Maм 23, 2016 15:46 Asia/Almaty
  • Ислам əлеміндегі бірлік (8)

Бұл бағдарламада мұсылмандардың жікке бөлінуі мен әлсіреуінің факторларын және Мұхаммад Абде мен оның шәкірті Рашид Реза тұрғысынан олармен күресудің жолдарын талдаймыз.

Өткен бағдарламада айтып өткеніміздей, Икбал Лахури ислам әлемінің артта қалуы, әлсіреуі және бұрмалануының негізгі себебін исламның рухани-идеологиялық құндылықтарынан алшақ қалу деп атап, «өзіне қайтып оралу» идеясын ұсыну арқылы ислам әлемін өзінің мәдениеті мен өркениетіне шақырған.

Икбал өмір сүрген кезде ағартушылар Батыстың ойын көбірек қабылдауға көңіл аударған. Ол Батысты сынап, мұсылмандар өздерінің исламдық болмыс-бітімін қайта танып, қолдан кеткен бірлікті қайта қалпына келтіруі тиіс деп санаған. Ол ислам әлемінде бірлік тудыру мақсатында исламдық қозғалысты қалыптастыру үшін 4 негізден тұратын бір бағдарлама ұсынды: бірінші принцип – ғашықтық және Құранға мойынсұну; екінші принцип – исламның сүннеті мен рауаятына қайтып оралу; үшінші принцип – исламның шариғатын ұстану; төртінші принцип –ұлттық бір орталықтың болуы. Бүгінгі бағдарламада Мұхаммад Абде мен Рашид Резаның ислам əлеміндегі бірлік тақырыбына қатысты ой-пікірлерімен таныстырамыз.

Мұхаммад Абде мен Рашид Реза ислам əлеміндегі бірлік ойын қарастырып, жалғастырған ең танымал мұсылман теоретиктер болған. Шейх Мұхаммад Абде (х.қ.ж.с.б. 1266-1323) Мысырдың ең ықпалды ойшылдарының бірі болған. Ол Асадабадидің тәлімдерінен үлгі алып, ислам əлеміндегі бірлік идеясын жобалап, таратты. Сейіт Джамалдың шәкірті саналған Абде  сейіттің тәлімдерінің әсерімен діни идеологияны қайта жандандыруға кірісіп, ислам жайлы жаңа тәпсір ұсыну арқылы мұсылмандардың қажеттіліктеріне заманның талабына сай жауап беруге тырысты. Сейт Джамал бірлік идеясы мен мұсылмандардың діни-саяси ойын түзеуге талпынуды үкімет пен басқару жүйесіндегі шынайы шаралармен байланыстырса, Абде ислам əлеміндегі бірлікке кедергі ретіндегі тирания мен отаршылдықпен күреске басымдық бергеннен гөрі ой-сана, мәдениет пен  оқу-білім саласында өзгерістер жасау және исламдық бірліктің программалық кеңістігін өзінің мақсаттары мен бағдарламаларының басты бағдары етіп алды. 

Сейіт Джамал сияқты ислам əлеміндегі жікшілдік пен бытыраңқылықтың басты себептерінің бірін шиіт пен сүннит болып бөлінуде деп санаған Абде «Наһдж ул-Балағеге» тәпсір жазу арқылы исламдық бірлікті шиіт пен сүннит арасындағы мазхабтық қайшылықтарды шешу арқылы теориялауға талпынды. Абде ислам əлемін біріктіру теориясында үш принципке иек артқан: біріншісі – исламда ақыл мен діннің тепе-теңдігін сақтау қажеттігі; екіншісі – тоухид принципі, рационалды негіздер мен уақыт талабына сай  діни тақырыптарды талқылау қажеттілігі; үшіншісі – жауапкершілік және міндетпен қатар жүретін азаттық пен адам еркінің байланысы. Абде 19 ғасырда Еуропаның ислам елдеріне мәдени ықпалы мен саяси құдіреті дами түскен шақта ішкі жемқорлық, бұрмалаушылық пен сыртқы қоқан-лоққыларға қарсы исламдық қозғалысқа жағдай жасап, батыстық ойларды пайдалану арқылы ислам қоғамында өзгеріс жасауға талпынған. Шейх Мұхаммад Абде екі соғыстың ортасында бір-біріне қайшы саяси-экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық қысымдардың ошағы болған Мысырда «Исламдық реформа» қозғалысын қалыптастырды.

