Бірлік имам Хомейни мен Ислам революциясының қазіргі жетекшісінің көзқарастары тұрғысынан
(last modified Mon, 11 Dec 2017 11:50:48 GMT )
Жел 11, 2017 17:50 Asia/Almaty
  • Бірлік имам Хомейни мен Ислам революциясының қазіргі жетекшісінің көзқарастары тұрғысынан

Имам Хомейни мен аятолла Хаменеи – қазіргі заманның ұлы реформаторлары. Олар ислам үмбетін интеграциялау үшін әсерлі жолдар ұсынып, өздері де саяси майданға араласып, осы жолдардың көбін жүзеге асырды.

Бірлік апталығы бірлік тақырыбы, оның практикалық жолдарын талқылау және бос ұраншылдықтан жоғары болуға берілген мұрсат болып табылады. Бірліктің өзіндік күрделілігі бар. Тарихтың беттерін парақтағанда сейіт Джамаледдин Асадабади, шейх Мұхаммад Абде, аятолла Бруджерди, шейх Шалтут, сейіт Құтб, имам Хомейи және аятолла Хаменеи сияқты реформаторларды кездестіреміз. Олар бірлесу ұранын көтеріп, бірлік пен тілеулестік тудыру үшін жылдар бойы талпыныс жасады.

Имам Хомейи – қазіргі заманның ұлы реформаторларының бірі. Ол ислам үмбетін интеграциялау үшін әсерлі жолдар ұсынып, өзі де саяси майданға араласып, осы жолдардың көбін жүзеге асырды. Имам Хомейидің көзқарасы бойынша, исламдық бірліктің ең маңызды жолы ислам үкіметін құру болды. Ол бірлік ұғымын баяндауда бірге болуды және хақ жолында ереуілдеу қажеттігін көтеріп, шынайы бірліктің Құдай жолында ереуілсіз мән-мағынасы жоқтығын еске салды.

Имам Хомейи

Құран Кәрім бойынша, адамдар жаратылысынан бірлікке ие, өйткені Құдай оларды бір деммен жаратты. Жаратылыстағы бірлік біртұтас үмбеттің қалыптасуына негіз болады. Құран Кәрім тұрғысынан адамдардың біртұтас үмбеті зұлымдық, дүниеқоңыздық, сектанттық, дұшпандардың іріткі салуы және шайтанның алдап-арбауы сияқты себептермен ыдырап кетеді. Құран бірлікті қайта қалыптастыру үшін исламның қасиетті рәсімдерімен қатар бауырластық, қайырымдылық, мейірімділік, рақымшылық, құт-береке мен бейбітшілікті ұсынады. Имам Хомейи осы тақырыпты еске салып: «Исламдінінде мұсылмандар бір-біріне бауыр. Сондықтан, ислам үмбеті – исламдық бауырластық қатынасына ие болып,исламның рәсімдерін ұстанатын адамдардан тұратын қоғам» деді.

Имам Хомейни көп жерде исламдық бірлік ұғымының мағынасын әртүрлі топ пен мазхабқа жататын мұсылмандардың исламның рәсімдері негізінде басқосуы деп түсіндірген. Бұл мағынаны жүзеге асыру үшін олар өз мазхабтарынан шығып, басқа бір мазхабты таңдануы қажет емес. Өйткені, олай істеудің қажеті жоқ. Мұсылмандар ортақ діни элементтерге сүйене отырып, ислам одағын құра алады. Бұл мақсатқа жету үшін олар тым болмағанда ислам үмбетіне қатысты істерде кең түрде ойлап, мазхаб, ұлт пен тіл шекараларынан жоғары тұрып, іс жүзінде ислам мен мұсылмандардың ортақ мүдделерін жеке мүдделерден басым санауы керек.

Имам Хомейидің көзқарасы бойынша, мұсылмандардың қайшылықтары мен араздығы – үлкен дерт. Бұл тек шиіт мазхабы мен сүннит мазхабына да, ханафи мазхабы мен басқа да ағымдарға сенбейтін адамдардың мүддесіне сай. Олар анау да, мынау да болғысы келмейді. Олар осы екеуінің арасына іріткі салуды өз жолы санайды. Біз мына мәселеге назар аударуымыз қажет: біз бәріміз мұсылманбыз, бәріміз Құран мен таухидті қабылдаймыз. Сондықтан осы екеуі үшін тер төгіп, қызмет етуіміз керек».

