Сионистік режим азан айтуға тыйым салу әрекетімен діни азаттықты бұзуда
(last modified Sat, 10 Dec 2016 13:36:43 GMT )
Жел 10, 2016 19:36 Asia/Almaty
  • Сионистік режим азан айтуға тыйым салу әрекетімен діни азаттықты бұзуда

Азан – исламдық белгілердің бірі. Мешіттен естілген азан мұсылмандардың діни уәжіптерінің бірі намаздың басталғанын білдіреді. Сондықтан сионистік режим ғана емес ешбір адам, ешбір ұйым мұсылмандарды діни белгілерінен мақұрым ете алмайды. Бұл тыйым салу діни азаттыққа кепілдік беретін адам құқығы құжаты мен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына қайшы болып табылады.

Жылдар бойы адам өлтіріп, зұлымдық жасап, Палестина халқының құқығын бұзумен айналысып келе жатқан сионистік режим бұл күндері  өзінің арсыз әрекеттерін жалғастыру аясында  тіпті әл-Ақса мешітінен естілетін азанның әдемі әуенін естуге төзімділік білдіре алмай, аталмыш режим  үкіметінің министрлер кабинеті нәсілшіл сипатқа ие екі заң бекітті. Оның бірі – Құдс қаласының мешіттерінде азан айтуға тыйым салатын заң болса, келесі бірі – Йордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтардың жерлерін басып алуға қатысты заң.

Сионистік режим Құдс қаласының мешіттерінде азан айтуға тыйым салды

Сионистік режим  үкіметінің министрлер кабинеті оңшыл «Біздің үйіміз – Израиль»  партиясы мүшелерінің бірі және тағы басқа оңшыл депутаттар ұсынған заңның жобасын мақұлдады. Енді бұл заң қорытынды түрде бекітілуі үшін Кнессетке тапсырылады. Бұл заңға сәйкес сионистік режим «азанның дауысы сионистік қалашықтар тұрғындарының мазасын алады» деген сылтаумен Құдс мешіттерінен азан айтуға  рұқсат етпейді. Сонымен бірге бұл заң бойынша сионистік режимнің полициясы  азаншыны полицияға әкетіп, оны тергеп,  айыппұл сала алады. Израиль премьер-министрі Бениямин Нетаньяху да нәсілшіл заңның жобасын  мақұлдады.

Діни азаттық – адамның ең басты азаттықтарының бірі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 18-ші бабында: «Әр адам өзінің ой, ар және діни құқығын пайдалана алады..»,- деп айтылған. Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакттің 18-ші бабының бірінші тармағында: «Әр адам ойлану, ұят және дін еркіндігіне ие. Бұл құқығыадамға өзі ұнатқан дінді қабылдауға еркіндік береді»,- деп айтылған. Сонымен, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы адамға дін мен діни наным-сенім еркіндігін береді. Алайда тек діни азаттықты құрметтеу жеткілікті емес. Бір мазхабтың жақтастарына азап-қорлық көрсетуге болмайды.

Азан айтуға тыйым салатын заң бекітілді

Азан айту – исламдық белгілердің бірі. Мешіттен естілген азан мұсылмандардың діни уәжіптерінің бірі намаздың басталғанын білдіреді. Сондықтан сионистік режим ғана емес ешбір адам, ешбір ұйым мұсылмандарды  діни  белгілерінен мақұрм ете алмайды. Бұл тыйым діни азаттыққа кепілдік беретін  адам құқығы құжаты мен әлемдік адам құқығы жарғысына қайшы болып табылады.

 Адам құқығы халықаралық құжаты  адамдардың діни азаттығы мен діни сенімдерін білдіруіне және діни рәсімдерін іске асыруын кепілдік береді. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 18-ші бөлімі ой мен дін азаттығын пайдалануға  кепілдік беріп, бұл құқық сенім, иман және тағылымдар азаттығы мен діни рәсімдерді жеке және ұжымдық түрде орындауға мүмкіндік тудырады. Бұл бөлім діни азаттық және діни ғибадаттардың жеке немесе ұжымдық түрде орындалуын ресми түрде танымал етті.

Азан - исламдық белгі

 

 Сионистік режимнің әрекеті Палестина халқының жерін басып алушылардың нәсілшілдік әрекеттерінің белгісі. Сионистердің нәсілшіл рухының күшейгені соншама, олар тіпті азанның дауысына төзе алмағандықтан Палестина халқына  өз елінде Ислам дінінің ғибадаттарын орындауға  рұқсат еткісі келмейді. Бұл әрекеттер де халықаралық құжаттарды әшкере түрде бұзу болып табылады. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының екінші бабы да барлық адамдардың ұлты, түсі, тілі, діні, саяси наным-сенімі, қоғамдағы жағдайы, байлығы және тағы да басқа факторларына назар аудармай, барлық адамдарды азат әрі барлық құқықтарға ие деп жариялады.

