Діни жетекшінің Исфаһан халқымен кездесуі
https://parstoday.ir/kz/radio/uncategorised-i18715-Діни_жетекшінің_Исфаһан_халқымен_кездесуі
Иран Ислам революциясының жетекшісі қасиетті қорғаныстың 360 шәһидінің Исфаһанда жерленуінің жылдығында осы қаланың мыңдаған тұрғынымен кездесті. Хазірет кездесуде Исфаһан халқының мақтан тұтатын ерекшеліктерін қуаттап, қарсыласу экономикасы, саяси қырағылық пен революциялық рухты сақтау қажеттілігі сынды маңызды мәселелерге тоқталды.
(last modified 2026-04-02T07:25:27+00:00 )
Қар 27, 2016 13:49 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің Исфаһан халқымен кездесуі

Иран Ислам революциясының жетекшісі қасиетті қорғаныстың 360 шәһидінің Исфаһанда жерленуінің жылдығында осы қаланың мыңдаған тұрғынымен кездесті. Хазірет кездесуде Исфаһан халқының мақтан тұтатын ерекшеліктерін қуаттап, қарсыласу экономикасы, саяси қырағылық пен революциялық рухты сақтау қажеттілігі сынды маңызды мәселелерге тоқталды.

Иранның мұсылман және революцияшыл халқы Иран  тарихына мақтан тұтарлық күндерді тіркеді. Иранның революцияшыл халқының өз елін Ирактың БААС режимінің шабуылынан    сегіз жыл қорғауы – табандылық пен жанкештіліктің алтын кітабы. Бұл кітаптің әрбір беті оқырманды тағзым етуге мәжбүрлейді. 25-ші абан – қиын сынақтан абыроймен өткен Иранның иманды және адал халқы тарихының алтын беттерінің бірі. Қасиетті қорғаныс жылдары Иранның мәдени және өнер қаласы – Исфаһанның батыл халқының Ислам революциясының жолында шамамен 23 000 адам шәһид болды. Алайда, хиджри шамси күнтізбесінің 1361-ші жылының 25-ші абан күнгі оқиғасы ерекше. Бұл күні «Мұхаррам операциясы» деп аталған әрекетте шәһид болған  Исфаһанның 360 жігітін Исфаһан халқы ақтық сапарға шығарып, дәл сол әрекетте  шәһид болған тағы 250 шәһид те бірнеше күн аралығында осы қалада жерленді. Абыройлы алты жүзден астам жас азаматтарынан айырылып, қала  қайғыға батады деп күтілген жағдайда  исфаһандық жастар өз еріктерімен жаңа батальондар  құрып, мықты жігерлерімен шәһидтердің босаған орындарын толтыру үшін соғыс майдандарына аттанды.Имам Хомейни бұл оқиғадан кейін Исфаһан халқына көңіл айтып: «Алланың  қасындағы арнайы орындарына асыққан беделді шәһидтердің пәк аруақтарына Алланың рақымғы жаусын. Ислам діні жолындағы  шәһидтердің ата-аналары мен әйелдеріне, перзенттері мен басқа жақындарына сабыр мен шыдамдылық танытып, шәһидтердің көшбасшысы имам Хусейн (ғ.с.)-ның ерлігін әлемдіктердің естеріне түсіргендері  үшін сәлем мен салауат айтамыз»,- деді.

23 жастағы қолбасшы шәһид Зейнеддин

Көптеген шәһидтерімен танымал болған Исфаһан  халқы ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті. Аятолла Хаменеи Исфаһан халқымен қайтадан кездесуіне ризалығын білдіріп, бұл қаланы мәдениет, өнер және шаһадаттың орталығы деп атап: «Абан айының 25-нен соңына дейінгі күндер тек Исфаһан халқының ғана емес, сонымен қатар мелекетіміз бен тарихымызда еш уақытта ұмытылмауы керек»,- деді. Ол Иран тарихындағы мұндай күндердің маңыздылығын төмендетуді дұшпанның шабуыл жасау тәсілдерінің бірі деп атап: «Егер Батыс мемлекеттерінен қаһармандық женкештіліктің тек бір үлгісін ғана тапсағдар, олар ешбір жағдайда оларды кітаптарынан алып тастауға рұқсат бермейді. Иранның Ислам революциясының тарихы қаһармандар мен олардың ерліктеріне толы. Сондықтан олардың барлығын жақсы сақтау керек» деп баса айтты. Иран Ислам революциясының жетекшісі қатерлерге қарамастан бұл кезеңдегі «арбағин» рәсімдерінің өтуін ерлік іс-қимылдардың бірі деп бағалап, Иран халқының мұндай көңіл күйді сақтауды мемлекеттің өміршеңдігінің кепілі деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи Исфаһан халқымен кездесуінде

Ислам революциясының жетекшісі Исфаһанды ежелгі әрі мақтан тұтатын қала деп атады. Ол кісі бұл қала халқының жақсы ерекшеліктерінің бірін күнделікті тұрмыстарын қанағат ету және Алланың жолында қолдарында барын аямауы деп атап, осы ерекшеліктерді қарсыласу экономикасының факторларының қатарына жатқызып: «Исфаһан – революция, дін, велаят, қызмет, еңбек, ғылым мен адами ресурстарды тәрбиелеу қаласы. Бұл үлкен қор сақталып, дұшпанның бұл қорды жою жобаларынан хабардар болған жөн. Дұшпанның алдында артқа шегіну – бір елге енгізілетін барлық зардаптардың дарбазасы. Біз мемлекетімізді  исламның берекесімен алға ілгерілетіп, Иран халқын елдің беделіне сай үлгіге жеткізуді мақсат етеміз. Яғни, тек ислам әлемі мен мұсылман халықтарының ғана емес, сонымен қатар бүкіл адамзаттың үлгісіне айналдырғымыз келеді. Бұл қиын әрі ұзақ жол. Исламның дұшпандары Исламның атының айбынын қаламайды. Шиіттердің дұшпандары да мұны қаламайды. Сондықтан қастандық жасайды. Олардың жобаларына немқұрйдылық танытуға болмайды»,- деді.

