Рохинья мұсылмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы (2)
Рохинья мұсылмандарын өлтіру мен оларға қарсы жасалған қылмыстар суреттеріндегі мұсылман азшылығының тартқан азабы мен бейнеттерінің көру кез-келген адамның жүрегін ауыртады. Бұл мұсылмандарға қарсы өз жерінен қуылуға үкім шығарылумен қоса, оларға қарсы әртүрлі зорлық-зомбылықтар мен жан түршіктірерлік қылмыстар да жасалынып отыр.
Мяньма мұсылмандарын өлтіріп, оларға қарсы жасалған қылмыстардың суреттеріндегі мұсылман азшылығының тартқан азаптары мен бейнеттерін көру кез-келген адамның жүрегін ауыртады. Бұл мұсылмандарға қарсы өз жерінен қуылу үкімімен қоса, оларға қарсы әртүрлі зорлық-зомбылықтар мен жан түршіктірерлік қылмыстар да жасалынып отыр. Олардың үйлерін өртеп, қыз-келіншектерін зорлап, қатты азаптап, мұсылмандардың өздерін өртеп, өлтіріп жатыр. Мяньма үкіметі рохинья мұсылмандарын өз азаматтары ретінде мойындамағанның өзінде қалайша адам баласына қарсы осындай қылмыстарға баруда?
2012 жылдың маусым айынан басталған мұсылмандарға қарсы жасалған жуырдағы қылмыстар буддалықтардың мұсылмандармен ең нашар әрі қатты қақтығысының көрінісі болды. Алайда, Бирма мұсылмандарын азаптаудың жаңа кезеңі геноцид саналады. Бұл кезеңде Бирманың буддалық азаматтары қауіпсіздік күштерінің қолдауының арқасында мұсылмандарға қарсы адам сенгісіз қылмыстар жасап отыр.
Мяньма әскерилерінің рохинья мұсылмандарын ұрып-соғуы
Будда қауымы мен оны қолдаушы үкімет мұсылмандарды қанап, оларды кемсітіп келеді. Бірақ Лондондағы адам құқықтары жөніндегі "Теңдік құқығы" ұйымның мәлімдеуінше, тіпті Бирма әскері буддалықтарға елдегі мұсылмандарды азаптап, қинауда көмек көрсетуде.
Рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстардың шарықтау шегі 2012 жылдан басталғанымен бұл оқиғалар ұзақ уақыт бойы адам құқықтары қауымдастығының үнсіздігімен жалғасып келді. Өкінішке орай, БҰҰ да, 21-ғасырдағы өркениетті әлем де адам баласына қарсы мұндай апатқа қатысты ешбір реакция білдірмей, наразылық та танытпады. Адам құқықтары жөніндегі ірі ұйымдардың барлығы буддалықтардың мұсылмандарды жаппай қырып жатқан қорқынышты суреттері мен фильмдердін көрсе де, үнсіздік танытып отыр. БҰҰ-ның нәтижесіз әрекеті осы ұйымның Босния мен Герцоговинадағы мұсылмандарды жаппай қыруға байланысты үнсіздік танытқан жағдайын еске түсіреді.
2012 жылдың шілде айында Далай Ламаның ізбасарлары мен оның дінін жалғастырушылар рохинья мұсылмандарын өлтірген болатын. Сол кезде ол рухани сапармен Кашмирде болған. Бұл сапары барысында Далай Лама өз ізбасарларының бейбітшілігі үшін және жанжалдардың шешілуі үшін дұға етіп жүргенде әлемнің басқа бөлігіндегі оның ізбасарлары балаларды өлтіріп, қорғансыз әйелдерді зорлап жатты. Ол Мьянмадағы ізбасарларының жасаған әрекеттеріне ешбір реакция білдірмей, үнсіздік танытуын жалғастырды.
Кейбір халықаралық ақпарат құралдары Мяньма үкіметінің будалықтармен бірге ашық түрде рохинья мұсылмандарын өлтіріп, оларға қарсы жасап жатқан қылмыстарын әшкере еткеннен соң, Далай Ламаның реакциясы үнсіздік танытқанынан бетер масқаралық болды. Ол ABC News ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында өз ізбасарларының адам баласына қарсы жасаған бірталай қылмыстарына қатысты: "Бұл – өте қайғылы жағдай",- деп айтумен ғана шектелді.