Сионистік режим әлемдегі нәсілшілдіктін белгісі

Адам құқықтарына қатысты құжаттардың көбінде діни мәселе ұлт, тіл және тағы да басқа мәселелермен бірге қарастырылып, оларға кемсітушілік танытпау қуатталған. Айта кететін жайт, кемсітушіліктің әр түрі болуы мүмкін. Мәселен, белгілі діннің жақтастарына қарсы қатыгездік қолдану немесе оларды жазалау сынды. 1981-ші жылдың 25-ші қарашасында бекітілген «Діни төзімсіздік пен кемсітушіліктің барлық нысандарын жою» туралы Декларациясының 4-ші бабында: «Үкіметтер  діни кемсітушілік пен наным-сенімдерге деген төзімсіздік пен кемсітушіліктің алдын алу үшін әсерлі шаралар қолдануға міндетті»,  деп жазылды. Сонымен бірге аталмыш құжаттың 3-ші бабында діни кемсітушілік Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіде қарастырылған адам құқықтарын бұзу деп көрсетілді.

Әл-Ақса мешітінде азан айтуға тыйым салу көптеген реакциялар және айыптаулармен бетпе-бет келді. 1948-ші жылы басып алынған жерлердегі исламдық қозғалыс еш уақытта бұл нәсілшіл заңның іске асырлуына рұқсат етпейтіндіктерін қуаттады. Бұл қозғалыс өз мәлімдемесінде: «Азан – қасиетті Ислам дінінің ұрандарының бірі»,- деп қуаттады. Палестинаның «Фатх» қозғалысы басшыларының бірі азан айтуға тыйым салу заңының бекітілуін діни соғыс деп атап, басқыншылармен қақтығысу тәсілін өзгерту туралы ескертті. «Фатх» қозғалысының бұрынғы баспасөз хатшысы Раафат Алиан: «Басқыншылардың Құдс мешіттерінде азан айтуға тыйым салуы – діни соғыс. Сондықтан Палестина Автономиялық құрылымының барлық топтары мен барлық басшылары басқыншыларға қарсы күрестің болмысын өзгертуге  шешім қабылдауы керек»,- деді.

Басып алынған Палестина жерлерінде азан айтуға тыйым салу заңының бекітілуі сыналды

Сондай-ақ, Құдс қаласы және Палестина жерлерінің Бас мүфтиі де сионистік режим кабинетінің Құдста азан айтуғы тыйым салу заңының бекітілуіне реакция білдірді. Құдс және Палестина жерлерінің Бас мүфтиі Шейх Мұхаммад Хосейн Израиль режимінің мұндай шешімін айыптап: «Бұл заңнның бекітілуі сионистік режимнің мешіттерді өртеу, қирату және жабу саясатын  жалғастыруы»,- деді.

 Сионистік режимнің әл-Ақса мешінде азан айтуға тыйым салу туралы нәсілшіл заңының бекітілуінен кейін Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың баспасөз хатшысы Абдоллатиф  Қаное: «Сионистік режим үкіметінің әсіресе қасиетті әл-Ақса мешітінде азан айтуға тыйым салуы – Құдс қаласының исламдық белгілері мен мұраларын өзгерту саласындағы өте қатерлі әрекет. Мұндай заңның бекітілуі мұсылмандардың діни істері мен ғибадаттарына әшкере түрде араласу саналады. Сондықтан әлемнің жер-жеріндегі мұсылмандардың сезімдерінің жаралануына себеп болуы мүмкін. Бұл заң Палестинаның қасиеттіліктері мен Палестина халқының өз жеріндегі тарихи және діни  құқықтарын қолдайтын барлық халықаралық заңдар мен қарарлардың, соның ішінде Құдс пен әл-Ақса мешіті және  аталмыш мешітті мұсылмандарға тиесілі деп жариялап, оның еврейлерге қатыстылығын  теріске шығарған ЮНЕСКО-ның соңғы қарарының бұзылуы саналады»,- деп қуаттады.

 Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС

Қаное Құдс мешіттерінде азан айтуға тыйым салуға қатысты кез келген заңның бекітілуіне қатысты ескерту жасауымен бірге халықаралық қоғам мен барлық халықаралық  органдардан сионистік режимнің әсіресе Құдс мешіттері мен қасиетті мекендеріне қарсы шабуылдарының алдын алуды талап етті.

 Кейбір сарапшылар сионистердің бұл әрекетін исламдық үмбетке қарсы келу деп атап, Израиль режимінің нәсілшіл саясатын арсыз түрде жалғастыруына әлемдік қоғамның екіжүзді ұстанымын себеп  болып отыр деп санайды. Құдс мешіттері мен әл-Ақса мешітінде азан айтуға тыйым салу сионистік режимнің ислам әлеміне қарсы  діни соғысы. Мұндай жағдайда Құдс қаласы мен әл-Ақса мешітін қолдау әлемнің барша мұсылмандарының міндеті болып табылады.

Израильдің Құдстағы әрекеттерінің топтамасы  Палестина халқының Құдс Интефазасы деп аталған қатаң реакцияларымен кезікті. Палестиналықтардың Құдстың исламдық  болмысы мен әл-Ақса мешітін қорғауына қолдау көрсету ислам үмбетінің негізгі міндеті.

 

 

 

 

 

 

Тегтер