ДАИШ-тың жойылуынан бергі кері санақ (2-ші бөлім)
Бұл бағдарлама Ирак пен Сирия армиясы мен халықтық ерікті күштерінің жеңісі тұрғысында, сондай-ақ ДАИШ-тың үздіксіз жеңілісі мен батыс үкіметтерінің Cириядағы оқиғаларға қатысты көзқарасының өзгеруіне арналады.
Алдыңғы бағдарламада ДАИШ-тың жеңілісі мен Батыс елдерінің Сириядағы өзгерістерге деген көзқарастарының өзгеруі жайында айттық. Сирия мен Ирак армиясы және халықтық ерікті күштерінің жеңістері майдандық теңгерімдерді қарсыластық ағымдарының пайдасына өзгертті. Саяси деңгейдегі бұл жеңістер тәкфіршіл-лаңкестердің қолдаушыларының да ұстанымдары мен саясаттарының өзгеруіне соқтырды. Ақиқатында лаңкестерді қолдаушы елдердің демократия мен азаттық қалау мақсаттарының бүркемесімен Сирия үкіметін құлату және Ирактың Орталық үкіметін әлсірету мүдделері күшін жоғалтты. Лаңкестікті қолдаушыларға Ирак армиясы мен халықтық ерікті күшінің жеңісін қабылдап, ДАИШ тобындағы ұстанымдарынан бас тартудан басқа жол қалмады. Олар 2014 жылы ДАИШ Мосул қаласын басып алған соң, ДАИШ пен қарсыласуға бағытталған коалиция құрды. Еуропаның көптеген елдері мен мұхит жағалауындағы және Таяу Шығыс елдері бұл коалицияның мүшесі болды. Алайда, коалиция ДАИШ-қа соққы берместен бұрын, АҚШ пен оның аймақтағы одақтастарының, әсіресе сионистік режим мен Арабстанның аймақтағы саясатын жүзеге асыру мақсатында мұсылмандық тәкфіршіл топтың басшылығын қолдарына алуға тырысты.
АҚШ 2003 жылы тәкфіршіл-лаңкестік қолдап, Иракты басып алу арқылы Ирак пен Сирия жерлерінің бір бөліктеріне жете алмаған мақсаттарына ДАИШ-тың көмегімен қол жеткізгісі келеді. Осындай себептермен АҚШ-тың Барлау және қауіпсіздік істері жөніндегі басшылары Мосул басып алынған соң, ДАИШ пен күресу жайында әңгіме болған жағдайда, Мосулды қайтару 10 жылға созылды деп жауап берді. Шынында да, АҚШ пен еуропалық елдер мен оның аймақтағы одақтастары ДАИШ-тың аймақтағы өмірін тұрақты етуүшін онымен күресті 10 жыл немесе одан да көп деп пайымдап, осы орайда өз пікірлерін білдіру арқылы ДАИШ-тың билігін Ирак армиясы мен халқының алдында өте жоғары әрі күшті етіп көрсетуге тырысты. Дегенмен ДАИШ тәкфіршіл-лаңкестік тобымен күрестегі Ирак армиясы мен халықтық ерікті күштері мен оның Ирандағы, Сирия мен Ливан және Ресейдегі достарының ерік-жігері лаңкестердің қолдаушыларынан да жоғары болды.
