Иран Ислам революциясының жылдығы 2
(last modified Fri, 02 Feb 2018 05:39:54 GMT )
Ақп 02, 2018 11:39 Asia/Almaty

Иран Ислам революциясының жеңісімен жаңа кезең басталды. Оның негізгі тақырыбын бірлік құрады. Бірлік – қысқа мерзімде құдыретті режимді жеңген Ислам революциясы жеңісінің ең маңызды факторы. Имам Хомейнидің айтуынша, Иран Ислам революциясы жеңісінің ең маңызды факторы "илаһи өзгеріс" саналады.

Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейни: "Ислам халқы бар күшін салып, Исламды қорғауға көтеріліп, патша кезінде қалыптасқан дұшпандық режимнің әсерлерін жойды. Бұл халық Ислам дініне деген иманды қорғау және жеңісті қамтамасыз ету жолында жанкештілік білдірді. Бұл халық – өз тағдырының иесі. Біз халықтың күресін жеңіспен, дұшпанның сәтсіздікке ұшырауымен аяқтайтындығына сенімдіміз",- деген болатын.

Ауызбіршілігі мен илаһи иман – әр халықтың жеңіске жетуінің факторы. Ислам революциясы жеңісінің факторы да жүйе мен халықтың барлық саладағы бірлігі болды. Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи Иран Ислам революциясының негіздері туралы: "Кез келген революция орын алу үшін ой-пікір мен адами фактор қажет.   Ой-пікір факторы – революция сүйенген идеологиялық мектептің өзі; адами фактор – халық пен діни басшы. Бұл үш фактор біріккен кезде революция орын алады",- деді. Ислам революциясының жетекшісі ислам революциясының келесі негізі ретінде имам Хомейнидің басшылық күш-қуатын атап: "Имам діни және илаһи басшыға қажет барлық ерекшеліктерге ие болып, Ислам революциясының туын өз қолына алып, әлемге өзінің пайғамбардан үлгі алған билігін көрсетті",- деді.

Әлемде орын алған революциялар, әсіресе Францияның революциясы туралы көп зерттеу жүргізген франциялық аналитик Мишель Фуко Ислам революциясы кезінде Иранға сапар шеккен. Ол Иранға келген кезде діни басшының құдыреті мен халықтың революциялық өзгерістердегі рөлін жақыннан көріп: "Имам Хомейни – харизмаға ие жетекші. Ешбір революцияда мұндай басшы болмаған. Өйткені, ол халықпен терең әрі жақын байланыста болды. Ешбір бір елдің үкімет басшысы немесе саяси басшысы дүниежүзінің барлық ақпарат құралдарының қолдауына ие болғанымен, имам Хомейни сынды беделге ие бола алмайды",- деп мойындады. Ислам революциясының тарихы Иран халқының бірлігі және біртұтастығымен өткен 40 жылда Иран халқына қарсы қастандықтарды сәтсіздікке ұшыратты. Табыстардың негіздерінің бірі дәл осы бірлікте.

Ислам револдюциясының жетекшісі 19-шы дей күнгі көтерілістің жылдығында сөйлеген сөзінде Иран халқына қарсы қастандықтар мен АҚШ-тың сәтсіздіктеріне тоқталып: "АҚШ ызалы... қатты ызалы. Кімге ызалалы? Олар сіздерге, Иран халқына, Иранның үкіметі мен Иранның революциясына ызалы. Неге? Өйткені, сәтсіздікке ұшырады. Үлкен қозғалыстан жеңілді. Олардың негізгі мақсаты белгілі. АҚШ-тың бұрынғы үкіметі мұны бетке айтқан емес. Бірақ, олардың да мақсаты осы болды. Яғни, Ислам республикасын құлатуды көздеді. Олар енді еш нәрсеге назар аудармай, мақсаттарының Ислам республикасын құлату екені туралы ашық айтуда. Алайда, Иран халқының революцияшыл тарихы исламдық Иранның әлемге танымал болып, әлемдік үлгіге айналуына пәк Исламның құндылықтары мен негіздеріне сүйенетін жолға түсуі себеп болғанын көрсетті. Иранның Ислам республикасы жүйесі Иран халқы бірлігінің үлгісі болуымен бірге ислам әлемі бірлігінің  аясында қадам  басуда",- деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясына қатысушылармен кездесуінде ислам әлемінің бірлігінің маңыздылығына тағы тоқталып, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның тағылымдарына сүйенуді ислам үмбетінің ішкі және аймақ пен халықаралық мәселелерден шығуына себеп болатындығына тоқталып: "Егер ислам әлемі ғиззат пен құдыретті қаласа, бірлік пен табандылықты өз негіздері ретінде таңдауы керек",- деп қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани халықаралық   31-ші "Исламдық бірлік" конференциясында сөйлеген сөзінде мұсылмандардың бірлігінің қажеттігін қуаттап: "Баршамыз жылдар бойы талпыныс жасауымыз керек. Біздің міндетіміз – отаршылық пен үстемдіктің арамызда қалдырған жараларын емдеп, соларға көбірек назар аудару",- деді.

 

 

Тегтер