АҚШ Венесуэладағы режимді өзгерту үшін әрекет етуде
Төрт жылдан астам уақыт бойы Венесуэланың солшыл оппозициясы елдің заңды әрі демократиялық жолмен сайланған ел Президенті Николас Мадураның үкіметін құлату талпыныстарын тоқтапай отыр.
АҚШ Президенті Дональд Трамптың сайлау алдындағы сайысының ең маңызды уәдесі ешбір елдің режимін өзгертуді қолдамау болғанымен, Трамптың Венесуэладағы режимді өзгерту әрекеттері АҚШ-тың бұрынғы басшылары жолының жалғасуы екені анық байқалуда. Трамп тіпті Венесуэлаға қарсы әскери әрекет жасау ықтималдығын да теріске шығармайды. АҚШ пен оған тәуелді Венесуэланың оңшылдары шамамен 20 жыл бойы бұл елдегі режимді өзгерту үшін талпыныс жасауда. 1998 жылғы президенттік сайлауда Уго Чавес жеңіске жетіп, билік басына келгеннен 2013 жылдың наурыз айында қайтыс болғанға дейін оңшылдар АҚШ-тың қаржылай қолдауына сүйеніп, әртүрлі қастықтармен оның үкіметін құлатуға әрекет жасады. Сол кезде оңшылдар мен АҚШ Чавес үкіметін құлату үшіг негізгі үш мақсатты көздеді: бірінші мақсаты – мұнайдан түсетін табысты солшылдардың қолынан шығару; екінші мақсаты – Венесуэланың билік басына АҚШ-қа тәуелді оңшыл үкіметті әкелу. Өйткені, солшылдар АҚШ-қа деген туәелділіктерін төмендетіп, Ресей, Қытай және Иран сынды АҚШ-тың бәсекелестерімен келісімге келуді көздеуде. Негізінде АҚШ-тан тәуелсіз болу, яғни Джеймс Монроның доктринасы бойынша АҚШ-тың ықпал ету аймағы саналған бұл аймаққа басқа мемлекеттерді енгізу саналады. Сондай-ақ, үшінші мақсаты Венесуэла мен Уго Чавестің ықпалындағы Латын Америкасындағы солшыл шепті әлсірету болды. 2013 жылы Уго Чавес қайтыс болған соң Николас Мадуро үкіметі де дәл сондай қастандықтармен кезікті. Мұнай бағасының төмендеуі де Уго Чавестің орнына келген басшыны шынайы дағдарыстарға тіреді. Мадураның кезінде Венесуэлада мықты орта тап пайда болды. Олар Чавестің үлестірім жобалары бойынша жаңа әлеуметтік топ құрып, жағдайды жақсартуды мақсат етті. Венесуэладағы оңшылдарға қарасты баспасөз құралдары бірте-біре ел үкіметінің әрбір қателігі мен әрбір сәтсіздігін үлкейтіп көрсетіп, Мадура үкіметінің заңдылығын дағдарысқа тіреуге талпынды. Мұнай бағасының арзандауы және соған байланысты мұнай кірісіне тәуелді Венесуэладағы мұнай табысының төмендеуі елдің көптеген өнеркәсіп орындарының дағдарысқа душар болуына соқтырды. Оңшылдар мен солар қолдайтын ақпарат құралдары тез арада экономикалық өзгерістерден зардап шеккен топтарды көшелерге шығаруға талпынды. Экономикалық тоқырау мен инфляция үкіметке қарсы наразылық шерулерге жағдай тудырды. Оларға қарсы өткен 20 жылда саяси білімдері толысқан, әрі оңшылдардың ойларынан хабардар болған Венесуэла үкіметінің жақтастары үкіметті қолдап, шеруге шықты. Екі жақтың бетпе-бет келуі өткен екі жылдағы елдегі қақтығыстарға себеп болды. Қақтығыстардың бір жағында Венесуэланың оңшылдары, оларға тәуелді ақпарат құралдары, АҚШ пен британиялық консерваторлар, Еуроодақ пен Батыстың ақпарат құралдары, тіпті халықаралық ұйымдар тұр. Венесуэладағы оңшылдар қолдайтын ақпарат құралдары мен Батыстың ақпарат құралдары оппозицияның әрекеттерін бейбіт, керісінше Венесуэла үкіметінің әрекеттерін басып-жаншу етіп көрсетуге әрекеттенуде. Тіпті адам құқығын қорғайтын ұйымдар біржақты ұстаным білдіріп, мәлімдемелерінде елдің ішіндегі оңшылдардың қатыгездіктеріне тоқталмай, әрқашан үкіметті адам құқығы бұзушы деп көрсетуде. Қақтығыстардың екінші жағында Венесуэла үкіметі, оның социалист қолдаушылары, үкіметтік ақпарат құралдары, Боливия, Куба, Ресей және солшыл үкіметтердің басшылары мен тәуелсіз ақпарат құралдары орналасқан. Еуропада Венесуэла өзгерістері туралы тек екі дауыс естіледі. Олардың бірі Венесуэла қақтығыстарындағы қатыгездіктерді айыптаған лейбористік партияның төрағасы Джереми Корбин болды. Ол еуропалық басшыларға керісінше Венесуэла үкіметінің кедейшілік, сауатсыздық деңгейін төмендетіп, кедейлердің тұрмысын жақсарту саласындағы маңызды әрі сындарлы талпыныстарын қуаттады. Корбин Уго Чавестің билігі кезінде де оны қолдап, оны экономикалық үнемділік пен неолибералдық экономикаға қарсы адамдардың үлгісі деп атаған болатын. Испанияның солшыл Podemos партиясы да Венесуэла басшыларына қарсы санкцияларды айыптады.
