ДАИШ оңтүстік-шығыс Азияға енуге әрекет етуде 2
(last modified Mon, 17 Apr 2017 11:01:00 GMT )
Сәу 17, 2017 17:01 Asia/Almaty
  • ДАИШ оңтүстік-шығыс Азияға енуге әрекет етуде 2

ДАИШ лаңкестік тобының АСЕАН аймағына әсер етуінің ең маңызды себептерінің бірі бұл аймақтағы кедейшілік пен аймақтың жастарын лаңкестік топтарға қосылуға итермелейтін билік құрылымдарындағы проблемалар, таптар арасындағы айырмашылық пен әділетсіздік болып табылады.

Малайзия халқының көбін малаилар құрағанымен, экономикалық-сауда жағдайдың тетігі Қытайдан келген азаматтардың қолында. Бұл мәселе Малайзияның ішкі қайшылықтарына себеп болуда. Ел халқының шамамен 60 пайызын құрайтын Малайзияның жергілікті халқының қаржы жағдайы сол елде өмір сүретін үнділік және қытайлық  мигранттардан нашар. Үнділік және қытайлық мигранттар көптен бері Малайзияның саудасын өз қолдарында ұстап отыр. Сонымен бірге билік басындағы ОМНО партиясы бұл елде шариғаттың заңдарын енгізуді қалайтын басқа топтар мен ПАС партиясы сынды  шариғат заңдарын іске асырғысы келмейді. Қарсыластары ОМНО партиясын Малайзияның саяси сахнасын өз монополиясына алды деп айыптайды. Сондықтан Исламдық жамағат пен вахабизмнің ықпалындағы басқа экстремистік ағымдар қарсыластарды жинауда.

