Иранның қазіргі заман кинематографиясы
Қазіргі заманда кинематография болмыс-бітім, мәдениет пен ойды тарату жолындағы ең маңызды өнер және индустриялық құрал болып табылады.
Осы индустрияға сионист инвесторлардың инвестиция салуы ерекше көзге түседі. Әлеуметтік байланыстар технологияларының таралуы сионистердің тұтынушыларға ықпалын арттыруға талпыныстарын ұлғайта түсуіне себеп болып, олардың кинотеатр, теледидар, радио, спутниктік арналар, интернет пен ақпарат агенттіктерін пайдалану арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде сионистік саяси мәдениеттің қалыптасуы жолындағы қозғалысын жылдамдата түсті. Қазіргі таңда сионист инвесторлардың қаржысына тәуелді АҚШ-тағы кинокомпаниялардың көбі Холокост мәселесі, палестиналық қарсыласу қозғалысын қаралау, Исламмен жауласуға бағытталған фильмдер түсіруді өздерінің күн тәртібіне қойған.
Алайда Батыс ақпарат құралдарының әрекеттерінің ортасында, әсіресе Батыс пен Голливуд киноиндустриясының сионистік ойларды таратуға бағытталғанына қарамастан тәуелсіз киногерлер осы ойға қарсы тұруға бел байлап, ағартушылық бағыттағы фильмдерді түсіріп, сионистердің саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік қозғалыстарының болмысын әлем халықтарына әшкерелеп беруді көздеп отыр.
Иран кинематографиясы соңғы бірнеше онжылдықта өзінің ішкі дүниесін тазартып, қайта қалыптастырғаннан кейін әлемдік мәселелерге бет бұрып, адамгершілік тұрғысынан адамзат баласының қазіргі мәселелерін қарастыруға бел байлады.
Өздеріңіз білетіндей, Иран халқының Ислам революциясының мақсаттарының бірі – Палестина халқын қорғау, оларға өз жерін басқару құқығын алып беру. Бұл мақсат революцияның басынан бастап назарға алынып, оның маңыздылығы ешқашан азайған емес. Сионистердің Палестинаны басып алуы және палестиналықтардың көрген азабы – әлемдегі азаттықты талап етушілер мен адамзатты сүюшілердің назарындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Азаттықты талап етушіліктің үлкен әрі әсерлі жаршысының Иран екендігі күмәнсіз.
Иран кинематографиясында Палестина халқын қорғауға арналған құнды фильмдер түсірілді. Олардың әрқайсысы аталмыш мәселені әртүрлі қырдан қарастырған. Сейфулла Дад, Джавад Ардакани, Мұхаммад Дорманеш, Парвиз Шейх Тади мен Саид Сұлтани Палестина тақырыбында фильм түсірген ирандық режиссерлердің қатарына жатады.
"Аман қалған" фильмі – Палестина тақырыбына тарих тұрғысынан көз салған Иран кинематографиясының ең үздік туындыларының бірі. Марқұм Сейфулла Дад бұл фильмді х.ш.ж.с.б. 1373 жылы (1994 жылы) түсірген. Ол Иранда Палестина тақырыбында көркем фильм түсіруді бастап, бұл мәселенің өте үлкен драмалық қабілетке ие екендігін көрсеткен.
Фильмнің сюжеті Фархан есімді нәрестелерімен бірге Бейтулмұқаддаста өмір сүріп жатқан ерлі-зайыпты жастардың өмірі негізінде құрылған. Сионистер оларға шабуыл жасап, үйдің ошағын ойран етеді. Үй Польшадан келген бір еврейдің жанұясына беріледі. Тіпті жергілікті палестиналық жанұяның баласы да мұра ретінде әлгі мигрант жанұяға тапсырылады. Бірақ мұнымен іс бітпейді, Фарханның әжесі мигрант жанұяға бала күтуші әйел ретінде еніп, өз немересін қорғап, қайтарып алу үшін күрес бастайды. Ақырында әже өз немересін қайтарып алудағы жеке мүдделерінен бас тартып, бір саяси күрескерге айналып, сионистерге соққы беру үшін қауіпті амалдарды орындайды.