АҚШ-тың саяси топтары мен ақпарат құралдары Трамптың президенттік кезеңінің басталуымен айқын түрде Венесуэладағы режимді өзгертуді насихаттады. Осыған орай тамыздың 3 күні Кеннет Рапоза өз мақаласында Венесуэладағы режимді өзгертуді қолдады. Бұл жазушы Лондонда орналасқан инвестициялық банктің зерттеушілерінің бірі Жан Данның сөзіне сүйеніп: «Мадура өзінің президенттік кезеңінің аяқтамайды»,- деп қуаттады. Бұл пікір билік басындағы партия үміткерлерінің көбі Құрылтай жиналысы мүшелерін анықтаған сайлауда жеңіске жеткеннен бірнеше күннен кейін айтылды. Оңшылдардың Құрылтай жиналысы сайлауына қатыспауын зорайтып көрсетіп, сайлауға күдік-күмән тудыруры Құрылтай жиналысының заңдылығына нұқсан келтіру болды. АҚШ келесі шешімімен Венесуэланың шамамен 10 қайраткеріне санкция салды. Батыс пен Венесуэланың ішіндегі оңшыл ақпарат құралдары үкіметке қарсы шеруге шығуға шақырып, наразылықтар туралы хабар таратуда. Қазіргі жағдайда АҚШ-тың Венесуэладағы режимді өзгерту әрекеттері нәтижеге жете ме деген сұрақ туады. Куба шамамен 60 жыл бойы АҚШ-тың біржақты санкцияларына қарсы тұрды. АҚШ-ның санкциялары Венесуэланы бағындыра алады ма? Венеуэланың оңшылдарының болмысы өзгерген жоқ. Олар шамамен 20 жылдан бері солшылдарды билік басынан кетіруге күш салуда. Тіпті, өз мақсаттарына жету үшін Чавеске қарсы төңкеріс жасап, тек 47 сағат қана билікті өз қолдарында ұстай алды. Үшінші мәселе – екі алпауыт құдыреттің, яғни Қытай мен Ресейдің Венесуэланың экономика саласына кіру ықтималы. Кейбір факторлар Ресей мен Қытайдың Венесуэла экономикасын нығайтқысы келетінін көрсетеді. Қытай тамыз айында Венесуэла үкіметімен құны 50 миллиард долларды құрайтын 650 ортақ жобаға қол қойды. Ресейдің «Руснефть» компаниясы да мұнай саласында ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар Боливия мен Кубаның «Альба» сынды аймақтық органдары да Венесуэлаға қолдау көрсетіп отыр. Нәтижесінде, Венесуэла дағдарыстан шығатын ықтимал бар. Елдің ішінде де Мадура үкіметі мен Құрылтай жиналысы ішкі бірлікті арттырып, экономикалық дағдарыстан шығу стратегиясын ойластыруда. Қорыта айтқанда, Венесуэла шиеленісті жағдайды бастан кешіп отыр. Венесуэла өзгерістеріне қатысып отырған тараптар жеңімпаз болып шығуға талпыныс жасауда. Алайда, бұл өзгерістерде кім жеңіске жетсе де, тынышсыздықтардың ең үлкен зардабын Венесуэланың қарапайым халқы көреді деп айтуға болады. Егер, жеңіске АҚШ қолдайтын тарап жетсе, бұл елдің халқы, тіпті бүкіл Латын Америкасы халықтарын белгісіз келешек күтеді. Сонымен қатар, егер бұл тартыстар жалғасатын болса, азамат соғысы басталуы да мүмкін.