Қаң 14, 2023 21:45 Asia/Almaty
  • Иран: Махуник (171)

Махуник (Makhoonik) – Оңтүстік Хорасан облысының Сәрбише ауданында Бирджандтан 130 км қашықтықта орналасқан ауылдың аты.

Махуник – әлемнің таңғажайып жеті ауылының бірі. Қысқа бойлылық – ауыл тұрғындарының атадан қалған мирасы. 2005 жылы бұл ауданнан бойы 25 см-лік мумияланған мәйіт табылды. Мамандардың айтуынша, бұл – шамамен 400 жыл бұрын қайтыс болған баланың мумиясы. Табылған мәйіт Махуник тұрғындарының тіпті бұдан да қысқа болғанын көрсетеді.

Махуник ауылы
Махуник – әлемнің таңғажайып жеті ауылының бірі.
Ауылдың қысқа бойлы тұрғындарымен қоса, үйлердің архитектурасы да өте қызықты.
Ауылдағы үйлердің едені жерден бір метр төменірек салынған. Үйге кіру үшін иілу керек.
Үй салуға қолданылған құрылыс материалдары – тас, ағаш пен ағаш.
Ауыл тұрғындарының бойы 1,40 см-ден әрең асады.  
Ауылда емхана салынған соң махуниктік балалардың бойы ұзарды.
Ауылдың әйелдері ерекше қолөнер бұйымдарын жасайды. Тұрғындардың басты кәсібі – мал және егін шаруашылығы.
Ауыл тұрғындары – негізінен 3 ғасыр бұрын Иранға келген ауғандар. Олар осы ауылға тұрақтанған.
Махуник халқы парсы тілінде ерекше диалектімен сөйлейді.
Махуник ауылы

 

Тегтер