Қарсы топтар Сирия жүйесін саяси жолдар арқылы құлатуды көздеуде
(last modified Sat, 30 Dec 2017 06:58:57 GMT )
Жел 30, 2017 12:58 Asia/Almaty
  • Қарсы топтар Сирия жүйесін саяси жолдар арқылы құлатуды көздеуде

Сирия дағдарысы жөніндегі "Женева-8" келіссөздері 2017 жылы қарашаның жиырма сегізі басталды. Бірақ Сирия жүйесін әскери жолдармен, әсіресе лаңкестік топтардың көмегімен биліктен құлату іс жүзінде жойылған жағдайда Сирия жүйесіне қарсы топтар саяси жолдар арқылы Сирия жүйесін өзгертуге талпыныс жасауда.

Бүгінгі бағдарламамызда Сирия жүйесіне қарсы топтардың өткен жеті жылдың ішінде жүйені құлату стратегиясын жүзеге асыру мақсатында пайдаланған ең маңызды саяси айла-тәсілдері мен олардың осы дағдарыстың қазіргі жағдайындағы стратегиясын қарастырамыз.

Сирия дағдарысының шиеленісіп, ұзаққа созылуының ең маңызды себептерінің біріне Сирия жүйесіне қарсы топтарға батыс-араб-еврей-түрік тараптарының қолдау көрсетуі және олардың қазіргі жүйені билік басынан құлату мақсатында, әсіресе Башар Асадты Сириядағы биліктің басынан тайдыру үшін талпыныс жасауы жатады. Алайда Түркияның 2016 жылдың соңынан бастап бұл дағдарысқа қатысты қолданған тәсілі айтарлықтай түзелді. Бұл бағыт Сирия жүйесіне қарсы соғыс кезінде лаңкестік топтарға қолдау көрсету арқылы бір мезгілде қарсыластарға қолдау көрсету арқылы да саяси соғыс барысын қадағалап отырды. Сирия жүйесін биліктен құлату үшін пайдаланылған ең маңызды саяси жолдарды төмендегідей баяндауға болады:

1."Сирия достары" атты топ құру;

"Сирия достары" атты топ құру туралы ұсынысты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози жасаған болатын. Ливиялық топтың үлгісінен алынған және Өтпелі үкіметті құруды көздеген топ құру Сирия жүйесіне саяси қысым көрсету мақсатында жүзеге асырылды. Бірақ бұл топтың жұмысы ешқашан ливиялық топ секілді Өтпелі үкімет құруға жеткізбеді. Себебі, барлық ірі алып державалар бір бағытта әрекет еткен Ливия дағдарысына қарағанда Сирия дағдарысында аймақтық және әлемдік алпауыттардың арасында шынайы және ашық түрдегі алауыздық болды.

"Сирия достары" тобының алғашқы отырысы 70 ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 2012 жылдың наурыз айында, яғни Сирия дағдарысы басталғаннан бір жылдан кейін Тунисте өтті. Бұл конференцияда Катар мен Сауд Арабиясының өкілдері араб елдерінің әскери араласуын ұсынды. Екінші отырыс Стамбұл қаласында 83 ел және халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өтті. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри бұл отырыста: "Бұл қару-жарақ әсірешіл топтардың қолына түспес үшін қажет жағдайда мұқият болуға талпыныс жасаймыз",- деп мәлімдеді. Алайда іс жүзінде қару-жарақ ДАИШ және "ан-Носрат" майданы секілді салафиттік әсірешіл топтардың қолына түсті. Үшінші отырыс алдыңғы екі отырыспен салыстырғанда азырақ өкілдердің қатысуымен, нақты айтқанда 50-ден астам мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен Парижде өтті. Гаага, Токио, Рабат, Доха, Оман, Лондон, Париж, Стамбұл – "Сирия достары" атты отырыстың кейінгі кезеңдері өткізілген қалалар.

Бұл отырыстар өтпелі үкімет құруды мақсат етуімен қоса, қарсыластар арасында үйлесімдік пен бірлік тудыруды да көздеді. Сол себепті, Марокконың астанасы Рабат қаласында өткен алтыншы отырыста Ахмад Моаз әл-Хатиб басқарған Сирия жүйесіне қарсы топтың коалициясы ресми түрде мойындалды. Катар және Франция секілді мемлекеттер де бұл отырыс кезінде өздерінің Сириядағы елшіліктерін қарсыластардың қарамағына ұсынды. Осылайша, отырыстар барысында Сирия жүйесіне қарсы топтарды күткен нәтижелерге, яғни, өтпелі үкіметті құруға және қарсы топтар арасында үйлесімдік тудырып, бірлікке жеткізе алмады.

