Құраннан үйренейік (31)
"Бақара" сүресі 26-шы аят: «إِنَّ اللَّهَ لَا یَسْتَحِى أَن یَضْرِبَ مَثَلاً مَّا بَعُوضَةً فَمَا فَوْقَهَا فَأَمَّا الَّذِینَ ءَامَنُواْ فَیَعْلَمُونْ أَنَّهُ الْحَقُّ مِن رَّبِّهِمْ وَأَمَّا الَّذِینَ کَفَرُواْ فَیَقُولُونَ مَاذآ أَرَادَ اللَّهُ بِهَذا مَثَلاً یُضِلُّ بِهِ کَثِیراً وَیَهْدِى بِهِ کَثِیراً وَمَا یُضِلُّ بِهِ إِلّاَ الْفَسِقِینَ »
"Бақара" сүресі 26-шы аят:
«إِنَّ اللَّهَ لَا یَسْتَحِى أَن یَضْرِبَ مَثَلاً مَّا بَعُوضَةً فَمَا فَوْقَهَا فَأَمَّا الَّذِینَ ءَامَنُواْ فَیَعْلَمُونْ أَنَّهُ الْحَقُّ مِن رَّبِّهِمْ وَأَمَّا الَّذِینَ کَفَرُواْ فَیَقُولُونَ مَاذآ أَرَادَ اللَّهُ بِهَذا مَثَلاً یُضِلُّ بِهِ کَثِیراً وَیَهْدِى بِهِ کَثِیراً وَمَا یُضِلُّ بِهِ إِلّاَ الْفَسِقِینَ »
"Расында Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды. Ал мүміндер оның Раббыларынан нақ хақиқат екендігін біледі. Ал енді қарсы болғандар: «Алла, бұл мысал менен нені қалайды?»,- дейді. Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады. (Мысалдарға қарсы келіп адасқандар да, шындық та болады негізінде). Ол тапқандар бұзықтарды ғана адастырады".
Құран сияқты кітап әкеле алмаған, Құранның күшті логикасына қарсы еш қисыны жоқ Исламға қарсылар Құран мысалдарын сылтауратып: "Алла Тағала мұндай мысалдарды келтіруден артық, бұл Алланығ емес, адамның ісі сияқты. Құдайдың өрмекшіге, шыбынға мысал келтіруі лайықты емес.. Бұл мысалдар Құдайдың ұстанымына сәйкес келмейді",- дейді. Алланың қағидасын қабылдамаған қарсыластардың бұл сөздерінде мұсылмандарды Құран мен Пайғамбарға күмәндандырып, сенімдерін шайқаудан басқа мақсаты жоқ еді.
Біріншіден, Құрандағы мысалдардың бәрі алдыңғы аяттардағыдай Алла екіжүзділерді жолда қалған жолаушыға теңегендей емес. Екіншіден, мысал – шындықты көзге елестетудің құралы. Сөйлеуші біреудің кемсіту немесе әлсіздігін білдіру жағдайында оны шыбын-шіркей, маса сияқты әлсіз жаратылысқа теңейді.
«Хаж» сүресінің 73-аятында: "Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлығы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де әлсіз",- деп айтылды. Сондықтан бұл аят: «Алла тағала масаға немесе одан төмен нәрсеге мысал келтіруден қашпайды, өйткені рухани және ақыл-ой ақиқаттары адамдар түсіне алатындай нақты мысалдар түрінде айтылуы керек. Мысалда піл мен масаның айырмашылығы жоқ, әрқайсысы тақырыпқа сай қолданылады",- деп айтады.
Әрине, Құран және оның мысалдарының алдында екі топ адам бар, олар Құран мысалдарының қисынын көрген, түсінген топ. Бұл мысалдар олар үшін басшылық пен шындықты түсінудің қайнар көзі болады. Бірақ Құран мен Пайғамбарға қыңырлықпен, сылтау айтып, өшпенділікпен қарым-қатынас жасайтындар Құран мазмұнынан пайда көрмейді және Пайғамбар мен Құранға қатысты күдіктен Алланың тура жолынан адасады.
Осы аяттан алған сабақтарымыз:
- Діни ақиқаттар мен ілімдерді үйретуде және үйренуде ұят пен ұяттылық қабылданбайды. Ол шариғат бойынша немесе ақылға қонымды немесе әдет-ғұрып бойынша бір нәрсе айыпталуға немесе қарсылық тудыратын жағдайларға қатысты.
- Фактілер мен білімді қарапайым тілмен айту керек, сонда қалың жұртшылық пайдалана алады. Алла тағала да ұлылығымен айтылғандай амал етеді.
- Құран мысалдары ойдан шығарылған нәрселерге емес, нақты нәрселерге негізделген, сондықтан кейде әртүрлі жануарларға, кейде найзағай, жаңбыр сияқты табиғат құбылыстарына теңестіріледі.
- Күнә мен азғындық шындықтарды дұрыс білуге кедергі келтіреді және адамдарды адастыруға әкеледі.
- Алладан келген нәрсе – ақиқатты білдіру, тура жол немесе адасу – адамның сол шындыққа деген реакциясының нәтижесі.