Имам бұл қайшылықтардың тамырын табиғатта, географияда, жергілікті тіл мен мәдениетте, бәрінен маңыздырақ үстемшілдердің қастандықтары мен айла-шарғыларында деп санаған. Олар қайшылықтар мен сектанттықты күшейтіп, айырмашылықтарды әсірелеп көрсетуге күш салып жатыр. Сондықтан, ислам елдері арасындағы қайшылықтар принциптер мен стратегиялық тәсілдер негізінде жойылуы тиіс. Диалог, түсіністік, жақындасу, ортақ сезім, ортақ тағдырға сену бірлікті қалыптастыратын факторлар болып табылады. Имам: «Егер мұсылмандар исламның алғашқы ғасырларында ие болған қадір-қасиетке қайта қол жеткізсе, ислам мен бірліктің шынайы мәніне бет бұрады. Ол кезде бірлік метафизикалық күш пен батылдықты тудырған Исламның негізінде құрылған (Хомейни, х.ш.ж.с.б. 1368, 5-том, 32-бет)»,-деген болатын.

Исламның бірлігін имам Хомейни үлкен арман санаған. Сондықтан ол: "Иншалла, бір күні барша мұсылмандар бір-бірімен бауырласады. Мұсылман елдерінің барлығында жемқорлықтың тамыры түбірімен жойылады. Израильдың осы бұзылған тамыры әл-Ақса мешіті мен біздің ислам елімізден жойылады. Иншалла, бәріміз бірге Құдста намаз оқитын боламыз»,-деген.

Имам Хомейни қайтыс болғаннан кейін Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ол көтерген туды жоғары ұстап, исламдық бірлікті өз қозғалысының өзегі етіп ұстанып: "Егер ислам үлемдері Құранда айтылған "Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік" (Хадид сүресі, 25-аят) деген аяттарды қабылдайтын болса, әділет орнату, зұлымдықты жою, адам баласы үшін салауатты тұрмыс жағдайын жасаудың діндердің мақсаты екенін түсінеді. Демек, қозғалыс ислам билігін орнатуға бағытталуы тиіс. Ислам елдері мен қоғамдарында исламдық билікті орнатуға болады",-деді (Ислам революциясы жетекшісінің «Исламдық бірлік» конференциясына қатысқан қоғамдық және әскери қолбасшылармен кездесуде жасаған баяндамасы, 16.07.1369).

Құдайға серік қосу негізінде қалыптасқан қоғамда әлеуметтік топтар да бір-бірінен бөлініп, бөлек қалған. Таухидтік қоғамда жаратылыстың бастауы, болмыстың иесі, әлемнің сұлтаны және өмір, мәңгілік пен күш-құдіреттің иесі бір саналады. Әлемдегі барлық қозғалыстар мен құбылыстар оның еркі мен құрдіретіне қарыздар. Мұндай қоғамда адамдар бір-біріне туыс, өйткені бір Құдаймен байланыста, бір жерге бас иіп, бір жерден көмек сұрайды. Сол себепті Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, ислам әлемінің өсіп-дамуы ислам үмбетінің бірлігінсіз жүзеге аспайды: "Ислам үмбеті жеңісінің құпиясы – бірауыздылық. Егер ислам үмбеті ғылым, материалдық даму, өз тағдырын басқару, бөгделердің үстемдігінен құтылу, ішкі және сыртқы әл-ауқат пен бақытқа жеткісі келсе, оның жолы – таухид пен бірауыздылық".

Аятолла Хаменеи

Ислам әлеміндегі қиыншылықтарды шешіп, саяси-экономикалық және мәдени тәуелсіздікке жетудің маңызды жолдарының бірі – біртұтас исламдық майдан құру. Ислам революциясының жетекшісі осы жөнінде: "Әлем мұсылмандары бірігуі тиіс, бір-бірімен жауласпауы керек. Барша мұсылманның негізі өзегі Құдайдың кітабы, пайғамбардың сүннеті мен ислам шариғаты болуы тиіс. Мұсылмандар өз өмірінің іргетасын ислам мен Құран арқылы нығайтуы тиіс. Сонда өмірдің барлық кезеңдерінде сәтті болады. Тарих бойында мұсылмандар бірігіп, бірауыздылықты сақтап, ислам мен Құран негізінде әрекет еткен кезде дұшпандардың айла-шарғысы оларға әсер етпеді. Олар үстемшілдердің барлық қастандықтарын залалсыздандырды",-деді.

Исламдық бірліктің практикалық жарлығы ішкі және аймақтық жағдай негізінде мемлекеттер, ұлттар, жалқы топтар мен ислам елдерінің таңдаулылары арасында көбірек байланыс пен бірлік орнауы үшін қолайлы негіз бола алады. Бұл жарғыны дайындау Ислам революциясының ұлық жетекшісі тарапынан ислам әлемінің үлемдері мен ойшылдарына тапсырылған міндет болып табылады. Имам Хомейни мұсылман үлемдер мен ойшылдардың исламдық бірліктің жарғысын тарихи қажеттілік ретінде дайындауы тиістігін айтқан болатын. Егер бүгін осы міндет атқарылмаса, келесі ұрпақ бізді айыптайтын болады" (Ислам революциясы жетекшісінің жүйе қызметкерлерімен кездесуінде жасаған баяндамасы, 17/01/1386).

