АҚШ – адам құқығын бұзушы (2)
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында діндер еркіндігіне көңіл бөлінген. Батыс елдері арасында, соның ішінде АҚШ-та үлкен маңыздылыққа ие бұл құжат: «Адамдар кез келген дінді ұстанып, ғибадат етуде толығымен еркін. Үкіметтердің азаматтарға шектеу қоюға құқығы жоқ»,-деп қуаттайды.
Батыс елдерінің діндер еркіндігі принципіне берікпіз деп уәж айтуына қарамастан, бұл елдерде дін ұстанушы топтарға қарсы діни шектеулер жиі жасалады. Мысалы, еврейлер АҚШ пен Еуропада ұзақ жылдар бойы қысым көріп келді. Еуропаның христиан үкіметтері өткен ғасырдың орта шенінде еврейлерді қырып-жоюды бастап, олардың Еуропадағы тұқымын жоюдың ауыр шығынын Таяу Шығыстағы палестиналық мұсылмандарға артты.
Алайда, америкалықтардың діни алуандық тақырыбына қатынасы еуропалықтармен салыстырғанда жақсырақ болды. Діни және нәсілшіл фанатизмі І-ші және ІІ-ші Дүниежүзілік соғыстар секілді қорқынышты апаттарды тудырған Еуропаға керісінше 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына дейін АҚШ-та әртүрлі дін ұстанушылар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан еді.
2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк пен Вашинтон қаласында Сауд Арабиясының 15 азаматтының қатысуымен орын алған лаңкестік шабуылдар АҚШ-та исламмен жауласу және исламннан үркітудің жаңа легін тудырды. Осы оқиғаға дейін де АҚШ үкіметі өз территориясынан тыс әлемнің түкпір-түкпірінде мұсылмандарға қарсы көптеген әрекеттер жасады, соның ішінде ИИР-на қарсы жасаған дұшпандық әрекеттерін, Иракқа жасаған әскери шабуылын, палестиналықтарға қарсы сионистік режимнің қылмыстарын қолдауы мен басқа да ірілі-ұсақты істерін атау керек.
Бұған қарамастан, АҚШ-та, содан кейін Еуропада исламнан үркітуді жүйелі де үйлескен түрде орындауға себеп болған нәрсе «терроризм» деген сұрқия құбылысты ислам дінімен байланыстыру болды. 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғаның орындаушыларының мұсылмандар тобы болғанын сылтауратып, АҚШ үкіметінің сол кездегі президенті Джорж Буш мұсылмандарға қарсы жаңа крест соғысын бастады.
АҚШ-тың кейбір басшылары мен саясаткерлері исламды лаңкестіктің синонимі деп сипаттап, мұсылмандар лаңкестер деп танылып, олармен күресу қажеттігі айтылды. Осылайша, мұсылмандар АҚШ-та исламға қарсы экстремистердің қатты шабуылына ұшырады.
11 қыркүйек оқиғасынан 15 жыл өткен соң әртүрлі мәліметтерде мұсылмандарға, әсіресе исламдық хиджаб сияқты діни ережелерді сақтайтын мұсылмандар тобына физикалық күш көрсетілгені және жәбірлеуші сипатта шабуылдардың жасалғаны жайлы хабарланды.
АҚШ-тағы исламға қарсы оқиғалардың соңғы үлгісінде Орегон штатында хиджаб киген екі әйелге тіл тигізген пойыздағы ер адам мұсылман емес бірнеше ер адамның қарсылығына ұшырады. Исламға қарсы бұл адам қарсыластарына қарай пышақ ала жүгіріп, бірнешеуін жарақаттаған. Бұл іс барлық саясаткерлер мен адам құқығын қорғайтын ұйымдар тарапынан айыпталса да, исламнан үркітудің АҚШ қоғамына бойлай енгенін тағы бір көрсетті. Жылдар бойындағы исламға қарсы жарнамалар мен мұсылмандарды лаңкестерге ұқсату сауаты аз, агрессивті адамдар тобының террористік әрекеттерді ислам дініне теліп, мұсылмандарға қарсы қатыгездік жасауына себеп болды.
Ислам құндылықтарына қатысты атауларды жамылған қылмыскер топтардың әлемнің түкпір-түкпірінде мұсылмандар мен мұсылман еместерге қарсы жасаған қорқынышты қылмыстары Батыста исламға қарсы сезімдердің кең етек жаюына себеп болды. Осындай жағдайда исламның әртүрлі ағымдары мен мазхабтарының діни жетекшілері мен саяси-қоғамдық тұлғалары кез келген лаңкестік әрекеттер мен бейбіт тұрғындарды өлтіруді қатты айыптайды.
Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, өткен 15 жылда лаңкестік шабуылдардан құрбан болған мұсылмандар мен мұсылманбыз деп уәж айтатын лаңкестіктік топтардың қолынан қаза болған мұсылмандардың саны мұсылман емес құрбандардан әлдеқайда көп. Осындай жағдайда Батыстағы экстремистік ағымдар лаңкестерді мұсылмандарға телуге тырысады. Олар тіпті 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдан бұрын «Өркениеттер соғысы» атты жанжалды кітап сияқты кітаптар мен мақалалар жазу арқылы діндерді бір-біріне қарсы қойып, Шығыс блогі құлағаннан кейін Батыстың экспансиялық және соғыс отын тұтандыру саясатына сылтау табуға тырысты.
АҚШ-та мұсылмандарға жарнамалық және психикалық қысым жасау өткен жылдан бері қатты өршіді. Адам құқығының негіздеріне кереғар мұндай үдерістің себебі АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды бәсекесі кезінде және одан кейін айтқан жанжалды ұрандары мен уәделері болып отыр. Трамп АҚШ-та ашу-ызаға булыққан адамдар тобының қолдауына ие болып, бұл елдің көнекөз саясаткерлерін жеңу үшін азшылықтарға, соның ішінде мексикалықтар мен мұсылмандарға шабуыл жасауды өз жұмысының күн тәртібіне қойып, сайлау науқаны кезіндегі жиындарда оларға тіл тигізді. Трамп мексикалықтарды қылмыскерлер мен жыныстық ауруларға шалдыққандар тобы деп атап, мұсылмандардың АҚШ жеріне кіруіне кедергі келтіретіндігі туралы уәде берді. Республикашылдардың жеңімпаз үміткері Ақ үйге аяқ баса салысымен айтқан сөздерін +түзетсе де, Ақ үйде болған бір аптаның ішінде бірнеше мұсылман елі азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу бұйрығына қол қойды. АҚШ президенті бірнеше ислам елінің 150 млн мұсылман және мұсылман емес азаматының қауіпті екендігіне бұлтартпайтын дәлел келтірместен, бұл адамдардың сапарларына тыйым салды. Сол жарлықтан кейін әуежайлар мен АҚШ-қа кіреберіс жерлерде кенеттен пайда болған бейберекеттік елде дағдарыс тудырды.
Кеден қызметкерлері Green Card құжаты мен жарамды визасы бар әйелдер, еркектер, балалар мен қарт кісілерді АҚШ-қа кіргізбеді. Бұл адамдардың біразы әуежайларда бірнеше сағат ұсталып, тіпті 5 жасар ирандық баланың қолына да кісен салынды. Кейбір адамдар, соның ішінде ирандық бір бала АҚШ-тың ауруханаларына емделуге бара жатқан еді. Қызметкерлер олардың да кіруіне тосқауыл қойды.
Көбінесе мұсылман елдері азаматтарына қарсы мұндай шиеленіс тудырушы іс-әрекеттер бір жағынан бұл адамдарға бұрын-соңды болмаған тілеулестік толқынын тудырды, екінші жағынан АҚШ-тағы исламмен жауласу кеңістігін қатты ушықтырып жіберді. Қоғамдық белсенділер мен адвокаттар әуежайларды қоршап алып, Трамптың жарлығына қарсы наразылық жиындарын өткізсе, экстремист және нәсілшіл топтар ДАИШ пен оның пікірлестерінің қылмыстық әрекеттеріне меңзеп, мұсылмандарға қарсы шектеулерді қолдады. Олар осы жанжалдан кейінгі айларда ұдайы мұсылмандарға қарсы дабыл қағып, америкалық мұсылмандар мен АҚШ-тағы ислам мемлекеттерінің азаматтарына қолайсыз кеңістік тудырғаны соншалықты, пойызда бір нәсілшіл ер адам еркіндікті қолдаушымыз деп уәж айтатын елде мұсылманша киінгені үшін екі мұсылман әйелге шабуыл жасады.
Әртүрлі діндерді, әсіресе жаһан бойынша 1,5 млдр-тан астам ұстанушысы бар ислам сияқты діннің ізбасарларына тиісіп, күн көрсетпеу адам құқығының ешбір негіздері мен қағидаларына сай келмейді. Бұған қарамастан, АҚШ үкіметі елдің іші мен сыртында исламмен жауласуды әртүрлі тәсілдермен абайсызда немесе қасақана таратты. АҚШ үкіметі арагідік ислам елдеріндегі лаңкестік шабуылдар мен Батыс елдеріндегі мұсылмандарға қарсы шабуылдарды айыптағанымен, мұсылмандар мен әл-Каида және ДАИШ секілді лаңкестік топтардың арасында тікелей және жанама түрде ұқсастық жасалатындықтан, бұл ел әлемде исламнан үркітудің таралуында және соның салдарынан ислам дінін ұстанатын миллиондаған адамның құқығының бұзылуында айқын рөл атқарады.
Осындай жағдайда АҚШ үкіметімен қоса, БАҚ сияқты мемлекеттік емес ұйымдар, лоббилер мен экстремистік ұйымдар да мұсылмандардың құқықтарын бұзуда елеулі рөл атқарады. Осы тақырып соңғы жылдары АҚШ-ты адам құқығын бұзатын басты елдердің қатарына қосты.