Maм 30, 2016 16:37 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік 9

Исламдық қоғамды билеп отырған үстемдік Кавакабидің ойларының негізгі мәселесі болды, ал мұсылмандар мен исламдық елдердің бірлігі мен ынтымақтастығы және оянуы Кавакаби қарастырған маңызды проблемалардың қатарына жатады.

 

Әбд әр-Рахман Кавакаби – 1854-ші-1902-ші жылдар аралығында өмір сүрген тегі ирандық Сирияның Алеппо қаласында дүниеге келген тұлға. Ол Сирияда ержетіп, баспасөз және оқулық ұйымдар жұмыстарына қатысты. Ол бір кезеңде Алеппоның әкімі міндетіне де жетті. Оның белсенділігінің негізі османдық түріктердің үстемдігімен қарсыласу болып, ол ешбір жағдайда мұны естен шығармады. Соңында өзінің саяси әрекеттері және түріктердің қысымымен Сириядан Мысырға кетіп, сол елде қайтыс болды. Кавакаби Сейед Джамалдан әсер алып, ислам әлемінің бірлігі саласында оның көзқарасын жалғастырғанымен, кейбір жайттарда Сейд Джамалмен келіспеді. Сейед Джамал бөгделердің исламдық елдерге араласуын мұсылмандардың бақытсыздығының негізгі себебі санап, Англияның саясатына қатаң шабуыл жасаған болса, Кавакаби мұсылмандардың артта қалуын ішкі мәселелермен байланыстырып, олардың өздерін өзгертуге шақырып, мұсылмандардың өзгеруі исламдық елдердің бөгделердің қолына түсуіне кедергі болады деп, мұсылмандарды мектептерге барып, білім алуға жігерлендірді. Кавакаби исламдық мемлекеттердің артта қалуы туралы «Табаие әл-Эстебдад» және «Умм әл-Қери» деп аталған екі еңбегінде олардың дамуына тосқауыл болып отырған кедергілер мен исламдық бірлік мәселелерін талқылап, бұл екі мәселеде де тікелей немесе жанама түрде ислам әлемінің бірлігіне тоқталды. «Табаие әл-Эстебдад» еңбегінің негізгі мәселесі – үстемдік. Кавакаби бұл еңбегін италиялық ойшыл-ұлтшыл Витторио Альфьеридің ойларына сүйеніп жазды. Монтескье философиясына қызығушылық танытқан Альфьери үстемдіктің үлкен дұшпаны болды. Оның әр еңбегінің негізгі мақсаты үстемдікпен күресу еді. Кавакаби «Табаие әл-Эстебдад» кітабында осы ой-пікірге тоқталып, оның көзқарасын исламдық негіздер бойынша сараптады. Ол үстемдікті барлық нәрсені тек өз мүддесіне қолданатын, ахлақты шірітетін, ілім мен дамуға кедергі жасайтын, адамгершілікті жойып, дінді өзінің құралы етіп, қоғамды дұрыс тәрбиелеуге кедергі болатын, азаттықты тамырымен жойып, халықты құлдыққа итермелейтін адамзаттың ең үлкен бақытсыздығы деп баса айтты. Кавакаби үстемдікті бұзақылық, үстемдіктің негізін мұсылмандардың христиан басшыларын ойланбай үлгі тұтуына байланысты деп санап, шын мәнінде мұсылмандардың надандығы мен хабарсыздығы және басшылардың есеп бермеуі бұл аурудың таралуы мен келесі басшыларға да әсер етуіне себеп болады деді. Яғни, дұшпанның негізгі ілімі – үстемдік. Ол жұмсақ әдістер және халықпен ымыраға келу және оны хабардар ету арқылы үстемшілердің іші бос сарайын құлатуға әрекет ету қажет деп санады. Кавкаби Сейед Джамал сынды мұсылмандарды саяси хабардар етуді уәжіп әрі қажетті іс санады және нәтижесінде халықтың жігері мен саяси сауаттылығы үстемдіктің алдын ала алады деп сенді. Ол Сейед Джамал сынды және Абдеге қайшы саяси жұмыстар мен жоғары саяси ұрандарға жету үшін мұсылмандардың өмір сүру тәсілін өзгертуді және олардың саяси ұрандарымен қатар діни ұрандарын оятуды басты мәселе деп қуаттады. Ол орнаған жағдайды өзгерту үшін шынайы исламға оралауды насихаттады. Бірақ көпшілік сынды қайта жаңғыртуды талап еткенімен, Ислам дінін Батыс өркениетіне қарсы қоймады. Кавакаби бұл кітабында үстемдікке шабуыл жасағанымен, оны тікелей исламдық бірліктің кедергісі деп атамады. Ол тек үстемдіктің