Индонезиядағы тәкфирлік және ваххабиттік ойларды таратушы партияларға шолу
(last modified Thu, 14 Sep 2017 05:54:12 GMT )
Қыр 14, 2017 11:54 Asia/Almaty
  • Индонезиядағы тәкфирлік және ваххабиттік ойларды таратушы партияларға шолу

Индонезия мен Малайзияға қатысты өзгерістер туралы бағдарламаның жалғасын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл бағдарламаның жетінші бөлімінде Индонезияда тәкфирлік және ваххабиттік ойларды таратушы партияларға шолу жасаймыз.

Индонезия Президенті Джоко Видодо осы елдің ресми идеологиясы «Панкасилаға» қарсы топтардың белсенділігіне тыйым салу жарлығын шығарып, «Хезб ут-Тахрир» сияқты реакцияшыл әрі экстремист топтардың белсенділігіне қарсылығын көрсетіп, осы жолда маңызды жетістіктерге қол жеткізсе де, саяси, діни, тіпті қауіпсіздік орталар Индонезиядағы экстремизмнің  тамырлары жайлы ескертулер жасады. «Хезб ут-Тахрир» бұл елде ресми түрде жұмыс істеп жатқан партия болғанымен, Индонезияның қауіпсіздік басшыларының айтуынша, бұл партия елде «Ислам халифатын» құруды көздейді.  Бұл елдің халқы – бейбіт халық. Алайда 70 жылдардан бастап Сауд Арабиясы ең көп халқы бар ислам елі ретінде  Индонезияға мәдени және діни шабуылды бастағанда елде қатігездік пен экстремизм тамыр жайды. Сауд Арабиясы әртүрлі құралдарды пайдалану арқылы Индонезияның діни, мемлекеттік және білім беру жүйесіне бойлай енуге күш салды. Джакарта үкіметі де Сауд Арабиясы үкіметімен қарым-қатынас аясында Индонезияда ваххабиттік белсенділіктерге тыйым салу үшін қатаң шара қолданбады.  

Индонезиядағы дін және қажылық саласын зерттеуші Дови Дарманди: «Индонезия Сауд Арабиясының ваххабизмді тарату талпыныстарын тоқтатқысы келмейді, өйткені бұл ел Сауд әулеті индонезиялықтардың  қажылыққа бару үлесін шектейді деп қорқады»,-дейді.

Шын мәнінде, ваххабизм Индонезияда бұрынғы диктатор Сухартоның билігі кезінде қатты дамыды. Сол кезде елдің көптеген жастары білім алу үшін Сауд Арабиясына аттанған. Жалпы алғанда Сауд әулеті режимінің ваххабизмді Оңтүстік-шығыс Азияға тарату мақсатында қолданған тәсілдерін төмендегідей санамалауға болады: біріншісі –   индонезиялық оқушыларға осы елдің іші мен Сауд Арабиясындағы діни медреселерде оқуға грант бөлуі. Сауд Арабиясының Индонезиядағы ең белсенді  орталығы – араб-исламдық зерттеулер институты. Ол студенттерге грант бөліп, тегін оқытып, шәкіртақы төлейді. Студенттер білім алу үшін Сауд Арабиясына барып, Индонезияға қайтып оралғаннан кейін мемлекеттік және діни орындарда маңызды лауазымдарға тағайындалады деседі.

Сауд Арабиясының Индонезияда ваххабизмді тарату үшін қолданған екінші тәсілі мешіттерді, діни оқу орындары мен діни орталықтарды пайдалануы болды. Үшінші тәсілі – кітаптар мен брошюралар шығаруы, сонымен қатар Индонезияда шиіттерге қарсы пәтуа шығаруы. Бұл соңғы жылдары кейбір экстремистердің Индонезиядағы шиіттерге ауқымды түрде шабуыл жасауына себеп болды.

«The Washington Post» газеті жуырдағы санында Фарид Закарияға сілтеме жасап: «Сауд әулеті ислам әлемінде дүние жүзін қатігездік пен тынышсыздыққа итермелеген  «ваххабизм» атты құбыжықты тудырды»,-деп жазды.

Саудиялықтардың ваххабизмді тарату үшін қолданатын төртінші құралы мен тәсілі – қасиетті қалаларды теріс пайдалануы. Сол арқылы ол қарапайым халықты алдау үшін өзінің дінді бұрмалаушылықтары мен жаңсақ ырымдарына  шынайы сипат үстейді.

Сауд әулетінің бесінші тәсілі – мұнайдан түсетін табысты пайдалануы. Жылына ваххабизмді тарату үшін миллиондаған доллар бөлінеді. Индонезияда қайырымдылық қорларын құру және бұл елдің түкпір-түкпіріне арнайы қаражат жіберу – Сауд әулетінің осы орайда қолданатын тәсілдері. «Джакарта пост» газеті: «Индонезиядағы адам құқығын қорғау топтары ваххабизмді таратып, шиіттік азшылыққа тиісуді қалайтын Сауд Арабиясының орасан зор қаражатына қатысты алаңдаушылық білдіреді»,-деп хабарлады.  