 

2.    Женевада Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің бақылауымен халықаралық отырыстар өткізу;

Сирия жүйесіне қарсы топтардың бұл елдің жүйесін құлату мақсатында пайдаланған келесі әдісіне Швейцарияның Женева қаласында отырыс өткізуді атауға болады. Алғашқы Женева келіссөздері "Сирия достары" атты бірінші отырыстан үш айдан соң өтті. "Женева-" келіссөздері 2012 жылдың маусым айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен кейбір араб елдері және Түркияның қатысуымен өткізілді. Бірақ оған ИИР мен Сауд Арабиясы қатысқан жоқ. Бұл отырысқа қатысты айтылған ең маңызды сындардың біріне Сирия дағдарысын шешу үшін "Женева-" келіссөздерінің мәлімдемесі қалыбындағынұсқалықтықты атау керек. Бұл нұсқаулықтың маңызды мақсаты Сирияда Башар Асадтың қатысуынсыз өтпелі үкімет құру болды. Сондықтан, бұл мәлімдеме ешқашан Сирия жүйесі және оның кейбір одақтастары, әсіресе ИИР тарапынан қабылданбады. Келіссөздердің екінші отырысы бір жарым жылдан кейін 2014 жылы қаңтардың жиырма екісі күні Швейцарияның Монтре қаласында өтті. Отырыстың ең маңызды ерекшелігі бастапқыда БҰҰ-ның ИИР-н отырысқа қатысуға шақырып, бірақ АҚШ пен кейбір араб елдерінің қысымдарынан кейін шақыруын қайтарып алғаны болып табылады. БҰҰ-ның дәл осы әрекеті көптеген сарапшылардың "Женева-2" келіссөздерінің құрылмай жатып, сәтсіздікке ұшырағаны туралы пікір айтуына себеп болды. Басқа сарапшылар Иранды "Женева-2" келіссөздеріне келмеген қатысушы деп атады. Себебі, ИИР-дың Сирия дағдарысында айтарлықтай ықпалға ие болғаны соншалықты, Иранның қатысуынсыз бұл дағдарыс туралы шешім қабылдау мүмкін емес еді. Сол себепті, 16 айдан кейін 2015 жылы мамыр айында өткен "Женева-3" келіссөздерінде ИИР алғаш рет келіссөздерге қатысуға шақырылды. Сирия дағдарысы үшін 2017 жылды саяси тұрғыдан оқиғаларға толы жыл деп атауға болады. Себебі, Ресей, Иран және Түркияның бақылауымен Сирия үкіметі мен қарсыластардың қатысуымен "Астана келіссөздерімен" қатар, сол жылы Женева келіссөздерінің бес кезеңі өткізілді. "Женева-4" келіссөздері 2017 жылы ақпанда, "Женева-5" келіссөздері наурызда, "Женева-6" келіссөздері мамыр айында, "Женева -7" келіссөздері шілде айында өткізілді. Айта кететін маңызды жайт, Женева келіссөздерінің 4-7 отырыстары "Астана келіссөздері" және Сирия жүйесі мен оның одақтастарының майдандық жеңістерінің нәтижесінде өткізілді. "Женева-8" келіссөздері осы жылдың қараша айында басталды. Бірақ алғашқы кезең ешбір нәтижеге қол жеткізбестен аяқталды. Бұл келіссөздердің екінші кезеңі  желтоқсанның бесі басталып, он бесінде аяқталуы тиіс болған.

Женева келіссөздері неліктен Сирия дағдарысын тоқтата алмай жатыр?

ДАИШ Сирияның бақылауындағы шамамен барлық аймағынан айрылып, Сирия әскері мен оның одақтастары осы аймақта өз билігін орнатып, алдағы бірнеше айда басқа лаңкестік топтардың толығымен құлайтынын анық білген жағдайда саяси келіссөздер, әсіресе Женева келіссөздері Сирияның қауіпсіздік саласындағы өзгерістері секілді ілгерілемей жатыр. Женева келіссөздері Сирия дағдарысын доғарып немесе оның қарқынын азайтатындай нәтижеге жеткізбейтінін айтқан жөн. Мұның алғашқы дәлелі Женева келіссөздерінің болмысы Сириядағы болашақ билік жайлы болып отыр. Бұған жаңа Конституция, Өтпелі үкімет құру және сайлаулар секілді мәселелер жатады. Аталған мәселелердің әрқайсысы жайлы шешім қабылдау Сирияның болашақ билігінің құрылымындағы тараптардың алатын үлесі мен салмағын анықтауға байланысты. Айта кететін маңызды мәселе мынада: Сирия жүйесіне қарсы топтар әлі де "Женева-8" келіссөздерінде Башар Асадтың қатысуынсыз Сирия үкіметін құру туралы ақылға қонбайтын талап қоюда. Бұл Башар Асад Сирияны лаңкестік топтар тарапынан территориялық тұрғыдан бөлшектенуден аман сақтап қалған жағдайда орын алып отыр. ДАИШ пен басқа да лаңкестік топтардың Сирияда жеңіліс табуы және бұл елдің территориялық тұтастығын сақтау Сирия билігінің басында тұрған Башар Асадтың қатысуынсыз мүмкін емес еді. Сирия жүйесіне қарсы топ "Асадсыз Сирияны" құруды өздері Сирия жүйесіне қарсы қатты жеңіліс тапқан жағдайда көздеп отыр.

Қорытындылай келе, "Сирия достары" атты отырыстар секілді өз ерекшелігі мен функциясынан айрылып, олардың тиімсіздігі дәлелденген Женева келіссөздері де қарсылас топтар мен олардың демеушілерінің ақылға сыймайтын тәсілінің жалғасуымен тез арада аяқталып, Сирия дағдарысының Астана келіссөздерінің көмегімен шешіліп, аяқталатынын күтуге болады. Бұл жағдайда тек Батыстың алып державаларын ғана емес, тіпті БҰҰ-н да Сирия дағдарысының жеңіліс тапқан тарабы деп атаған жөн. Себебі, Сирия істері жөніндегі Женева келіссөздері  Батыс алпауыттары мен БҰҰ-ның бақылауымен өткізіліп жатыр.

 

Тегтер