әсері, нәтижесі мен салдары исламдық бірлікке кедергі келтіреді деп ескертті. Кавакаби Исламның, әсіресе тауһид негізінің үстемдікті теріске шығару және азаттықты тұрақтандыру және әлем мұсылмандарының бірлігі саласындағы рөлін қуаттап: «Мұсылмандар зорлық-зомбылық көріп, үстемдіктің тұтқынында Алладан басқаның тұтқыны болғанша бірікпейді»,- деп ескерту жасады. Кавакаби исламдық үмбеттің ыдырауы мен тәжіриесіне себеп болатын үстемдік пен шіркті синоним деп атап, саяси тұрғыдан оларды азаттық пен тауһидке қарсы деп санайды. Кавакабидің пікірінше, ислам діні – тауһид діні. Бұл дін шіркті жойып, бірлік орнату үшін келді. Ол Құранның кеңесті қуаттайтындығына тоқталып, үмбеттің діни қайшылықтары мен жіктелуіндегі үстемшілердің рөліне және бірлік жолында кедергі тудыруына сілтеме жасап, тауһидке сенім арту үмбеттің алға ілгеріп, кемелдікке және бірлікке жетуіне себеп болса, шірк немесе таухидтің болмауы бірлікке кедергі болып, зұлымдық, бұзақылық және жіктелуге жол ашады деп мойындады. Кавакаби өзінің «Умм әл-Қери» деп аталған екінші кітабында орталығы Меккеде орналасқан исламдық бірлік жобасын ұсынды. Ол нақты жолдар көрсетілмеген, тек өзінің арман-қиялы болған бұл жобасында жамағат немесе ұйым мен Меккедегі халықаралық және әлемдік қауымдастықтарды көрсетіп, мұсылмандардың әлсіздігі мен бұрмаланушылықтарды, олардың тамыры және мұсылман халықтары өкілдерінің қатысуын, мұсылмандардың артта қалушылығын шешуді Ислам әлемінің арманы деп атады. Бұл жорамалды, қиялдағы басқосуда мұсылмандардың бұрмаланушылықтары мен осалдығын зерттеп, оларға қарсы тұруға жоба жоспарлады. Оған қатысқан өкілдер ислам әлемінің жағдайын жақсы түсініп, саяси және қоғамдық мәселелерді шешуге үлгілер ұсынады. Тек исламдық елдердің тілеулестігінің арқасында ғана халықаралық исламдық басқосудың көмегімен бұл үлкен мәселені шешуге Ол аталмыш кітабында исламдық қоғамның қиындықтарыы мен мұсылмандардың артта қалуының себептеріне тоқталып, мұсылмандардың бірлігі мен ынтымақтастығының қажеттілігіне тоқталды. Ол бұл конгрестегі сұхбаттардың нәтижелері бойынша исламдық ақиқатты дұрыс түсінбеу мен олардан алыстауды, бір дауыстың билігі мен ақылдасудан тартынуды, сөз сөйлеу, білім алу және исламдық пікірталастар салаларындағы азаттықтың болмауын, мұсылмандардың арасында жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру негіздің ұмытылуын, діни істерге жеңілдікпен қарап, оларды жеке мүдделерге пайдалануды, өтірік руханилердің араласуы мен билік басындағылар мен сарай ғұламаларының исламдық қоғамдағы уағыздарын, діни ғылымдардағы қысқа ойлар және заманауи ғылымдарға бейқамдық танытуды, мұсылмандардың арасындағы үмітсіздікті, жеңіске жеткізетін басшының болмауын, кедейшілік, надандық пен жаман ахлақты, үстем шешімдерді, исламдық ахкамның болмауын, мұсылман халықтардың жәһилияты мен хабарсыздығын исламдық қоғамның артта қалуының маңызды себептері деп атады. Кавакаби бұл кітабында негізгі үш нәтижеге жетеді: бірінші нәтижесі – мұсылмандар әлсіреп, артта қалуда; бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеу қажеттілік әрі уәжіп; екіншіден, исламдық қоғамның мәселелерінің тамыры надандық болып табылады; оны білім арқылы жою керек; үшіншіден, бұл мәселелерді шешетін басқосулар өткізіп, ислам үмбетінің үлкендері мен ғұламаларын жауапты ету қажет. Қорыта айтқанда, исламдық қоғамды билеп отырған үстемдік Кавакабидің ойларының негізгі мәселесі болды, ал мұсылмандар мен исламдық елдердің бірлігі мен ынтымақтастығы және оянуы Кавакаби қарастырған маңызды проблемалардың қатарына жатады.

 

Тегтер