"Аман қалған" фильмі бір палестиналық сюжетке негізделіп түсірілген туынды. Ол Иран кинематографиясының кәсіби мамандары атсалысқандықтан мәңгілік туынды болып саналады. Бір қоғамтанушының әлемдік және тарихи мәселелерге деген қалыптасқан көзқарасының әсері "Аман қалған" фильмінен айқын көрініс тапқан. Дад Палестинаның сол замандағы қоғамын мұқият бақылап, сол қоғамдағы әртүрлі ұлттар мен діндердің қарым-қатынасын асқан нақтылықпен назарға алып, бейнелей білген.
Бұл фильмнің режиссер Сейфулла Дад х.ш.ж.с.б. 1334 жылы (1955 жылы) Теһранда дүниеге келіп, х.ш.ж.с.б. 1388 жылы (2009 жылы) осы қалада дүниеден озды. Ол танымал дайындаушы, сценарист әрі режиссер болған. Бірнеше жыл ИИР-ның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің кинематографиялық департаментінің басшысы болып қызмет атқарған. Кейбіреулер оның осы қызметтегі жұмысын Иран кинематографиясындағы жарқын беттер деп санайды.
Сейфулла Дад "Аман қалған" фильмін түсірумен қоса, басқа бірнеше фильмге сценарий жазу және режиссерлік ету жұмыстарын мойнына алған. Бұл режиссердің Саддам армиясына қарсы Қасиетті қорғаныс тақырыбында түсірген "Кани Манга" фильмі Иран кинематографиясы тарихындағы ең ұзақ экрандалған фильмнің рекордын орнатқан. Ол 15 жыл бойы экраннан түспеген.
Джавад Ардакани түсірген "Шымшық" фильмі Палестина мәселесіндегі ең маңызды қырлардың бірін, яғни палестиналық балалардың қарсыласуы мен олардың күрестегі рөлі жайлы баяндайды. Фильмнің сюжеті кекеш ауруына душар болып қалған бір палестиналық кішкентай бала туралы. Бір христиан дінінің қызметшісі баланың бұл қиындығын жою үшін оған шымшық сыйлап, шымшықты шусыз, тыныш жерде ұстауды тапсырады. Баланың қауіпсіз әрі тыныш жерді іздеуі оны әртүрлі қиындықтарға ұрындырады.
Бұл фильм бір палестиналық баланың дұшпанның шабуылы мен шуы арасында тыныштықты іздеуге ұмтылуын баяндайды. Шымшық – шын мәнінде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің символы, ал фильм – палестиналық баланың бейбітшілікті қалайтындығын білдіретін құрал.
Фильмде көрсетілген сахналар, атап айтқанда, 10-12 жасар балалардың танктін алдында тұруы, басқа бір баланың қанға бөгуі, үйлерге оқ жаудыру және т.б. осындай оқиғалардың әрқайсысы ұжданы ояу әрбір адамға түрткі салуға жеткілікті. Бұл сахналардың тек бір бөлігі ғана "Шымшық" фильмінде көрсетілген.
Иран кинематографиясында Палестина тақырыбында түсірілген туындыларға шолу жасай келіп, соғыс пен саяси тартыстардан бұрын бұл мәселенің адамгершілік тұрғысынан, жанұя, махаббат, үйлену және айырылысу сияқты түрлі салаларда қарастырылғандығын байқаймыз. Шын мәнінде бұл туындыларда Палестинаны басып алудың махаббатқа толы өмірді бұзып, байланыстардың үзілуіне себепші екендігін көрсетіп, өз көрерменін сионистік режим тарапынан Палестинаны басып алудың салдары жөнінде хабардар етуге күш салынған. Фильмдердегі кейбір бөлімдер палестиналық күрескерлер мен сионистік режим күштерімен арадағы қақтығысқа арналса да, олардың басым бөлігі адамдар мен жанұялар арасындағы қарым-қатынастарға арналған.
