Maм 17, 2016 17:52 Asia/Almaty
  • Иранның қазіргі заман кинематографиясы

Рухани бағыттағы кинематографияның ең маңызды тармақтарының бірі – діни кинематография. Мұнда тарихи және сыртқы тәсілдерсіз-ақ иман, ақырет күні, наным-сенімдер және олардың адам өміріндегі рөлі сияқты тақырыптар қарастырылады.

 Осы салада Иранның екі атақты режиссері – Маджид Маджиди мен Реза Миркаримиді атап өттік. Олардың әрқайсысы осы салада фильм түсіріп, өздерінің шама-шарқынша дін және оның адам өмірі мен әлемдегі маңызды рөлін қарастыруға тырысты.

Мистика – рухани бағыттағы кинематографияда қарастыруға болатын тақырыптардың бірі.

Әлем кинематографиясындағы мистика мен мистикалықсымақ кейбір елдерде фильм түсіру бағытын өзгертіп, киноиндустрияға ерекше әсер етті деп айтуға болады. 2000 жылдан кейін кинематографияда жаңадан пайда болған мистикасымақ ағымдар кинематографияның осы түріне ерекше сипат берді.

Осындай жалған ағымдарды жарнамалауға тырысқан фильмдер түсірілді. Бұл фильмдер голливудтық туындылардың ырғағымен әдетте сырттай алғанда көңіл ауларлық және тартымды құрылымға ие және атақты фильм түсірушінің атын пайдаланып, көрермендерді көбірек тартуды көздейді.

Мұндай туындылардың түп-тамырын шамамен 1980 жылдардан табуға болады. Америка үндістерінің мистикалары мен Шығыс мистикаларының негізіндегі жартылай рухани ағымдарды тарату сол заманнан-ақ Голливуд студиясында басталды. Содан бері аталмыш бағыттағы туындылар әлем кинематографиясына жіберілді.

Бұл ағымдар метафизикалық тақырыптар, мистикалық ойлар мен кейбір ырымдар мен наным-сенімдерді бір-бірімен араластыру арқылы шын мәнінде руханиятқа ұмтылған жаңа буынды шынайы илаһи діндерден алыстатып, атеистік ойларға қарай итермелеуге тырысуда. Қытай мен Тибеттің көнерген ағымдары, дзен мен буддизм мистикасы, сонымен қатар Карлос Кастанедаға телінетін ойлар – осындай жаңа ағымдардың бірі. Тіпті «Саи Бабаның» тәлімдері мен «Кришнамартидің» ойлары кинематографияға әсер етіп, оны ұстанушылар осындай бұрмаланған ағымдардыдәріптеуге бағытталған фильмдерді түсірді.

Мысал ретінде әралуан елдердің әртүрлі режиссерлері тарапынан Будданың тұлғасын таныстыру мақсатында көптеген фильмдер түсірілді. «Кіші Будда», «Кундун» және «Жеті күн Тибетте» атты фильмдер сырттай қарағанда Қиыр Шығысты назарға алса да, бұрмаланған, кейде сионистік ойларды таратады.

Бірақ осындай мистикалық ағымдардың қатарына жататын мистикалық-эпикалық тәсілдер де 20 ғасырдың аяғында шынайы түрде кинематография саласына келді. «Matrix» фильмі руханият пен қолдан жасалған жалған мистикалар тақырыбындағы ғылыми-фантастикалық тәсілдің пайда болуына жағдай жасады. «Matrix» сияқты үшқырлы фильмдердің негізгі тұлғасы – Нью барлық қақтығыстар, әуедегі ақырын қозғалыстар мен ғарышқа ұшуларда бірінші рет ресми түрде мистикалық-эпикалық жанр деп аталған спорттық-эпикалық фильмдердің басқа да көріністерін көрсетті.

Содан бастап Батыс кинематографиясында көптеген фильмдер түсіріліп, экрандалды. Осындай мистикасымақ фильмдер ұрыс-соғыс қайшылықтарын руханиятқа жетудің жолы ретінде көрсетті. Голливудтық компаниялар да Жапония мен Қытайдағы шығыстың танымал фильм түсірушілерін АҚШ-қа тартып, аталмыш компанияларға қажетті фильмдерді экранға шығарып, Батыстың ойлары мен наным-сенімдерін тарату үшін жаңа есік ашуға тырысты. «Секіріп бара жатқан барыс», «Жасырын айдаһар», «Қаһарман» мен «Уәде» атты туындылар осы салада түсіріліп, көптеген жарнамалармен бүкіл әлемде көрсетілді.

Мұндай фильмдерді өндіру және тарату әлемнің түкпір-түкпірінде, әсіресе Батыс елдерінде мистикалық және мистикасымақ ағымдардың алуан түрін дамытты. Әрине, бұл таралым АҚШ пен Еуропа шекараларымен шектеліп қалмады, Шығысқа, Азия елдерінде де таралып, осындай көзқараспен кейбір туындылардың түсірілуіне себеп болды. Бұл фильмдер, өкінішке орай, кейбір кезеңдерде рухани бағыттағы кинематография деп танылды. Оларды халықаралық кинофестивальдерде жақсы қарсы алып, кейбір кинематографтардың ықыласына бөленді.

