Рохинья мұсылмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы (5)
Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының өмірлерін баспанасыз және кезбелікпен өткізуі осы бірнеше апта және аймен шектелмейді. Олардың кезбелік пен баспанасыз сандалып, азап шегуі бірнеше онжылдықтар бойы буддалықтар басым мемлекетте кемсітушілік, қудалану мен өлтірудің құрбандары болу арқылы көрініс табуда.
Рохинья мұсылмандарының саны миллионға жетсе де, Мьянма үкіметі оларды өзінің азаматтары деп санамайды. 1982 жылы Мьянма үкіметі бұл тайпаны азаматтығынан айырып, осылайша рохинья мұсылмандары өздерінің азаматтық құқығынан мақұрым қалған. Бирманың азаматтықтан айыру туралы заңына сәйкес, рохинья мұсылмандары білім алу, қоғамдық қызметтерді пайдалану және жүріп-тұру бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, бұл заң рохинья мұсылмандарының мал-мүліктерін тәркілеуге рұқсат берді. БҰҰ рохинья мұсылмандарын ең көп езгі мен қанау көрген және құқықтары тапталған тайпа деп атады.
Рохинья мұсылмандары 1982 жылы осы елде азаматтық туралы жаңа заң бекітілген кезден бастап, бүгінгі күнге дейін Мьянмада азаматтық құқықтарынан айрылды. Өткен жылдар бойы оларға бірнеше рет шабуыл жасалды. Неліктен Мьянма үкіметі рохинья мұсылмандарын осы елдің азаматтары екендігін мойындаудан бас тартып, оларға "заңсыз" мигрант деген атауды таңып отыр? Myanmarmuslims.org атты Мьянма мұсылмандары интернет сайтының мәлімдемесіне сәйкес, алдымен Мьянманың батыс бөлігінде басталған рохинья мұсылмандары нысанаға алынған зорлық-зомбылықтар біртіндеп осы елдің басқа аймақтарына тарала бастады. Дәл қазір бұл мұсылман азшылығы азаматтық құқықтарға ие аймақтарда да шабуыл мен зорлықтың құрбандары болып отыр.
Соңғы жылдары рохинья мұсылмандарының Мьянмадан қашуының жалғасында, елу мыңнан астам адам осы елдің апартеидтік үкіметінен қашып, қайықтарға отырып, Таиланд, Малайзия мен Индонезияға жол тартқан. Бірақ бұл жолы солардың тек аз бөлігі ғана аталған үш елдің жағалауларына аман-есен жете алды. Ал олардың басым бөлігі осы уақыт аралығында ауыз су тапшылығы, азық-түліксіз және өте нашар санитарлық жағдайларда аймақ суларында тентіреп қалды. Елде қалған адамдардың да өмірі мәз болмады. Олар өте ауыр және нашар жағдайларда өмір сүрудн. Олардың келесі бір бөлігі тәуекелге бел буып, суда жүзетін «табыттарға» отырып, елден қашып жатты.
БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі комитеттің есептеріне сәйкес, 2013 жылдың алғашқы үш айында рохинья мұсылмандары 25 мыңнан астам қайықпен заңсыз түрде елдерінен қашқан. БҰҰ буддалық Мьянма үкіметінің басып-жаныштаушы және кемсітуші саясаттарын рохинья мұсылмандары азшылығының өз жерлерінен кету жағдайларының артуының ең маңызды факторы деп атады. Бұл елдің үкіметі соңғы бірнеше жыл аралығында рохинья мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықтың ұлғаюына негіз бен алғышарттар әзірледі. Осылайша, үкімет тарапынан жасалған қысымдар рохинья мұсылмандарын Мьянмадан көшіп кетуге мәжбүр етті.
Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының өмірлерін баспанасыз және кезбелікпен өткізуі осы бірнеше апта және аймен шектелмейді. Олардың кезбелік пен баспанасыз сандалып, азап шегуі бірнеше онжылдықтар бойы буддалықтар басым мемлекетте кемсітушілік, қудалану мен өлтірудің құрбандары болу арқылы көрініс табуда.
2012 жылдан бері Рохиньяда халықты жаппай қырудың толқыны болды. Буддалықтар ауылды мекендер, мектептер мен мешіттерге шабуыл жасап, оларды өртеп жіберген. Ал қауіпсіздік күштерінің көпшілігінің пайдасы буддалықтарға тиіп жатты. Рохинья мұсылмандарының ішінде жүздеген адам қаза тауып, рохинья халқының оннан бір бөлігінен астамы, яғни 140 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. "Геноцидтің алдын алу үшін бақылау жобасы" атты тәуелсіз ұйымның өткен жылдың қыркүйек айында жариялаған есебіне сәйкес, жуырдағы жаппай қыру салдарынан орын алған зорлық-зомбылықтар барлық аймақтардағы геноцидтен асып түсті.
Мьянмадағы рохинья мұсылмандары азшылығының он мыңдаған адамын оларға қарсы жасалып жатқан қатты зорлық-зомбылық өз елдерінен қашып кетуге мәжбүр етті. Рохинья мұсылмандарының шамамен 70 мыңға жуығы өткен айларда Бангладешке қашып кеткен. Алайда, Бангладеш басқа көршілес мемлекеттер секілді босқындарды қабылдағысы келмейді. Бангладеш рохинья мұсылмандарының он мыңға жуығын бір алыста орналасқан аралға көшіріп, оларды сонда орналыстырмақ. Бангладештің бұл шешімі аралда өмір сүру мүмкін емес әрі оның қатерлі селдің астында қалу қаупі туралы ескертулерге қарамастан қабылданды.
