Иран: Рамиан көлшігі (99)
Қаз 05, 2020 02:11 Asia/Almaty
«Гөл Рамиан» көлшігі Гүлістан облысының шығысындағы Рамиан қаласының оңтүстігінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан.
Рамиан көлшігі – ұзындығы 90 метр және ені 80 метр ауданды алып жатқан табиғи хауыз. Хауыздың тереңдігі 34-44 метр. Кейбір деректер бойынша, тереңдігі 80 метрге дейін жетеді. Көлдің түбі әктасты болуына байланысты оның тереңдігін нақты анықтау мүмкін емес. Түркі тілінде «гөл» су жиналған өте терең жер деген мағына береді. Тарихи тұрғыдан аймақта көбіне түркі тектес халық, соның ішінде «грали» тайпасының бір тармағы тұрады.
Осы әдемі табиғи көлшік – Ирандағы ең терең және әлемдегі екінші салқын су көзі.