Индонезия Мұхаммад Сухартоның диктатурасынан кейін бірнеше топқа бөлініп, жіктелу мәселесімен бетпе-бет келді. Шығыс Тиморда тәуелсіздік жарияланған соң Индонезияның кейбір облыстары бөгделердің араласуымен бөлінуді талап етті. Бірақ Джакарта үкіметі бөліну талпыныстарын жойды. Бұған қарамастан, Индонезия Президенті Джоко Видодоның қарсыластары аз емес. Олардың қатарына ұлттық саяси топтар мен діни топтар кіреді. Джакартаның шыққан тегі қытай губернаторы Құран Кәрімге тіл тигізген кезде Индонезия үкіметінің  жұмысына қарсылардың деңгейі әшкереленіп, үкіметтің оны қолдауы халықтың ызасын одан сайын күшейте түсті. Индонезияның кедейлерінің саны да күннен күнге артуда. Халықаралық ОКСФАМ (Oxfam) ұйымы жуырда Индонезия туралы есеп жариялап, бұл елді экономикалық теңсіздігі жоғары мемлекет деп атады. Сол есеп бойынша, шамамен 25 миллиард долларға теңелетін Индонезиядағы төрт бай адамның мүлкі шамамен 250 миллион халқы бар елдің 40 пайызының қаржы-мүлкіне тең. Филиппин мен Тайландта кедейшіліктің деңгейі Малайзия мен Индонезиядан екі есе жоғары. Мұндай жағдай оңтүстік-шығыс Азия аймағының өзгерістеріне терең әсер етеді.  Сонымен бірге оңтүстік-шығыс Азия аймағы елдеріндегі әртүрлі жергілікті және халықаралық Facebook, Instagram, Telegram сынды  әлеуметтік желілер ДАИШ-тың бұл аймақта орналасуының  негізгі себептері ретінде саналады. ДАИШ лаңкестік тобы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы адамдарды өз мүшелерінің қатарына қосып, оларды Сирия мен Иракқа аттандыруда. Бұл үдеріс қазір бәсеңдегенімен әлі де әлеуметтік желілер, әсіресе олардың саны артып келе жатқан Малайзия, Индонезия, Сингапур және Тайланд сынды мемлекеттерде ДАИШ-тың үгіт-насихаттары мен мүшелерінің санын арттыруының ең маңызды құралы болып қалуда.  Сингапур Қорғаныс министрі соңғы кезде АҚШ-тың жаңа қауіпсіздік орталығының институтында: «ДАИШ лаңкестік тобының өткен үш жылда өз қатарына тартқан адамдарының саны әл-Қаида лаңкестік тобының өткен 10 жылда өз қатарына қосқан адамдарының санынан артық»,- деп мәлімдеді. Малайзияның барлау және лаңкестікпен күрес жөніндегі маманы және федералды полициясының халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Ахмад әл-Махмуди ДАИШ күштерінің оңтүстік-шығыс Азия аймағына ағылуына қатысты айтқан сөзінде: «Аталмыш топ Ирак пен Сириядағы сәтсіздіктерінің орнын толтыру үшін өз күштерін оңтүстік-шығыс Азия аймағына жіберуде. ДАИШ лаңкестік тобының бақылауындағы жерлердің көлемі кішірейіп, бұл мәселе топқа психикалық тұрғыдан теріс әсер етуде»,- деді. Малайзияның «Нью Стрит Таймс» газеті: «Бұл мемлекет – ДАИШ лаңкестік тобының өз күштерін Таяу Шығыстан шығарып, кейбір облыстарында орналастыратын мақсаттарының бірі»,- деп жазды. Малайзияның Транспорт және коммуникация министрі де: «Бұл елде лаңкестік топтардың  50000 қолдаушысы бар»,- деп хабарлады. Малайзия полициясы Куала- Лумпурдың бірнеше аймағын, атап айтқанда  Бангсар мен Соларисті лаңкестердің мақсаттарының бірі деп атады. Австралия Сыртқы істер министрі ДАИШ лаңкестік тобының Филиппиннің оңтүстігінде исламдық халифат жариялауы туралы ескертті.  Оңтүстік-шығыс Азия аймағы елдерінің лаңкестермен күресуіне лаңкестікке қарсы күресу заңдары кедергі болуда. Индонезиялық басшылардың айтуынша, бұл заңды қайта реттеу керек. «Джакарта Глобтың» жазуынша, Индонезия Парламентінің баспасөз хатшысы Зулькейфли Хасан: «Бұл елдің заңында лаңкестік әрекеттер жасау үшін жаттығудан өтіп немесе лаңкестік топтарға қосылу үшін сапар шегіп, содан соң елге оралатын адамдарды жазалау туралы еш нәрсе айтылмаған»,- деп мәлімдеді. Индонезияның құқық және қауіпсіздік істері жөніндегі министрінің айтуынша, заң күдіктіні уақытша қамауға алуға рұқсат береді. Бүгінде Таяу Шығыстан шамамен 100 индонезиялық лаңкес  үйлеріне оралды. Олардың көбі лаңкестік әрекеттерге қатысқан. Өткен екі жыл бойы оңтүстік-шығыс Азия аймағының әртүрлі саяси топтары ДАИШ лаңкестік тобының аймақтағы ықпалының артуы туралы ескерту жасап, ДАИШ-пен қатаң қарсыласуды шынайы талап етті. Сирия мен Иракта сәтсіздікке ұшыраған ДАИШ лаңкестік тобы «Өрмекші» жобасын пайдаланып, өз адамдарын әртүрлі аймақтарға жіберуде. Олар өрмекшінің торы сынды басқаратын орталыққа ие және осы орталық арқылы барлық аймақты бақылауға алып, егер, қажет болса, тіпті өзінің қарамағындағы адамдарды да өлтіреді. Осыған орай, бұл топ Ирак пен Сириядағы соғыс майдандарынан қайтқысы келетін мүшелеріне тек олар елдеріне оралып, жаңа күштерді қызықтырып, қажет болса ДАИШ-тың негізгі басшыларының бұйрығымен әртүрлі аймақтарда лаңкестік әрекеттерді іске асыратын болса ғана рұқсат береді. 2017-ші жылдың қаңтар айының алғашқы күндеріндегі Стамбулдың түнгі клубындағы жарылыс пен Үндістанда лаңкестік әрекет жасамақ болған екі ағайындыны құрықтау ДАИШ лаңкестік тобының жергілікті күштерді өзінің лаңкестік әрекеттері үшін пайдаланатынын көрсетеді. Бұл өте қатерлі әрі тұтқиылдан орын алатын оқиға. Осыған орай оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы ДАИШ лаңкестік тобына қарсы  тұру үшін аймақ елдері барлау және қауіпсіздік ынтымақтастықтарын арттырып, шынайы шара қолдануы керек. Сонымен бірге әлеуметтік желілерді қатаң бақылауға алған жөн. ДАИШ лаңкестік тобының әлеуметтік желілерді өз қатарына адамдарды жинау үшін пайдаланатындығына назар аударып, бұл топтың мүшелерін аталмыш желілерді пайдаланатын оқыған адамдар құрайды деп айтуға болады. Сондықтан, оларды бақылауға алу өте қажет мәселе. Оңтүстік-шығыс Азия аймағында ДАИШ лаңкестік тобына қарсы іске асыратын жұмыстардың бірі діни медреселер мен Малайзия мен Индонезиядағы уаһабшылардың қайырымдылық топтарын бақылауға алу керек. Сауд Арабиясының экономикалық күші мен аймақ елдерінің инвестицияны қажет етуі уаһабшылардың сол аймақта еркін белсенділік танытуына себеп болды.

 

Тегтер