Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (14)
Бүгінгі бағдарламамызда Моулана поэзиясындағы Рамазан айы тақырыбы жайлы сөз қозғаймыз.
Моулана Жалал ад-Дин Мухаммад Моулави – х.қ.ж.с.б. жетінші ғасырда өмір сүрген танымал ирандық ақын, сопы. Рамазан айы Моулави өлеңдерінде ең көп көтерілген тақырыптардың бірі саналады. Ирандық ақын осы тақырыпты әр қырынан қарастырған. Ол Рамазан айы мен ораза ұстау тақырыбы туралы "Маснавие манави" атты өзінің құнды кітабында адам баласы жейтін тағамдардың ақиқаты туралы сөз қозғайды. Бұрын топырақ пен тыңайтқыш болған тағамдар желінгеннен кейін де өзінің шынайы ақиқатын көрсетеді.
Ақынның пікірі бойынша, бізге тағам секілді көрінген нәрсе негізінде тағам болмаған. Біз оған алданғандықтан, бұдан да пәк тағамдарды көздеуіміз үшін ол бізге өз ақиқатын ашып отыр. Біз негізгі тағам мен қоректі ұмытып, жалған тағамға бет бұрдық:
Негізгі қуатты ұмытып
Бет бұрдық нашар тамаққа
Моулавидің өлеңдердегі "топырақ жеу" мен бұл дүниенің тағамдарымен шектелу біздің дене салмағымызды ауырлатқаны соншалықты, бізді ұшу, тіпті жол жүру күшімізден айырды.
Бар ойың лас әрі қымбат топырақ болды.
Топыраққа тойып, өзің де топыраққа айналдың,
Нан – топырақ.
Топырақ секілді жерде қалмау үшін нан мен етті азырақ же.
Ақынның айтуы бойынша, бұл әлемнің тағамының тоқтық пен оның зарары және аштық пен оның азабынан басқа әсері жоқ. Аштық сезімі адамның мінезі-құлығы мен қатынасын нашарлатып, адамды жалқаулыққа ұшыратып, көптеген зиян тигізеді.