АҚШ-тың эш-Шайратқа жасаған шабуылының айқын және көлеңкелі тұстары
(last modified Wed, 03 May 2017 10:11:58 GMT )
Maм 03, 2017 16:11 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың эш-Шайратқа жасаған шабуылының айқын және көлеңкелі тұстары

АҚШ-тың Сирияның Хомс облысындағы эш-Шайрат әскери базасына шабуыл жасағанынан бері екі-үш апта өткенімен, бұл шабуылдың кейбір тұрғылары әлі жасырын қалып отыр.

 АҚШ әскері 2017 жылдың сәуір айының 7 күні Сирияның Хомс облысындағы эш-Шайрат базасына шабуыл жасады. Бұл шабуылдың себебі мен мақсаты және салдарларын түрлі тұрғыдан қарастыруға болады.  Тұрғылардың кейбіреуіне аз назар аударылды. Шабуылдың себебіне шолу жасайтын болсақ, АҚШ үкіметі Сирия жүйесінің сәуірдің 4 күні Хан-Шейхунге жасаған химиялық шабуылын бұл елге қарсы әскери әрекетінің себебі деп жариялады. Негізінде, Сирия үкіметінің Хан-Шейхунге қарсы шабуылына қатысты құжаттар ұсынылмақ түгілі, АҚШ Сирия үкіметінің Ха-Шейхундегі химиялық шабуылды анықтау үшін халықаралық зерттеулер жүргізу туралы өтінішіне де қарсылық білдірді. АҚШ-ның халықаралық істер маманы профессор Теодор Постол «Кантер Бенч» газетіндегі  мақаласында химиялық қару туралы: «Хан-Шейхунге атылған химиялық бомбаның аспаннан түсуі мүмкін емес, өйткені ол жерде болған және оны белгілі бір топтар жарған»,- деп  жазды. Сирия Президенті Башар Асад та Хан-Шейхундегі химиялық шабуылдың қасақана шабуыл болғанын қуаттады. Қолдан жасаған жалған қылмысты әскери әрекет етіп көрсету алғашқы да, соңғы оқиға да емес. 1990 жылдың қазан айында АҚШ «Дала дауылы» әрекеті ағымында да АҚШ-тың қоғамдық пікірін Иракқа қарсы соғысқа көндіру үшін осы ерекше құралды пайдаланған болатын. Ең әсерлі әрекет кувейттік 15 жастағы қыздың куәлік етуі болды. Есімінің жария болмауын қалаған қыз өзін Наире деп атады. Ол ирактық сарбаздардың нәрестелерді барокамералардан шығарып, суық бөлменің еденіне жатқызып, өлтіргені туралы оқиғаға куәлік етті. Дүниежүзінің алпауыт ақпарат құралдары оның сөздерін таратты. Бұл Хан-Шейхун балалары туралы суреттерге ұқсас болды. Кейін Наиренің Кувейттің билік басындағы отбасы мүшесі және осы елдің Америкадағы елшісі Сауд Насир әл-Сабахтың қызы болғаны анықталды. Оның айтқаны жалған болғанымен, өте әсерлі болды. Келесі мысал АҚШ пен Ұлыбританияның 2003-ші жылдағы Иракқа қарсы соғысына қатысты. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэл: «2003 жылғы Иракқа шабуыл жасар алдындағы АҚШ үкіметінің қолындағы  Ирактың химиялық қару шығаратын жылжымалы зауыты туралы мәлімет жалған болды. Бұл мәліметтерді Ахмад Чалбиге Рафи әл-Дженаби деген адам берген. Кейін Рафи әл-Дженабидің АҚШ барлау ұйымының жұмысқа алған тыңшысы болғаны анықталды»,- деп мойындаған болатын. АҚШ-тың Сирияға қарсы әскери әрекетінің орындалуының барысы мен оның сапасы Трамп үкіметінің әскери шабуылын жақсырақ әшкерелейтін келесі мәселе болып табылады. АҚШ үкіметі Сирияға қарсы әскери шабуылын іске асырудан бұрын Ресей үкіметіне хабарлаған болатын. АҚШ-тың