Аятолла Хаменеи Исфаһан халқымен кездесуінде

Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында революцияның негіздеріне табанды болуды мемлекеттің қазіргі кездегі бірінші қажеттілігі деп атап: «Имам Хомейнидің сөздері мен өсиетнамасы революцияының негіздері мен тірегі саналады. Дүниені сілкіндерген имам өз көзқарасын өсиетнамасында көрсеткен. Имамды шындыққа қарсы сараптауға болмайды. Имам революцияның негіздерін ырымшылдық пен надандықтан  емес, ғасырлар бойындағы таңылған артта қалушылықтың ластықтарынан тазартатын және революцияны жалғастыратын жалғыз жол болғандықтан қуаттады»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекішісі мемлекеттің бүгінгі қажеттіліктерінің бірін  экономика деп атап, қарсыласу экономикасының маңыздылығын қуаттап: «Қарсыласу экономикасы – елдің ішінде дамитын, біздің басқаларға тәуелділігімізді төмендететін және елдің бөгделердің араласуына қарсы табандылығын арттыратын экономика. Қарсыласу экономикасының мағынасы осы»,- деді. Өткен жылдары Батыс, әсіресе АҚШ әділестіз санкцияларымен Иранның экономикасын қиындықтармен бетпе-бет келтіруге әрекет жасады. Сондай жағдайда Ислам революциясының жетекшісі қарсыласу экономикасын елдің экономикалық қиындықтарын жеңетін жалғыз жол деп көрсетіп, бөгде мемлекеттерге тәуелді болудың орнына  ішкі мүмкіндіктер мен адами күштердің қабілеттеріне сүйену қажеттігін баса айтты.

Қарсыласу экономикасы

Саяси қырағылық діни жетекшінің сөзінде баса айтқан келесі мәселесі болды. Аятолла Хаменеи: «Қырағылық болған кезде адам өзінің жақын және ішкі кеңістігін тани алады. Қырағылық деген  осы. Қырағылық болмаса адам шын мәнінде қызықтырмайтын бір нәрсеге тәуелді болады»,- деді. Аятолла Хаменеи кейбір танымал адамдардың АҚШ-қа еліктеуін АҚШ-тың шайқалған жағдайын дұрыс танымаудың салдарларының бірі деп атап, АҚШ президенттік сайлауының екі үміткерінің өз дебаттарында осы мәселені көрсеткенін  мәлімдеп: «Бос ойларға әуестенгендер мұны түсінуге дайын ба? Ақшаға ие болып, оларды өзі бастаған соғыстарда жазықсыз әйелдер мен балаларды қыруға жұмсап отырған АҚШ-тан мұндай қирауларды көруге болады»,- деді. Иран ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Ауғанстан, Ирак, Йемен, Ливия және Сириядағы қылмыстарынатоқталып: «Қырағылық деген сендерге кімнің қарсы тұрғанын  және олардың сендер туралы не ойлайтынын білу. Егер көздеріңді жұмып, ойламасаңдар соққы көретіндіктеріңді біліңдер. Қырағылық, міне, осы»,- деп ескертті.

Аятолла Хаменеи

Аятолла Хаменеи АҚШ-ның президенттік сайлауы туралы айтқан сөзінде: «Біз бұл сайлауға төрелік жасамаймыз, өйткені АҚШ – сол баяғы АҚШ. Соңғы 37 жылдың ішінде үкімет басына келген екі партияның ешқайсысынан еш қайыр көрген жоқпыз. Олар әрдайым Иран халқымен жауласып келеді»,- деді. Ол АҚШ-тың әрбір үкіметінің  дұшпандық әрекеттерін жалғастырғанына сілтеме жасап: «Біз алаңдамаймыз.  Біз Алланың мейір-шапағатымен  кез-келген  ықтималды оқиғамен бетпе-бет келуге дайынбыз»,- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі Иранның исламдық республикасы жүйесінің ішкі мықтылығының қажеттілігін қуаттап, жастардан революцияшыл рухтарын сақтауды талап етіп, жанжалдар мен айлаларға  көңіл бөлмеуге шақырды.

 Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңында Исфаһанның Аллаға иман келтірген халқының мадақтайтын ерекшеліктеріне қайтадан тоқталып: «Исфаһанның алыс және жақын кеезңдердегі өткен сынақтары сындарлы сынақтар болды.  Мұны Иранның бүкіл халқы растайды. Құдайға шүкір, Исфаһан алға ілгерілеуде»,- деді. Аятолла Хаменеи илаһи сынақтарды жаттығулардың бір түрі  деп атап, Алланың адам өзінің осал тұсын күшейтсін деген мақсатта оларды қиын мәселелермен бетпе-бет келтіретінін айтты. Ислам революциясының жетекшісі жиналған адамдарға: «Ардақтыларым! Бұл елдің келешегі бүгінгі жағдайынан анағұрлым жақсы болады. Алланың көмегі мен революция және илаһи аяттардың, Құран мен Исламға және пәк имамдардың тағылымдарына сүйенудің берекесімен бұл ел барлық қиындықтардан өтіп, алға ілгерілей береді. Құдай бұйыртса, солай болатындығына үміттенемін»,- деді.