ДАИШ лаңкестері Мосул қаласын басып алғаннан кейін Иран, Сирия, Ресей, Ливан Хезбулласы ДАИШ-пен қарсыласу үшін бірлескен штаб құрды. ИИР Ирак үкіметіне консультациялық және тасымалдау қызметтерімен көмек көрсету арқылы әлемдегі лаңкестікпен күресуде қандай елдің мықты ерік-жігерге ие екенін көрсете алды. ИИР лаңкестікті қолдайды деп таңған Батыс елдерінің уәждері мен айыптауларына қарамастан, Ирактағы ИИР-ның консультациялық амалдары мен Бағдадқа жеткізілген қару-жарақ көмектері ДАИШ-тың Ирактағы жетістіктеріне тосқауыл жасады. Ирактың саяси және әскери басшылары мұны бірнеше рет мойындады. ДАИШ тек қана аймақтағы саяси жағырапияны ғана өзгертіп қоймай, сондай-ақ Иранға ықпал етіп, ИИР-да тұрақсыздық тудыруды көздеген болатын. ДАИШ Ирак пен Сирияның қауіпсіздігіне қарсы әрекеті мен ойынын бастаған күні оның және оған көмектескен елдердің ДАИШ-қа қарсы шығатын ешқандай күштері екендігіне шүбәсіз болды. Олардың көзқарасы бойынша аймақты Осман мен Бани Аббас империясы басқарған заманға қайта келтіру табиғи жағдай болды. Соның негізінде эр-Рияд пен Анкара ДАИШ-ке арнайы қарастырылған мүмкіндік ретінде көмектесті. 2014 жыл Мосулды басып алу үдерісінде Түркия өз дипломаттары мен азаматтарын оңай түрде Мосул қаласынан шығарып, ДАИШ-тың көз алдында өзінің бөлімшесін Киркук қаласының батысында орналасқан Башиғеге жіберді. Ирак үкіметінің ресми наразылығына бұл аймақтан қандай жағдайларда кетпейтінін анық жеткізді. Түркия Премьер-министрінің уақытша орынбасары Наман Кур Талмуш та Ирактық үкіметтің наразылығына: «Осман дәуірінің соңғы күндеріне қатысты Лозанна келісімі біздің жерімізге кіруге мүмкіндік береді»,-деді. Мұхаммед бен Салман ДАИШ-тың Иракқа қарсы шабуылының үдерісі жайында ДАИШ-ты әділетсіздікке қарсы көтерілген сүниттік қозғалыс деп атады. Осы жағдайлардан басқа да Арабстан мен Түркия Барлау қызметтерінің ДАИШ-пен байланыстары жайында баяндалған құжаттар жетіп артылады.
Мосул басып алынғаннан үш жылдан соң да АҚШ пен Еуропа елдері және ДАИШ-ты қолдаған аймақтық елдер көздеген мақсаттарына жете алмай, керісінше аймақтағы тәкфіршіл-лаңкестікке қарсы қарсыластық өзегі күшінің артқанына куә болды. Ирак пен Сирия армиясының жанындағы халықтық ерікті күштерінің ДАИШ пен күрес және олардың артқа шегінуіндегі рөлі өте ықпалды әрі маңызды болды. ДАИШ-тың Мосулдағы соңғы бекінісі құлаған кезде ДАИШ ешқандай қарсыласуға шамасы жоқекендігін түсініп, егер жағырапияны сақтағысы келген жағдайда орны толмас шығынға баруға тура келетінін түсінді. Мосулдың батысында қолға түскен ДАИШ қолбасшыларының бірі әртүрлі азат етуші күштер туралы айтып: «Егер тұтқынға түспегенімізде,Мосул жерінің бірі миллиметрін де біздің қолымыздан ала алмайтын едіңдер»,-деді. Ирак пен Сириядағы халықтық ерікті күштер бар ынта-жігерлерімен соғысты. Сонда ДАИШ лаңкестік тобының осындай өлім мен жеңілісті білмейтін күштерге берілуден басқа амалдары қалмады. Тәкфіршіл ағыммен күрескен Ирак пен Сирия халқына көмекке барған Иран мен Ауғанстан және Ливан азаматтарының бойында өз өзіне сенімділік пен иманның рухы өте күшті болды. Сонымен қатар, ауқымды инвестиция салып, ДАИШ-ты құрған АҚШ пен оның аймақтағы қарсыластары оп-оңай беріле салғандай көрінеді. Дегенмен, ДАИШ басшылары мен Барлау қызметтері де және оның пайда болуына әсер еткен елдер де ДАИШ-тың әскери жеңіліс арқылы толығымен жойылып кеткенін қаламайды. Сол себепті де ДАИШ-тың артқа шегінуі тәкфіршіл-лаңкестік топ ағымының жоғалғанын білдірмейді.