Индонезиялықтар Израиль тауарларына тыйым салды
(last modified Sat, 24 Aug 2024 12:05:57 GMT )
Там 24, 2024 18:05 Asia/Almaty
  • Индонезиялықтар Израиль тауарларына тыйым салды

Индонезия халқы әр демалыс күндері Палестинаға қолдау көрсету үшін миллиондаған шерулерге шығуымен бірге Израильге қатысты компаниялардың өнімдерін пайдалануды тоқтатты және осылайша бұл компанияларға миллиондаған доллар шығын келтірді.

Parstoday Fars ақпарат агенттігіне сілтемес жасап жариялаған  хабарына сәйкес Индонезия халқының бойкот жариялауына байланысты «KFC» 2024 жылдың алғашқы 4 айында ғана 21,5 миллион доллар жоғалтты. 2024 жылдың алғашқы 4 айында ғана 21,5 миллион доллар жоғалтты. Индонезиядағы осы мейрамханалар желісінің өнімдерін сатып алуды тоқтату компания кірісінің 2023 жылдың алғашқы 4 айымен салыстырғанда 60 есе төмендеуіне әкелді.

McDonald's және Puma - Джакартадағы палестиналық қолдаушылар бойкот жариялаған басқа компаниялардың қатарында.

Индонезия сионистік режимге қатысты зауыттар мен компаниялардың өнімдеріне бойкот жариялаған алғашқы 5 елдің қатарына кіреді.

Франция, Сауд Арабиясы, Англия және Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, әлемнің 15 елінен 15 000 адам арасында жүргізілген сауалнамалар кем дегенде әрбір үшінші адамның Израильді қолдайтын немесе оған қатысы бар компанияларға қатысты брендтерге бойкот жариялағанын көрсетеді.

Осы сауалнамаға сәйкес Сауд Арабиясы, БАӘ және Индонезиядан тұратын үш мұсылман елі Израиль өнімдеріне бойкот жариялаған алғашқы 5 елдің қатарына кіреді.

Сауд Арабиясы үкіметі сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруге тырысып жатқан кезде, бұл ел халқының 71 пайызы Палестинаға қолдау көрсету үшін Израиль өнімдерін пайдалануды тоқтатқанын және оларға бойкот жариялағанын мәлімдеді.

Вашингтон институты желтоқсан айында жүргізген сауалнамада саудиялықтардың 96 пайызы Газадағы сионистік режимнің қылмыстарына жауап ретінде араб елдері сионистік режиммен байланыстарын үзуі керек деген пікірге келісті. БАӘ халқының 57% Израиль өнімдерін қара тізімге енгізгенін мәлімдеді.

Әлемде орташа есеппен 37% адам сионистік режимге қатысты өнімдерге бойкот жариялады. Бұл араб және мұсылман елдеріндегі статистиканың әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары болғанына қарамастан.

Наурызда Starbucks иелері Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы 2000 қызметкерін осы аймақтардағы адамдардың өз өнімдеріне бойкот жариялауына байланысты жұмыстан шығаруға мәжбүр болды.

McDonald's ресми өкілдері де бұл компания өнімдерінің мұсылман елдерінде, соның ішінде Малайзия мен Индонезияда, сондай-ақ Таяу Шығыста сатылымы азайғанын хабарлады.

Израильге қатысты шетелдік өнімдерге бойкот жариялау Батыс Азия елдерінде отандық өнімдердің сатылуының артуына әкелді.

Оманның көптеген тұрғындары сионистік режимге қатысты компаниялардың шетелдік сусындарын тастап, Сауд Арабиясының брендтеріне кетті.

Сауалнамаларға сәйкес Палестинаны қолдайтын халықтың шетелдік өнімдерді пайдаланбауымен Сауд Арабиясы мен БАӘ-де отандық өнімдердің сатылымы да артты. Пәкістандық компаниялар да израильдік өнімдерге балама өнімдер шығаруды қолға алды.

Израиль өнімдеріне бойкот жариялау бұл режим экономикалық күйреумен бетпе-бет келген жағдайда жүзеге асырылады. Сионистік режимнің қайраткерлері мен ақпарат құралдары соңғы айларда бұл режимнің нашар экономикалық жағдайлары туралы талай рет ескерту жасады.

Израильдің жағдайы соншалықты күрделі, қызанақ пен жасыл қияр сияқты қарапайым заттардың экспортын азайту олардың экономикасын құлдыратуы мүмкін. Бұл режим Газадағы қылмыстарын жалғастырып жатқанда, 40 мыңнан астам бейбіт тұрғын шәйіт болып, кемінде 10 мың адам жараланды.

Тегтер