Алайда, Мьянма президентінің бұл мәселеге қатысты реакциясы мен оны шешу жолы да оғаш болды. Батыс оны реформатор деп танитын Бирма президенті Тейн Сейн буддалықтардың ессіздікпен мұсылмандарды өлтіруі басталған кезде бұл мәселені шешу үшін қылмыстық шешім ұсынып: "Барлық рохиньялықтар елден қуылсын немесе босқын ретінде БҰҰ-ның қамқорлығында болсын",- деді.
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Аун Сан Су Чжи тілшілердің алдында бұл қылмыстарды этникалық және ішкі қақтығыстар деп атап: "Бүкіл ел үшін қиындық тудырған этникалық қақтығыстарды қарастырып, мәселені саналы түрде шешу қажет",- деді.
Мұндай демократтың ұстанымдарынан қылмыскерлерге қарсы ешқандай айыптаулар байқалмады және сорақы түрде өлтіріліп жатқан мазлұмдарды қорғау туралы мәселе мүлдем қозғалмады. Ол тілшілерге берген сұхбатында: "Рохинья мұсылмандары Мьянма азаматтары екені, не еместігін білмеймін",- деді. Ал Мьянма Парламентінде айтқан сөзінде: "Нағыз демократияның ортақ рух, құқықтар теңдігі мен өзара құрметке ұласуына байланысты, барлық депутаттардан азшылықтардың құқықтарын қорғайтын заң бекітуге талпыныс жасауды күтемін",- деп мәлімдеді.
Су Чжидің бұл өтінішінің мұсылмандарға еш қатысы жоқ екендігі айдан анық. Себебі ол рохинья мұсылмандарының Мьянма азаматтары екенін, не еместігін өзі анық білмейді.
Алғашында БҰҰ-ның осы мәселеге байланысты үнсіздік танытуы баршаның назарын аударды. Шындығында, БҰҰ мен оған қатысты барша мекемелердің Бирма мұсылмандарын жаппай қыруға қатысты жауапсыз қарауы мен нәтижесіз әрекеті Босния мен Герцоговинадағы мұсылмандарды жаппай қыруға қатысты үнсіздік білдірген кезін еске түсірді. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, әр жолы мұсылмандарды қыру орын алған жағдайда БҰҰ-ның бұл қылмыстардың алдын алудағы рөлі нәтижесіз пікір айтып, бірнеше әсерсіз қарар қабылдаудан аспаған.
Бірақ, Мьянма мұсылмандарына қарсы жасалған қылмыстар басқа діни топтардың басына түскен жағдайда, БҰҰ тарапынан дәл осындай әрекет көреміз бе? Егер басқа діндерді ұстанушылар осындай жолмен қаза болып жатса, Батыстың үнсіздігі мен енжарлығына куә болатын ба едік пе?
Ең қызығы, адам құқықтарына байланысты жанжал шығарушылар, оны қорғаушылар мен жоқтаушылар бұл қылмыстарды айыптамауымен қоса, осы әрекеті үшін Мьянма үкіметіне тіпті сый да берген. 2013 жылы сәуірдің жиырма екісі күні өткен Еуропалық одаққа мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің ортақ отырысынан кейін, "Бирмадағы саяси өзгерістерді іске асыруға" байланысты бұл мемлекет пен оның жоғары лауазымды тұлғаларына қарсы салынған экономикалық санкциялар жойылады деп мәлімдеме жасалды.
БҰҰ-ның 1946 жылдың желтоқсан айындағы қабылдаған қарарында: "Соғыс жағдайында болсын, бейбітшілік жағдайында болсын, геноцид халықаралық заңдарға сәйке қылмыс болып саналады. БҰҰ-ның осы шартына қол қоюшылар геноцид секілді жиіркенішті жағдайға тап болған адамдарды құтқару үшін барынша әріптестік жасайды" деп жазылды.