Дәл қазір рохинья мұсылмандарының басым бөлігі босқындарға арналған лагерлерде өмір сүруде. Бұл БҰҰ-ның жоғарғы комиссарының есебіне сәйкес, босқын рохинья мұсылмандары бұл лагерлерде азық-түлік, ауыз су және дәрі-дәрмек секілді өмір сүруге қажетті алғашқы жағдайлардан мақұрым болып отыр.
Малайзия – мұсылман мемлекеті және маман емес қарапайым адами күштерге мұқтаж ел. Сондықтан осы жылдар аралығында бұл мемлекет босқын рохинья мұсылмандарының мақсат еткен негізгі мемлекеттерінің бірі болып келді. Малайзия соңғы жылдары 45 мың рохиьнялықты қабылдап, бірақ енді босқындарды қабылдауға рұқсат бере алмайтынын мәлімдеді. Малайзия босқындарға елге кіруге тыйым салғаннан кейін, осы елмен көршілес орналасқан Индонезия елі рохинья мұсылмандарының келесі мақсатына айналды. Бірақ Индонезия үкіметі де өзінің жағалауындағы суларға әскери кемелерін орналастырып, босқындардың елге кіруіне тосқауыл болды.
Таиланд та осы мигранттардың негізгі мақсаттарының бірі саналады. Рохинья мұсылмандарын қайықпен Таиландқа заңсыз жеткізіп тұрған контрабандистер оларды аймақ суларының ортасында азық-түлік пен ауыз сусыз қалдырып, өздері қайықтарды тастап кетіп жатты. Рохинья мұсылмандарының бірнеше апта бойы Таиланд, Малайзия мен Индонезия аралығында қаңғыруы, ауыз су мен азық-түліктің жоқтығы мен қайықтарда текетірестердің пайда болуы салдарынан түрлі есептеулерге сәйкес, жүзден астам адам қаза тапқан. Бұл жағдай қорқынышты трагедияға айналып, бұқаралық ақпарат құралдарында осы адамдардың жағдайын баяндайтын көптеген суреттер жарияланды.
Рохинья мұсылмандарының Мьянмадан Бангладеш және басқа да көршілес мемлекеттерге бас сауғалап кетуі бұл халық пен оның босқын жағдайын одан бетер шиеленістіре түсті. Рохинья мұсылмандарының басым бөлігі Бенгал шығанағынан Бангладеш, Таиланд, Малайзия немесе Индонезияға жету үмітімен қайық арқылы Мьянмадан кетіп жатады. Бұл мұсылмандардың жағдайы өткен бір жылдың ішінде одан әрі нашарлап кеткендіктен, мыңдаған адам Жерорта теңізінен үш есе қауіпті әрі ажалды су жолынан өтуге талпыныс жасады.
Халықаралық Кешірім ұйымының 1978 жылдан бергі баяндамасына сәйкес, мұсылмандардың бұл азшылығы үнемі Мьянманың өзінде адам құқықтарының бұзылуы мен бұл елдің әскери диктатуралық режимі тарапынан азап шегіп келеді. Соның салдарынан рохинья мұсылмандарының көпшілігі көршілес Бангладеш еліне көшіп кеткен. Мұсылмандардың бұл азшылығының көшуінің себебі Мьянма үкіметінің рохинья мұсылмандарына қатысты нашар жағдаймен байланыстырылады. Бангладеш пен Мьянма арасындағы екі жақты келіссөздер аймақтағы осы мұсылмандардың мәселелерін белгілі бір дәрежеге дейін шешуге септігін тигізе алады. Бангладеш пен рохинья халықтарының тарихи, нәсілдік, тайпалық және мәдени ұқсастықтары Бангладеш мемлекеттік қайраткерлерінің осы адами дағдарыстың шешілуі үшін көбірек талпыныс жасауын талап етеді.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Комитеті өзінің Бангладештегі Мьянманың рохинья мұсылмандары босқындарымен жүргізген сұхбаттарының негізінде әзірлеген 43-беттік баяндамасында Бирманың буддалықтары мен әскерінің адамгершілікке жатпайтын әрекеттерін толық сипаттаған. Баяндаманың кіріспесінде баяндаманың сегіз түрлі аймақтағы 220 босқынмен жүргізген сұхбатқа негізделгені айтылған. Адам құқықтары жөніндегі комитет Бирмада адамзатқа қарсы қылмыстың жасалғанын болжап отыр. Бұл баяндамаға сәйкес, Бирмада өлтірілген мұсылмандардың ішінде алты айлық бала да болған. Сәбидің басын кесіп, анасын мьянмалық бес полиция қызметкері зорлаған.
Адам құқықтары жөніндегі Комитеттің төрағасы Зейд бин Раад Хосейн бұл әрекеттерді айыптап: "Мұндай ұятсыз әрекеттерді жасау әлемнің қай әскерінің міндетіне кіреді? Бұл тағы қандай тазалау әрекеті саналады?",- деді.
Ол Бирманың әсірешіл буддалықтары мен әскерінің әрекеттерін жиіркенішті деп атап: "Жылап жатқан баланы өлтіріп, оның анасын топтап зорлауға баратындай бұл қандай жеккөрушілік болып табылады?",- деп мәлімдеді.