі дәуірдегі илаһи және исламдық басқарудың айқын үлгісі болды. Оның көзқарасы, практикалық және теориялық бағыты ислам қоғамын басқарудың әртүрлі салаларында және соғыс басқаруында тікелей рөл мен ықпалға ие болғаны сөзсіз. Монотеистік парадигма мен дүниетаным және имамның Ислам мектебі мен Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінен шыққан пәк имамдардың (ғ.с.) жолын дұрыс және жан-жақты түсінуі және бұл ілімдерге берілгендігі мен іс жүзінде имамның рационалды логикасымен үйлесуі Ислам революциясының мақсаттары мен идеалдарын жүзеге асыру жолындағы шешімдерінде маңызды рөл атқарды. Осы себепті соғыстың қолбасшылары мен жауынгерлері де өздерін оған еліктеушілер, шәкірттер, оның қол астындағылар санаған. Олар әрқашан өз шешімдерін имам Хомейнидің (р.а.) шешім қабылдау үлгісімен сәйкестендіруге тырысты және көп жағдайда оның шешім қабылдау принциптері мен ерекшеліктерін өз істерінің үлгісі етті. Имам Хомейнидің жетекшілігі және шешім қабылдау үлгісіне шолу жасау бұл кісінің ойы мен әрекетінің біртұтас екенін көрсетеді. Оны жүйелі көзқараспен және әр қырынан терең зерттеуге болады. Қасиетті қорғаныстың жалпы қолбасшыларының, әсіресе жас қолбасшылар мен халықтық күштердің шешімдері имам Хомейнидің жетекшілік стилі мен қасиетті қорғаныс кезеңінде көптеген ұзаққа созылған шешімдерді ерекшелеген  ерекшеліктерге негізделген.

Имам Хомейни саясаткер және ұлы елдің басшысы болғанға дейін мистик болған және оның барлық мінез-құлқы Ислам ілімінен алынған және Алланың разылығын алу үшін жасалған. Имам Хомейни Ислам республикасының негізін қалаушы және Ислам революциясының ұлық жетекшісі ретінде қоғамға иман мен тақуалық эликсирін енгізіп, миллиондаған адам оның айналасына көбелектей жиналды. Жүздеген мың ирандық жастар елін және Саддамның қылмыстық режиміне қарсы революциясын қорғау үшін елдің оңтүстік және батыс шекараларына ағылды. Олардың да жоғары мақсаты Аллаға жақындау болды. Ирандық жас жауынгерлердің сенімі мен тақуалығы соншалық, олар ештеңеден қорықпады. Баасшыларды аяусыз жауға қарсы тұрғызған күш – руханият пен Аллаға сенім артып, Пайғамбардың (с.ғ.с.) әулетіне сүйену болды. Қасиетті қорғаныс көздерінде кездесетін бұл руханилықтың әдемі көріністері имам Хомейни (р.а.) руханилықты соғыстағы жеңіс факторларының бірі деп санағандықтан, жауынгерлердің рухани жандылығы мен ішкі тазалығы руханиятпен байланысты болғанын көрсетеді. Имам Хомейни: «Түнде тұрып намаз оқып, жалбарынғандар, әрине, соғыстарда жеңіске жетеді»,- деді. Намазға деген сүйіспеншілік, дұға мен Құран оқу, түнгі және күнделікті намаздар, зікір ету, Әһле Бәйтке (ғ.с.) сүйену, жанды тазарту, ахлақтық жамандықтарды тазартуға тырысу ахлақ көріністерінің қатарында болды. Құран аяттарына сүйіспеншілік жас жауынгерлердің маңызды рухани қасиеттерінің бірі болды. «Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді». («Иасин», 9-шы аят).

Ержүрек ирандық сарбаздар БААС жауына оқ атқан сәтте: «...(Уа, Мұхаммад!), Атқан кезде сен атпадың, бірақ Алла атты. Бұл мүміндерді жақсы бір сынақпен сынау үшін. Расында Алла, толық естуші, білуші»,- деген аятты оқыған. («Әнфал», 17-ші аят). Кейде оқ атқанда «Аллаһ Әкбар, Алла Әкбар, Хомейни басшы» немесе «Көшбасшы үшін жанымды құрбан еттім» деп ұранданатын.

 

Ирандық жауынгерлер дұшпан алдындағы қадамын нығайтып, тұрақтандырады, сондай-ақ «Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла (Т.) сабыр етушілермен бipгe», «Раббымыз! Сабыр бер, табанымызды бекітіп, бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бере көр!» сынды «Бақара» сүресінің 153-ші және 250-ші аяттарға жүгіну арқылы өзін майданның материалдық кемшіліктеріне дағдыландырады. Бұл аяттардың көрінісі басидждермен бірге қолбасшылардың сөздерінде көбірек байқалады. Соғыс насихаты барлық жауынгерлерге арнап шағын құран дайындап, басып шығарды, оның ішінде «Яс» сүресі мен басқа да шағын сүрелер  бар. Осы аяттарды майдан даласында айтып, оның нәтижесін көру аяттардың мазмұнындағы жауынгерлердің берік және шын жүректен шыққан сенімін көрсетті. Құран мен руханияттан бөлек, жанды тазарту, моральдық келеңсіздіктерді жою майданның басқа да рухани сипаттары болды. Жауынгерлер ғайбаттан, күдіктен, үнемі бақылаудан сақтану үшін: «Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді»,- деген аятты айтатын.

Жауынгерлердің Құранға сүйіспеншілігі

 

      Майдандардағы тағы бір рухани көрініс дұға оқу жиналыстарының ұйымдастырылуы болды. «Тавасул», «Комейл», «Нудбе», Куфе мешітіндегі имам Әлидің (ғ.с.) мүнәжәттары – оқылатын дұғалардан.  Кейде түн ортасында окоптарда өткізілетін бұл жиындар олардың БААС жауына қарсы күресуге ерік-жігерін де нығайтып, қос күш-қуат беретін. Қасиетті қорғаныстың соғыс аймақтарына қадам басқан кез келген адамның ой-санасын жаулап алған және оның ойын таңқаларлық соғыс дәуіріне жеткізетін бірінші нәрсе – рухани ұрандар жазылған тақтайша. Бұл ұрандар руханият, шәһидтік және қажылық мәдениетінің қылмыстық жаулықпен күрестегі майдандарда негізгі үш қағида болғанын көрсетеді.

Тегтер