Бұл кіріспені айтудағы мақсат мынада: Иран мен әлем кинематографиясының ағымдары әртүрлі кезеңдерде барлық мәдени өзгерістер сияқты бір-бірінен әсер алады. Рухани бағыттағы кинематография саласында да мистикалық ағым осыған дейін айтып өткеніміздей маңызды, бірақ Батыс елдерінде қалыптасқан мистика бір кезеңде ирандық фильм түсірушілердің бірқатарына қатты әсер етті. Олар осыған ұқсас ағымдар бойынша түсірілген туындыларды экранға шығарды.

 «Тұманның ар жағы» фильмін 1986 жылы Манучехр Асгаринасаб түсірді. Бұл фильмді «Фараби» кинематографиялық ұйымы тарапынан Иран кинематографиясына үлгі болу үшін жасалған алғашқы талпыныс пен тәжірибе деп атауға болады. «Тұманның ар жағы» фильмі тағдыр мәселесіне тоқталады. Бірақ 3 жылдан кейін «мистикалық кинематография» деп танылған кинофильмдердің түсірілуіне үлгі және негіз болды.

Фильмнің оқиғасы былай басталады: бір қаланың әкімі болып тағайындалған ер адам өзінің жеке көлігімен сол қалаға аттанады. Үш ер адам әкімдікіне ұқсайтын автокөлігі бар басқа бір адамды өлтіргісі келеді. Олар осы екі машинаны шатастырып алады. Кейін бірнеше оқиғадан кейін өздерінің қателескендіктерін түсінеді. Кешқұрым шақта ауыр тұман жолды жауып қалып, басқыншылар тауда жүрген көшкіннен қаза табады. Әкімнің көлігі де тұман салдарынан өзенге құлап кеткенімен келесі күні таңертең құтқарылады.

Революциядан кейінгі алғашқы жылдар мистикалық және діни фильмдерді түсіруді жоспарлау органдары, өнер иелері мен киногерлер тарапынан бұрын-соңды болмаған деңгейде қолға алынды. Бірақ осындай ағым тудырушылардың бірқатары шекараның ар жағындағы мистикамен үйлесетін кинематографияның енуін, көрсетілуін және таралуын жақтады. Сондықтан да «Тұманның ар жағы» сияқты фильмдер, діни мазмұннан бөлек тақырыптарды қозғаса да, бір кезеңде «діни кинематография» деген атпен танылды. Танылмаған метафизикаға сүйеніп, діни емес мистикалық ойлардың бұлыңғыр түрде бір-біріне араластырылуы бұл туындыны әлсіз фильмге айналдырды. Бірақ мұның өзі басқа фильм түсірушілердің осы тәсілге бет бұруына кедергі бола алмады. Өйткені олар осындай фильмдердің әлемнің киноқауымдастығына ұсынылып, олардың қолдауы мен демеуіне ие бола алатындығын түсінді.

 «Нар мен Ней» фильмін 1988 жылы Саид Ибрахимифар түсірді. Фильм бір фотографтың бір қойылымда қолдану үшін қолайлы суреттерді іздестіруімен басталады. Ол кездейсоқта танымайтын ауру қарт кісіні кездестіріп, оны құтқаруға тырысады. Қарт адамның жекебасы жайлы мәлімметтерді іздестіру фотографтың өз суреттеріне қажетті жаңа сюжеттер мен тақырыптар жайлы ойлап, өзінің бұрынғы бағытын өзгертуіне себеп болады.

Бұл фильмнің жылдамдығы өте баяу және өте сирек диалогтар арқылы түсірілсе де жарқын суреттер мен образдар және белгілерге толы. Фильмде қозғалыс өте аз. Өткенді еске алу және оған өкініш білдіру – «Нар мен Ней» фильмінің ерекшеліктерінің бірі. Режиссер бұл фильмді рухани фильм деп атайды. Бірақ осындай туындылардың шындығы – сыртқы бейне бізге көрсететін нәрседен жоғарырақ.

 «Нар мен Ней» фильмі үнсіздікке негізделген. Өткенге өкініп қарау арқылы қозғалыс пен талпынысқа деген барлық ынтаны жояды. Бұл фильмде даму мен динамиканың әсері байқалмайды, бірақ кейбір мистикаларға, тіпті проза мен поэзияға жақындығы қатты аңғарылады. Иранда жақтастары көп Тарковский сияқты Шығыс Еуропаның кейбір режиссерлерінің фильм түсіру стилінің әсері бұл фильмнің мағына мен қалып бойынша бірқатар сыншылар арасында танымал туындыға айналуына себеп болды. Әрине, «Нар мен Ней» фильмі сол кездегі кейбір отандық және халықаралық кинофестивальдерде табысқа жетіп, алпысыншы жылдардағы ирандық туындылар арасындағы Иранның рухани бағыттағы кинематографиясының көрнекті фильміне айналды.  

Тегтер