Діни ойды жандандыру ағымы, әсіресе  ислам әлеміндегі бірлік идеясы Мұхаммад Абденің сириялық шәкірті Рашид Реза тарапынан ілгерілетілді. Ол 19 ғасырдың аяғында Мысырды өздерінің отаны әрі мәдени-идеологиялық  белсенділіктерінің  орталығы етіп таңдап, онда өз істері үшін кеңірек көкжиек таба алған сириялық босқындардың ұрпағы еді. Рашид Реза тайпалық фанатизмді айыптаған, сол себепті ибн Халдунды фанатизмді дәріптегені үшін сынаған. Ол шовинизмді сынағанына қарамастан, сириялық арабтардың ұлтшылдығын жақтаушы белсенді ақпарат өкілі, 1920 жылы Сирияның Ұлттық конгресінің төрағасы болған. Бұл Конгресс Фейсалды Сирияның патшасы етіп сайлаған. Рашид Реза Батыстың национализм туралы тағылымдары мен сезімдерін бүкіл әлемді қамтитын исламдықпен бірге өз бойына жинақтаған.

Діни реформаторлардың принциптері мен ұрандары тұрғысынан сейіт Джамал мен Абденің жақтаушысы болған Рашид Реза ұстазы Абденің ойына керісінше исламдық бірлік пен халифатты сақтап қалуға баса назар аударған. Ол халифатты іс жүзінде осал тұстарын жойып, өзгерту арқылы исламның алғашқы ғасырларындағы қалпына келтіруді қалаған. Рашид Реза «шешушілер мен келісушілерге» берген орнымен өз заманында халифаттың дағдарысын жоюды көздеген. Ол түріктердің халифатын исламдық әділеттіктен ауытқыған халифаттың түрі деп бағалап, халықтың атынан өкілдік ету міндетін алатын «шешушілер мен келісушілер» тәсілін пайдалану арқылы халифаттағы басқа жерге көшіруді талап етті. Рашид Резаның халифат жайлы ойының түп негізі тура халифтің өзіне қайтып келу емес, «шешушілер мен келісушілер» немесе сол халықтың өкілдеріне билікті беруге саяды. Олар Рашид Резаның исламдық үкіметінің басты негізін құрайды.

Рашид Резаның «халиф тұлғасы» мен тіпті «халифат қаласына» көңіл аудармауы саяси жағдайлармен байланыста болуы мүмкін. Өйткені сол заманда халифаттыққа ең қатты талпынатын үміткер, яғни Шариф Хосейн деспоттық қатынасы, діни білімінің болмауы, Англияға жақтасуы және реформаторлық ағымға қарсылығы себебінен Рашид Реза қызығып, сенетін адам болмаған. Ол, сондай-ақ, шиіттердің халифін  сүнниттердің «халиф» деп қабылдай қоятындығына күмәнмен қараған. Сол себепті осы халифаттың шарттарына сәйкес келетін идеал үміткер жоқ, мекен тұрғысынан Хиджаз бен Стамбұл халифаттың орналасқан жері ретінде қолайлы емес, сондықтан ол «халифат өз арасында исламды қайта жандандыруға  қажетті  шарттар мен сипаттарға ие Сауд Арабиясы түбегіндегі түріктер мен арабтардың көмегімен қайта жандана алады» деген идеяны алға тартты.  