Рохинья мұсылмандары әлемнің ең қатты қаналған азшылығы саналады. Мьянма үкіметі халық тұрғындарының айтарлықтай бөлігін құрап отырған бұл мұсылмандарға азаматтық беруден бас тартып отыр. Дәл осы мәселе олардың қатты жантүршіктірерлік түрде зорлық-зомбылық пен қылмыстарды көруіне себеп болды. Мьянма демократтарының жетекшісі саналатын Сан Су Чжи партиясының билігі күшейген соң рохинья мұсылмандары жағдайының жақсаратындығына деген үміт мүлдем үзілді. Алайда, ол бейбітшілік саласында Нобель сыйлығына ие болғанымен, рохинья мұсылмандарының қиындықтарын ескермеді.
Соңғы жылдары әсірешіл буддалықтардың шабуылдары салдарынан рохинья мұсылмандары, әсіресе Ракхайн штатындағы мұсылмандар қырғынға ұшырап немесе басқа елдерге бас сауғалап кетті. Кішкентай қайықтармен теңізге шыққан босқындар өліммен күресіп жатты. Себебі, олардың басқа амалдары болмады. Олардың алдында тек екі жол тұрды: зорлықпен өлу, немесе өлімге апарар жолмен қатар келіп тұрған елден қашу. Екі жолдың да құрбандарының саны аз болмады. Бұл апат әйелдер мен ерлермен қоса, балалар мен жасөспірімдерді, тіпті нәрестелерді де қамтыды. Сириялық бала Айланды еске түсірген, өзен жағалауында мүрдесі табылған бір жарым жастағы Мохаммадтың тағдыры бүкіл әлемді дүр сілкіндірген секілді.
Жасы екіге толмаған пәк бала басқа адамдардың қылмыстары, соқыр сенімдері мен ашкөздіктерінің құрбаны болды. Сонда бұл баланың не жазығы бар еді? Ол неліктен өлді және неліктен оны өмір сүру құқығынан айырды?
Мьянма үкіметі БҰҰ-ның рохинья мұсылмандарының құқықтарын бұзғаны туралы айыптарын бірнеше рет теріске шығарғанымен, бұл шындықты одан әрі жасырып қала алмады. Ақырында, Мьянма үкіметі бұл мәселені қарастыруға уәде берді. Мьянманың Сыртқы істер министрі әрі Демократиялық партияның жетекшісі Аун Сан Су Чжи, БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннанды Ракхайн штатындағы адам құқықтарының бұзу жөніндегі арнайы комитеттің басшысы етіп тағайындады. Бірақ рохинья мұсылмандарының айтуынша, бұдан кейін де олардың жағдайы мүлдем өзгермеген.
Құрбан болған Мохаммадтың әкесі өз сөзінде: "Бұл комитет бүкіл әлемді алдап, көзбояушылық мақсатында ғана құрылған. Бұл комитеттің қызметкерлері аймақты көруге келген кезде әскер халықты ауылдардан шығарып тастайды. Ал Мьянмада сайлау болған кезде мен Аун Сан Су Чжи жеңіске жетсе, жағдай жақсарады деп ойлаған едім. Бірақ, шындығында, бәрі мүлдем өзгеше. Ол кісінің билікке келген сәтінен бастап, ешқандай өзгеріс орын алмай, біздің азап көріп, жапа шегуіміз сол күйінше жалғаса берді. Шын мәнінде, Аун Сан Су Чжи мен Мьянма әскері бізді Ракхайннан шығарып тастауды мақсат етіп отыр. Ол қазір Мьянма әскерінің қылмыстарын теріске шығаруда",- деді.
Мьянманың мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжи Ракхайн штатаының жағдайын қарастыру мақсатында Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясына (АСЕАН) мүше елдердің Сыртқы істер министрлерімен отырыс өткізіп, министрлерге Мьянма үкіметі Ракхайн штатының мәселелерін шешуге мүдделі деп мәлімдеп, бірақ бұл үшін біраз уақыттың қажеттігін айтты.
Бірақ Мохаммадтың әкесі: "Барша әлемге, Мьянма үкіметіне бұдан артық уақыт берудің қажеті жоқ. Егер созатын болсаңдар, рохинья мұсылмандарының барлығы өлтіріледі",- деді.