Ойланарлық жайт мынада: Сауд әулетінің билеушілері өздерінен із қалдырмау үшін белгілі бір топты қолдамайды, керісінше, жалпы түрде өздерінің экстремистік ойларын таратумен айналысып жатыр. Индонезияның кейбір діни топтары мен қайырымдылық қорлары Сауд Арабиясынан қаражат алып тұрса да, Сауд әулеті билеушілерінің негізгі саясаты «Хезб ут-Тахрир» мен «Джебхейе модафеан-е ислам» (Исламды қорғаушылар майданы) сияқты экстремистік топтарды дайындап шығаратын  діни медреселер, діни орындар мен білім ордаларын пайдалану болып отыр.

Малайзияның Оңтүстік-шығыс Азия істері жөніндегі сарапшысы Денис Игнантиус IRNA-ға сілтеме жасап: «Индонезия мен Малайзияда ваххабизмнен туындаған экстремизмнің жоқтан пайда болмағаны анық. Оның тамыры Оңтүстік-шығыс Азияда емес. Қауіпсіздік мамандарының пікіріне сәйкес, ваххабизмдің Сауд Арабиясы Оңтүстік-шығыс Азияға әкелген. Бұл ағым исламды өте саяз әрі қатігез сипатта тәпсірлейді»,-деді.

Сауд Арабиясы Индонезияда ваххабизмді таратуға 50 жылға жуық талпыныс жасағына қарамастан, өздері күткендей жетістікке қол жеткізе алмады. Мұның себептері ретінде төмендегіні айтуға болады: біріншіден, Индонезия халқы ваххабизм мен салафизмді экстремизм және соғысқұмарлықпен бірдей санайды. Бұл олардың рухымен мүлде үйлеспейді; екіншіден, Индонезияның ауылдарындағы халықтың ой-санасы жергілікті сенімдер мен исламдық тағылымдардың қосындысынан тұрады. Бұл Сауд Арабиясының исламға қарсы идеологиясымен мүлде қиыспайды; үшіншіден, Индонезияда ваххабизмге кедергі болған нәрсе «Нехзат ул-Олама» ұйымы сияқты исламдық топтардың залалсыздандыру әрекеті болды; төртіншіден, Сауд әулетінің билеушілері мен жұмыс берушілердің индонезиялық жұмысшыларға, соның ішінде әйелдер мен қыздарға нашар қатынас көрсетуі және жуырда бір қызметкер әйелдің қаза болуы Индонезия халқы арасында Сауд Арабиясына деген жиіркеніш пен ашу-ыза тудырды. Сол себепті, Сауд әулетінің билеушілері ваххабизмді бүкіл Оңтүстік-шығыс Азияға тарату үшін Индонезия мен Малайзиямен шектелмей, Таиландты да нысанаға алуға күш салды.

Қырғыз сарапшысы Қадір Мәліков Centrasia.ru сайтына сілтеме жасап: «Сауд Арабиясының діни орталары ваххабизмді әртүрлі елдерге таратуды көздеп отыр. Сауд әулеті режимі ваххабизмді өзінің мүдделерін ілгерілету құралдарының бірі ретінде қолдануда»,-деді.  

Қалай болғанда да, Батыс орталар халықты алдайтын сараптамалар жасап, коммунизмнен кейін ваххабизмді дүние жүзі қауіпсіздігіндегі маңызды түйткіл деп атады. «Нью Йорк Таймс» газеті осы туралы: «Сауд Арабиясының  ваххабизмді тарату жолындағы талпынысы әлемде экстремизм мен терроризмді өршіте түседі»,-деді.    

Алайда Сауд Арабиясының АҚШ-тың одақтасы екенін және ваххабизмнің шын мәнінде лаңкестік топтардың идеологиясы екенін естен шығармау керек. АҚШ бұларды өзінің мақсаттары мен мүдделерін ілгерілетудің құралы ретінде пайдаланып, оларға қолдау көрсетеді.

АҚШ-тың Брукингс институтының маманы Уильям  Мак Кантс: «Сауд әулеті әлемге қатерлі ваххабизм көзқарасын тарату арқылы соғыс отын тұтатушының рөлін атқаруда. Бір қызығы, Сауд Арабиясы терроризммен күресте АҚШ-тың стратегиялық серіктесі болып табылады»,-деді.

Қалай болғанда да, әртүрлі аймақтарда, соның ішінде Индонезияда ваххабистік ойлармен күресу қоғамды, әсіресе жас буынды хабардар ету арқылы түбегейлі де кесімді түрде қатынас көрсетуді қажет етеді. Бұл жолда үлемдердің жауапкершілігі ауыр.  

Тегтер