Маусым 28, 2020 14:43
Дерозноу ауылы Гүлстан облысының Кордкуй ауданы орталығынан 40 км қашықтықта, биіктігі шамамен 2800 метрді құрайтын «Дерозноу» шыңына жақын жерде орналасқан. Бұл шыңнан Гүлстан мен Мазандеран облыстарындағы 11 қала мен жүздеген ауылды көруге болады. Таяу Шығыстағы ең ірі әрі жақсы параглайдер орталықтарының бірі осы ауданда орналасқан. Ұшуға ынтық адамдар елдің әртүрлі қалаларынан «Дерозноу» шыңына барады.