Ресейді хабардар етуі бұл екі елдің арасындағы шабуылға қатысты келісімді орындау дегенді білдірмейді. АҚШ шабуылдың салдарын ауырлатпау үшін эш-Шайрат базасында орналасқан ресейлік әскери ұшақтарға шығын келтіргісі келмеді. Мұнымен қатар, ресейліктер Сирия үкіметіне АҚШ-тың эш-Шайратқа әскери шабуыл жасамақ ниеті туралы хабарлады. Сондықтан сириялықтар бұл базадағы  әскери ұшақтарының біразын басқа жерге ауыстырып үлгерді. Шабуылдың сапасы туралы айтатын болсақ, кейбір мәліметтер бойынша АҚШ-тың эш-Шайратқа атқан 59 зымыранының тек 26 ғана белгіленген мақсатына жетті. Қалған зымырандары нысанасына жетпеді. Сирия үкіметінің Хан-Шейхунге химиялық шабуыл жасағанын дәлелдейтін ешбір құжаттың ұсынылмауы, бұл оқиғаға қатысты халықаралық зерттеу жүргізуге қарсылық білдіру, сонымен бірге АҚШ-тың эш-Шайрат базасына  жасаған шабулының сапасы Сирияның ішкі өзгерістеріне реакция болудан бұрын, Дональд Трамп үшін президенттік рейтингін көтеріп, АҚШ-тың құдыретін көрсету болды. Роберт Фиск ағылшын тіліндегі «Индепендент» газетіндегі АҚШ Президентінің бірінші 100 күні туралы мақаласында: «Сирия дағдарысына  бұрынғыдан көбірек араласуға шешім қабылдағаннан бері  АҚШ Президенті туралы көзқарастар өзгерді. АҚШ-тың «ақымақ» президенті қатерлі болған сайын дүниежүзі оған шынайырақ қарауда. Дональд Трамп Йемен соғысына кіріп, Сирия мен Ауғанстанға қарсы зымыран атқаннан бері тіпті АҚШ-тың ақпарат құралдары оған құрмет көрсете бастады»,- деп жазды. Сондықтан Дональд Трамп қайтадан АҚШ-тың сыртқы саясатынан соғысқа орын тауып, АҚШ үкіметі мен өзінің құдыретін көрсетуді мақсат етуде. АҚШ-тың қазіргі үкіметінің соғысқұмарлығына назар аударып, кейбіреулер АҚШ Хама облысындағы әскери базаға шектеулі шабуыл жасау ықтималы туралы айтуда. Келесі мәселе АҚШ-тың эш-Шайратқа жасаған шабуылының  салдардарына қатысты. Бұл шабуылдың  Сирия дағдарысы туралы саяси келіссөздер мен майдандағы жағдайға әсер етуімен бірге, басқа екі жолдауын да атауға болады: бірінші жолдау – Ресей мен АҚШ-тың бетпе-бет келуді қаламайтындығы; АҚШ-тың Сирияға қарсы бұл шабуылында Ресейдің С-300 және С-400 жүйелерін  сөндіруі де олардың өзара бетпе-бет келуді қаламайтындығының белгілерінің бірі. Басқаша айтқанда, АҚШ пен Ресей бір-біріне бақылауға алынған дұшпандық көрсетуге талпынуда. АҚШ шабуылын дұшпандық әрекет деп атап, Сирия дағдарысына қатысты АҚШ пен ынтымақтастығын тоқтату Мәскеудің эш-Шайратқа жасаған шабуылға көрсеткен реакциясы болды. Бұл реакциялар да Мәскеудің АҚШ-пен арадағы қайшылықтарының күшеюінің алдын алуын көрсетеді. Келесі жолдау өткен алты айда Сирия дағдарысының негізігі бақылаушысы Ресей болып,  осы дағдарыстағы рөлінен айрылған   АҚШ-тың өз әсері мен рөлін қайтадан арттырғысы келетінін көрсетті. Басқаша айтқанда, АҚШ-тың бұл дағдарыстың басты ойыншысы болуға әрекет етуін көрсетті. АҚШ-тың билікке жаңадан кіріскен үкіметінің бұл мақсаты Сирия дағдарысына қатысты саяси үдерістің шиеленісе түсуіне себеп болуы мүмкін.

 

Тегтер