Рашид Реза реалистік көзқараспен «Арабтар мен түріктер дамудың қажетті дәрежесіне жетті, сондықтан осыған қатысты бір-біріне көмектесуі керек» деп санайды. Сол себепті халифаттың арабтар, түріктер мен күрдтер өмір сүретін Сауд Арабиясы түбегі мен Анатолия арасында құрылуын ұсынады. Ол анық түрде Мосул қаласының атын атайды. Осындай бейтарап жер халифаттың орталығы атанса, бұл елдер оған дауласпайтын болады және «Мосул» деген аты айтып тұрғандай, «қосылатын жер», «бітімге келетін жер» және рухани біріктірушінің рөлін атқаратын болады. Рашид Резаның ислам əлеміндегі бірлік туралы жобасы мен бағдарламасының сейіт Джамал мен Абде сияқты реформаторлардың ойларымен көптеген ортақтықтары бар. Мұнымен қоса, оның теорияларында халифат пен ислам үкіметінің ортақ жүйесі мен әртүрлі тәуелсіз елдердің арасындағы байланыстар туралы жаңа мазмұндар бар.

Рашид Реза исламдық бірлік пен ортақ жүйе қалыптастыру үшін қазіргі заманда мұсылман халықтарына тиімді заңдардың жиынтығын жасауды ұсынды.  Ол осы заңдар мен ережелер жиынтығын жасау үшін әртүрлі ислам елдерінің білікті адамдарымен кеңесіп, келіссөздер өткізуін қажетті іс деп атап, бұл адамдар төрт мазхабтың діни заңгерлігі мен үкімдерін Құран және сүннетпен сәйкестендіріп, заңдардың жиынтығы кітабын дайындайды. Бұл кітап бәрінен бұрын  илаһи заңдарға сүйенуі тиіс және біліктілік, ескертпелер, қоғамдық қағидаларды сақтау, мұсылмандардың ізгілігі, бақыты мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, қазіргі замандағы қажеттіліктерді өтеуді бәрінен бұрын назарға  алады деген сенімде болған. Рашид Резаның пікірінше, осы заңдарды шығарғаннан кейін халиф оларды орындауы тиіс және барлық ислам елдерінде халифтерге тиісті нұсқаулар беру арқылы олардың нақты орындалуын бақылауға алуы қажет.

Қысқаша айтқанда, мұсылмандар мен ислам елдерінің бірлігі, интеграциясы мен оянуы Рашид Резаның ең маңызды мәселесі мен белсенділіктерінің бірі болды деп айту қажет. Оның осы саладағы белсенділіктерінің өзегі үш тармақта көрініс тапқан: «әл-Минар» журналында оның мақалалары мен хабарларының жариялануы, ислам елдерінің бірлігі мен исламдық мазхабтарды интеграциялау және нығайтуға бағытталған әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандардың шаралары;  исламдық орталар мен оқу орталықтарында сөйлеген сөздері мен ескертпелері; «әл-Вахдат ул-Исламие» сияқты еңбектер жазу.  Рашид Реза мұсылмандарды бір-біріне жақындату мақсатында ислам әлемінің көп бөлігіне таралатын «әл-Минар» журналында әртүрлі мақалалар жариялаған. Ол ислам әлемінің ғалымдарын әлем мұсылмандарының көбірек әріптестік жасауына шақырды, сөйтіп ислам әлемінің бірлігі үшін өздерінің көзқарастарын білдіріп, мұсылмандардың осы журнал арқылы өз қиындықтары мен діни мәселелерін ортаға салуын қалады. Осылайша, Солтүстік Африканың батысы мен Тунистен бастап Үндістан мен Индонезияға дейінгі кеңістікте «әл-Минар» журналы арқылы осындай әріптестік пен байланыстар орнаған болатын.

Ол мұсылмандар мен арабтарға сионизм мен отаршылдардың қастандықтарын ескертіп, сионизм мен отаршылдыққа қарсы исламның бірігуін қалады. Рашид Реза «әл-Минар» журналының келесі бір бөлігінде израилизмді сынап, ислам әлемінің  идеологиялық жүйесінде оның кеңінен таралуының алдын алу арқылы ислам әлемінде жікшілдік пен мазхабшылдықты азайтуға тырысты. Араб реформаторлары мен жаңаша ойлаушылары панарабизм, араб патриоттығы және араб қозғалысы деген тақырыптардың соңында жүргенде ол мұсылмандарды артта қалудан арылтып, даму жолына салудың жалғыз шешімін ислам әлемінің бірлікке жетуі мен мазхабтардың жақындауында деп санаған.

Тегтер