Ислам революциясының жетекшісі ислам қоғамдарында бірлік пен біртұтастықты қалыптастыру үшін исламдық басқарудағы ислам үмбетінің бірлігі мен біртұтастығы элементтерінің кейбіреуін ерекше қуаттаған. Ол мұсылмандардың эгоизмі мен дүниеқоңыздығымен күресу, әлемнің жалған жүйесіне тізе бүкпеу, ислам әлемінің географиялық жағдайын пайдалану, тайпалық, қауымдық және мазхабтық қатерлерден абай болу, дұшпандардың ислам әлеміне жік салу қастандығымен күресу, сионизммен күресу үшін одақ құру, ислам мемлекеттері мен ұлттары арасында түсініспеушілікті жою және одан маңыздырақ исламдық бірліктің өзегі ретінде Алла елшісінің (с.ғ.с.) тұлғасын тануды бірліктің маңызды факторларына жатқызып: "Пайғамбардың қасиетті болмысы Ислам әлемі бірлігінің басты өзегі бола алады. Ол баршаның сенім орталығы, барлық адамдардың сезімдерін шоғырландыратын жер бола алады. Бізде, мұсылмандарда пайғамбардың қасиетті болмысы сияқты осыншалықты айқын әрі баршаға ортақ ешбір тұлға жоқ. Мұсылмандардың барлығы оған сенеді. Сеніммен қоса, бір рухани байланыс мұсылмандардың жүрегі мен сезімдерін пайғамбардың қасиетті болмысына жалғаған. Бұл – бірліктің ең жақсы орталығы",-деді. Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассоциациясы мен Ахл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясы Ислам революциясы жетекшісінің бастамасымен және әртүрлі ағымдар мен мазхабтардың үлемдері мен ойшылдарының пікірлесуінің арқасында құрылған маңызды ұйымдар саналады. Бұл екі ассоциация да исламдық бірлік жобасы аясында жұмыс істейді.

Аятолла Хаменеи және ислам әлеміндегі бірлік идеясы

Исламдық ағымдардың моджтахедтерінің шығарған пәтуасының исламдық бірлік пен қайшылықтарды жоюда түбегейлі рөл атқаратыны сөзсіз. Ислам революциясының жетекшісі ілгері қадам жасап, шиіттердің сүннит имамның бастауымен намаз оқуы немесе сүннит жамағаттың намазына қатысуы туралы пәтуалар шығаруы мұсылмандардың жақтасуына жағдай жасады.

Кувейттегі шиіттердің бірі Ислам пайғамбарының жұбайларының бірі қайтыс болған күннің жылдығында сөйлеген сөзінде оған тіл тигізген кезде Ислам революциясының жетекшісі Айшаға құрметсіздік көрсетуді харам деп жариялады. Бұл шара ислам әлемінде кең түрде талқыланды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: "Сүннит бауырлардың символдарына тіл тигізу, соның ішінде Ислам пайғамбарының жұбайына айып тағу – харам іс. Бұл барлық пайғамбарлардың, соның ішінде Алла елшісі хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әйелдеріне қатысты",-деді.

Бұл пәтуа ислам әлеміндегі сүннит моджтахедтер арасында әрқилы талқыланды. Соның ішінде шейх ул-азхар Ахмад әт-Тейб бір мәлімдемесінде: "Бұл пәтуа жікшілдіктің есіктерін жауып, араздықтың алдын алу үшін қолайлы кезде шығарылды. Хазірет имам Хаменеидің сахабаларға құрметсіздік көрсету немесе Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) жұбайларына тіл тигізуді харам деп жариялаған пәтуасын мадақ айтып, қуанышпен қабыл алдым. Бұл пәтуа жік салушылардан туындайтын қатердің тереңдігін түсініп, дұрыс пайымдалып шығарылған және мұсылмандардың бірлігіне ынтаның барекендігін көрсетеді. Пәтуаның маңыздылығын арттыра түсетін нәрсе оны көрнекті мұсылман үлемдерінің бірі әрі ИИР-на жетекшілік етіп отырған ең ірі шиіт мазхабы жетекшісінің шығарғаны болып отыр...",-деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі тілеулесу және бірлесу үшін Құранға бет бұруды қуаттайды. Құранда былай деп жазылған: "Аллаға әрі оның Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейленесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында, Алла сабырлылармен бірге. ("Әнфал" сүресі, 46-аят)".

Тегтер