Иран кинематографиясындағы Палестина тақырыбындағы ең ерекше фильм – Парвиз Шейх Тади түсірген "Сенбі аңшысы" фильмі. Мұнда Палестина мәселесі ең тосын қырдан баяндалып, толығымен жаңа қалыпта басқыншылық пен соғыс тақырыбынан өтіп, сионизм идеологиясы тақырыбына назар аударылған. Бұл фильмде сионистік фундаменталистердің сенімдері, пайымдаулары, дүниеге көзқарастары мен рәсімдері баяндалған.
Фильмнің сюжеті Беньямин есімді бала туралы. Ол атасының қолында тәрбиеленеді. Сионистік раввин болып табылатын атасы діни түсіндірмелерді назарға ала отырып, геноцид пен палестиналықтарды жаппай қыруды түсіндіргісі келеді. Ол үшін палестиналықтарды өлтіру күнделікті көңіл көтеруге арналған іс. Сол себепті бұл үрдісті өз немересіне де үйретеді.
Фильм сионистік қоғамдағы адамгершілікке жат озбыр қарым-қатынастардың көбін әшкерелейді. Көрермен бір қарапайым да бейкүнә баланың қалайша қанышер баскесерге айналғанын көрсетеді.
"Сенбі аңшысы" фильмі көркем тілмен сионистік қоғамда жабулы жатқан көптеген жайттарды баяндайды. Осы айтылмаған жайттарды деректі фильмдей көрсету кинематографиялық элементтерді, соның ішінде мизансцена, сахна декорациясы, әртістердің жақсы ойнауын дұрыс пайдаланудан туындайды. Бұл аталмыш фильмнің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Фильм атасының өз немересі Беньяминнің қолынан қаза табуымен аяқталады.
Бұл фильмнің режиссері Парвиз Шейх Тади х.ш.ж.с.б. 1340 жылы (1961 жылы) Абадан қаласында дүниеге келген. Ол режиссурамен бірге сценарий жазу, сахна декорациясы мен киім үлгісін дайындаумен де айналысады. Сонымен қатар Қасиетті қорғаныс туралы бірнеше туындыға режиссерлік еткен. "Өмірдің күндері" атты фильм – оның осы саладағы ең үздік туындыларының бірі.
Палестина тақырыбына тоқталған фильмдердің соңғы үлгісі ретінде "Захраның көк көздері" атты фильмді атай аламыз. Бұл телехикая ИИР Телерадио бірлестігінің ішкі арналары мен әлемдік торабының арналары арқылы көрсетілді.
"Захраның көк көздері" телехикаясы сионистік режимнің қылмыстары мен Палестина халқының көрген зорлық-зомбылығын адами қалыпта баяндайды. Оның режиссері – Саид Сұлтани. Сионистік дәрігерлер тобы палестиналық қосындардан бір баланы іздестіреді. Олар әлгі баланың көзін сионистік режимнің жоғары лауазымды қайраткерлерінің бірінің баласының көзінің орнына трансплантация жасамақ болады. Бұл фильм – жалған елдің туындауын, кеміс туған баланы сақтап қалу үшін басқа бір баланың дене мүшесін ұрлауды көрсететін символдық туынды. Шын мәнінде басқыншы режим болмысының жалған-жасанды сипатын көрсетеді.
Бұл фильмнің экрандалуы елдің іші мен шетелдерде көрермендердің қолдауына ие болғанымен әлемнің сионистік орталарының ашу-ызасын тудырды. Тіпті 2004 жылы осы телехикаяның "Сахар" халықаралық арнасынан берілуі кейбір Батыс елдерін Францияда арнаның көрсетілімін тоқтатуға себеп болды.